Түркістан қаласы әкімінің аппарат басшысы әскери міндетке кірісті
ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жарлығына сәйкес әскери міндеттілер арнаулы жиындарға шақырыла бастаған болатын. Осы мақсатта, Түркістан қаласы тұрғындарының қауіпсіздігі мен денсаулығын қорғау мақсатында 50 азамат арнайы әскери міндетіне кірісті. Әскерилер қатарында Түркістан қаласы әкімінің аппарат басшысы да бар.