Шымкент: заң талаптарын орындамаған дүкен иелері айыппұл төлейді
Шымкенттегі барлық дүкен иелері аса қажетті деген 9 түрлі тауардың шектік бағасын қолдан өсірмеуі қажет. Бұл Шымкент қаласы әкімінің өкімі. Бүгіннен бастап, салалық мекемелер оларға рейд жүргізіп, заң талаптарын орындамағандарға 100 айлық есептік көрсеткіштен басталатын айыппұл төлететін болады.