Түркістан: Қылмыстар саны 18,2 %-ға азайды

Түркістан облысы Полиция департаменті қызметкерлерінің қарқынды жұмыс атқаруы нәтижесінде өткен жылдың 3 айымен салыстырғанда биылғы жылы орын алған қылмыстар саны 18,2 %-ға азайды. Нақтырақ айтсақ, қоғамдық орында жасалған құқықбұзушылықтар 25,7 пайызға, көшелерде жасалатын қылмыстар 26,2 пайызға төмендеген.

Шымкент: қоғамдық көліктерге талап қатаң

Коронавирус қауіпін көп тудыратын орынның бірі қоғамдық көліктер. Күніне мыңдаған адамға қызмет көрсететін қаладағы автобустарда залалсыздандыру жұмыстары қаншалықты жүргізілуде? Тұрғындар күнде пайдаланатын тасымал саласы қауіпсізба?

Шымкент: партия жанындағы бақылау комиссиясы рейдке шықты

Шымкент қаласында ағымдағы жылдың 28-ші наурызынан бастап, кафе, мейрамханалар жұмысын таңғы сағат 10-нан 18-ге дейін жұмыс режиміне көшті. Осы мақсатта «Nur Otan» партиясы Шымкент қалалық филиалы жанындағы бақылау комиссиясының мүшелері рейдке шықты.

Шымкент: үйде отырғандар тұрмыстық өрттің алдын алуы керек

Короновирус пандемиясының таралуын жол бермеу мақсатында республика аумағында төтенше жағдай жарияланды. Санитарлық талаптарды орындау мақсатында тұрғындардын үйде болуы мен аса қажеттілік болмаса көшеге шықпауы міндеттеліп отыр.

Шымкент: той жасағандарға айыппұл салынды

Төтенше жағдайға қарамастан, той-томалақ тыйылмай тұр. Тұрғындар ауласында дастархан жайып, жақындарын жинауын қояр емес. Елдегі әкім-қаралардан бастап, тәртіп сақшылары ойын-сауық орындары мен мейрамхана, дәмханаларды жаппай тексеруге кіріскен. Кәсіп иелері сонда да ескертуге құлақ аспай отыр. Бұл туралы бүгін Еңбекші ауданының әкімі Ғалымжан Ілиясов орталық коммуникация қызметінде өткен баспасөз мәжілісінде мәлімдеді.

Шымкент: блок-бекеттерде сақтық шаралары күшейтілді

Шымкент қаласында короновирус инфекциясының таралуының алдын алу мақсатында сақтық шаралары күшейтілуде. Осыған орай қалада блок-бекеттердің саны артып, 18-ге жетті. Сондай-ақ қала аумағында бетперделік режим енгізілді.

Шымкент тамақтану орындары санитарлық талаптарды сақтамай келеді

Қоғамдық тамақтану орындары әлі де санитарлық талаптарды орындауға асығар емес. Оған Шымкент қаласы Полиция департаментінің бастығы Ералы Жұмаханбетов кезекті рейд барысында көз жеткізіп, кәсіпкерлер түгілі өз қызметкерлеріне де шара қолданды.