Шымкентте қылмыс деңгейі 39 пайызға төмендеді

Бүгін Ақпараттық коммуникациялар орталығында Шымкент қаласы Полиция департаментінің бастығы, полиция полковнигі Ералы Жұмаханбетовтың қатысуымен төтенше жағдай кезінде қаладағы қауіпсіздікті қамтамасыз ету бойынша онлайн-брифинг өтті. 

Түркістандық әскери еріктілер оқыс оқиғаның алдын алды

Ефрейтор Журабеков Шахрух, Қатардағы жауынгер Жұманазаров Мақсат және Түркістан қалалық полиция басқармасының жергілікті полиция қызметкері, учаскелік полиция инспекторы, полиция лейтенанты Мархабай Әділбек Ержігітұлы Түркістан қаласы, "Отырар" мөлтекауданындағы үйлердің бірінен шыққан өрттен үш азаматты аман алып шыққан.

Шымкент: Блок посттардың жұмысы – қатаң бақылауда

Кез келген тәртіп бұзушылық жауапкершіліктен босатпайды. Бұл, әсіресе, Шымкент қалалық полиция департаменті қызметкерлеріне тікелей қатысты. Себебі, заң бәріне ортақ. Осылай деген Ералы Жұмаханбетов журналистермен бірге қала сыртындағы және ішіндегі блок посттардың жұмысын тағы рет пысықтап қайтты

Шымкентте көліктер мен азаматтардың қозғалысын тіркейтін портал іске қосылды

Бұл туралы ақпараттық-коммуникациялық орталықта өткен брифингте Шымкент қаласы әкімінің орынбасары Мақсұт Исахов мәлімдеді. Мақсұт Пернебайұлының айтуынша, төтенше жағдайға байланысты Шымкентте көліктер мен азаматтардың қозғалысына рұқсат беру рәсімін автоматтандыру бойынша арнайы веб-сайт іске қосылған.

Түркістан: Ордабасы ауданында әскери міндеттілер іріктелді

Қазақстан Республикасының президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2020 жылғы 2 сәуірдегі №896 «Әскери міндеттілерді арнайы жиынға шақыру» туралы Жарлығына және Түркістан облысы әкімдігінің 13 сәуірдегі №93 «Түркістан облысының әскери міндеттілерін арнаулы жиындарға шақыру туралы» Қаулысына сәйкес, Ордабасы ауданы Қорғаныс істері жөніндегі бөлімінде есепте тұрған және денсаулық жағдайы бойынша жарамды деп танылған азаматтар іріктеліп,жұмысқа кірісті.

Түркістан облысында төтенше жағдай тәртібін бұзған 250-ден астам жайт анықталды

Түркістан облысы полиция департаментінің жеке құрамы елдегі төтенше жағдай басталғалы қызмет атқарудың күшейтілген нұсқасына көшкен болатын. Тәртіп сақшылары тарапынан қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету және төтенше жағдай режимін бұзуға жол бермеу бойынша бақылау күшейтілген.

Түркістан: 61 блок-бекетте 300-ге жуық полицей күшейтілген режимде қызмет атқаруда

Елімізде төтенше жағдай жарияланғалы бері Түркістан облысында қылмыс саны айтарлықтай төмендеген. Облыстық полиция департаментінің қызметкерлерімен жүргізілген жедел-іздестіру және алдын алу іс-шараларының нәтижесінде ағымдағы жылдың 3 айында өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда жасалған қылмыстар саны 18,2 %-ға азайған.