Түркістан: Сарыағашта сыбайлас жемқорлыққа қарсы комиссия отырысы өтті
Сарыағаш ауданы әкімдігі жанындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері жөніндегі комиссиясының 2019 жылдың ІІІ тоқсанына арналған отырысы болып өтті.
Сарыағаш ауданы әкімдігі жанындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері жөніндегі комиссиясының 2019 жылдың ІІІ тоқсанына арналған отырысы болып өтті.
Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) ұйымдастыруымен 2019 жылғы 22 қарашада еліміздің барлық өңірлерінде «Халық заңгері» жалпы ұлттық науқанын өткізілді. Жоспарға сәйкес, Шардара аудандық халыққа қызмет көрсету орталығында 22 қараша күні сағат 17:00-де аудан тұрғындарына кеңес берілді.
Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) Түркістан облысы бойынша департаментінің ұйымдастыруымен бүгін Сарыағаш ауданында "Халық заңгері" жалпы республикалық акциясы өтті. Акцияның мақсаты — кез келген құқықтық мәселелер бойынша халықтың білікті мамандардан тегін заң көмегін алуын қамтамасыз ету болып табылады.
Бүгін Сарыағаш ауданы әкімдігі жанындағы қылмыстық-құқық ықпал ету шараларын орындайтын мекемелер мен органдардың қызметіне жәрдемдесу, сондай-ақ қылмыстық жазаларын өтеген адамдарға әлеуметтік және өзге де көмекті ұйымдастыру бойынша консультациялық-кеңесші органның кезекті ІVтоқсанына арналған отырысы өтті.
9 желтоқсан «Халықаралық сыбайлас жемқорлықпен күрес күні» деп белгіленген болатын. Осы айтулы күн қарсаңында ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Түркістан облысы бойынша департаментінің бастамасымен Түркістан облысы әкімдігі және Қ.А.Ясауи атындағы ХҚТУ бірлесіп ұйымдастыруымен «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы үздік халықаралық тәжірибелер» тақырыбында Түркістанда алғаш рет «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы халықаралық Түркістан форумы» өтті.
ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агентігінің Түркістан облысы бойынша департаментінің ұйымдастыруымен Түркістан қалалық әкімдігінің жер қатынастар бөлімі, сәулет және қала құрылысы бөлімі және «Азаматтарға арналған үкімет» МКЕАҚ Түркістан облысы бойынша филиалының қызметкерлерімен кездесу өтті. Жиынға департамент басшысының бірінші орынбасары Ғ.Асанұлы, Түркістан қаласы әкімінің орынбасары Т.Мұсаев және департтаменттінің аса маңызды істер жөніндегі тергеушісі А.Батырбеков қатысты.
Мақтаарал ауданында «Қыс-2019» республикалық командалық-штабтық оқу-жаттығу жиыны өтті. Азаматтық қорғау мемлекеттік жүйесін ұйымдастыруды жетілдіру, сондай-ақ басқару органдарын, күштер мен құралдарды даярлау мақсатында өткен жиынға аудан әкімі Бақыт Асановтың өзі арнайы қатысып, аудандық азаматтық қорғаныс және төтенше жағдайлар жөніндегі қызметтердің дайындығын қарап шықты.
Түркістан облысында «Браконьер» іс-шарасы барысында 11 экологиялық қылмыс пен 146 әкімшілік құқық бұзушылық анықталған. Түркістан облысы аумағында браконьерлікті, биологиялық ресурс обьектілері мен өнімдерінің заңсыз айналымын анықтауға және жолын кесуге бағытталған «Браконьер» өңірлік жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізілді.