Түркістан облысы: Бәйдібектік полицейлер оқушылармен кездесу өткізді

Бәйдібек аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері жастармен кездесіп, тәрбиелік мәні зор іс-шара өткізді. Жалпы, жасөспірімдер арасындағы қылмысты болдырмауда, алдын алуда осындай ерекше кездесулердің берері мол. 

Түркістан облысында білікті мамандар тегін заң көмегін көрсетті

Түркістан өңірінің барлық аумағындаХалық заңгерінауқаны өтті. Тұрғындарға тегін заң көмегі көрсетілген шара Қазақстанның барлық қаласында бір уақытта, бір күнде өткізілді. ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі, Параграф ақпараттық жүйесі және zakon.kz интернет-басылымы мұрындық болған шараны Қазақстанның үздік заңгерлері мен адвокаттары қолдады. Мұндағы басты мақсат – құқықтық мәселелер бойынша тегін заң көмегін көрсету. 

Түркістан облысы: Мақтаарал аудандық полиция бөлімінің басшысы есеп берді

Бүгін Атакент кентінде Мақтаарал аудандық полиция бөлімінің басшысы, полиция полковнигі Әділбек Сапарбеков полиция қызметінің 10 айлық есебін берді. Есеп беру жиынына Түркістан облысы полиция департаментінің басшысы, полиция генералы Қайрат Дәлбеков, Жетісай АПБ басшысы полиция полковнигі Ермахан Абдраманов, Мақтаарал ауданының әкімі Бақыт Асанов, Мақтаарал аудандық маслихатының хатшысы Қадыр Сәрсекбаев, Мақтаарал ауданының прокуроры Жұмағали Ботабеков, ауыл ақсақалдары және мемлекеттік мекемелер қызметкерлері қатысты. 

Түркістан: Сот төрағасы азаматтардың арыз-шағымдарын тыңдады

«Nur Otan» партиясы Түркістан облыстық филиалының «Open Space» форматындағы қоғамдық қабылдау бөлмесінде Түркістан облыстық сотының төрағасы Талғат Баратбеков тұрғындарды қабылдады. Облыстың әрбір аймағынан келген тұрғындар жеке мәселелері бойынша арыз-шағымдарын айтып, шешілмей жүрген мәселелерін жеткізді.

Қазығұртта жер қойнауын өз бетінше пайдалануды болдырмау жөніндегі жұмыс тобының мәжілісі өтті

Қазығұрт ауданының прокуроры Қорғанбаев Батыр Ноғайбайұлы ауданы аумағында жер қойнауын өз бетінше пайдалануды болдырмау жөніндегі жұмыс тобымен шұғыл мәжіліс өткізді. Шұғыл мәжіліске Қазығұрт ауданы әкімінің орынбасары Т.Қалымбетов, аудандық кәсіпкерлік, жер қатынастары, тұрғын үй-коммуналдық, шаруашылық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімдерінің және жергілікті полиция қызметінің басшылары, прокуратура мен аудандық полиция қызметкерлері қатысты.

Түркістан: облыстың бас полицейі тұрғындардың мәселелеріне құлақ түрді

«Nur Otan» партиясы Түркістан облыстық филиалының «Open Space» форматындағы қоғамдық қабылдау бөлмесінде Түркістан облыстық полиция департаментінің бастығы, полиция генерал-майоры Қайрат Дәлбеков тұрғындарды қабылдады.