Оған құзырлы мемлекеттік органдар басшылары және жергілікті үкіметтік емес ұйымдар жетекшілері қатысты.
Онлайн-кеңес барысында «Қазақстан Республикасындағы 2030 жылға дейінгі отбасылық және гендерлік саясат тұжырымдамасын» іске асыру бойынша бірқатар мәселелер қарастырылды. Оның ішінде, бекітілген жоспарға сәйкес әйелдерді зорлық-зомбылықтан қорғау бағытындағы учаскелік инспекторлардың жұмысы, ерлі-зайыптылардың ажырасу көрсеткіші мен динамикасы, дағдарыс орталығындағы азаматтардың жағдайы мен қоғамдық ұйымдармен мемлекеттік тапсырыс аясында атқарылып жатқан жұмыстары туралы қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау, Ішкі саясат және жастар істері жөніндегі басқармалары, Қаратау ауданы әкімі орынбасарының және Жергілікті полиция департаменті басшыларының есептері тыңдалды.
Сондай-ақ, отбасында зорлық-зомбылық көрген әйелдердің құқықтарын қорғау сияқты маңызды мәселелердің себептері мен шешу жолдары қарастырылды.
Жиын соңында Шымкент қаласының әкімі жанындағы әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі Өңірлік комиссия тарапынан тиісті жұмыстарды жүргізу бойынша бірқатар тиісті органдарға ұсыныстар берілді.
«AQ-QARA.KZ»-ақпарат