Шымкент: Төтенше жағдай тексеріліп жатыр

Шымкент қаласының әкімшілік-іскерлік орталығындағы құрылыс нысанында 8 қараша күні сағат 21.15-те төтенше жағдай орын алып, нәтижесінде 1965 және 1972 жылы туған азаматтар оқиға орнында көз жұмды. Бұл туралы ақпараттық-коммуникациялық орталықта Шымкент қаласының құрылыс басқармасының басшысы Ербол Құланбайұлы және тиісті мекеме басшыларының қатысуымен өткен баспасөз брифингінде айтылды. 

Шымкенттің бас полицейі бірде-бір шағым ескерусіз қалмайтынын айтты

Шымкент қаласы әкімдігінің ақпараттық-коммуникациялық орталығында Шымкент қаласы полиция департаментінің басшысы Ералы Жұмаханбетов құқық бұзушылықтың алдын алу және қаладағы қауіпсіздікті қамтамасыз ету бойынша БАҚ өкілдерінің алдында баспасөз брифингін өткізді. 

Шымкентте жыл басынан бері заңсыз айналымда жүрген 8135 дана тауар тәркіленді

Шымкентте жыл басынан бері заңсыз айналымда жүрген 8135 дана тауар тәркіленген. Олардың жалпы құны 1 500 000 теңгеге жуық. Мұндай мәлімдемені Шымкент қаалсының Әділет департаменті басшысының міндетін атқарушы Бахтияр Камалов жасады.

Шымкент: Еңбекші аудандық сотының мамандары Президент жолдауындағы жоспарларды түсіндірді

Сындарлы қоғамдық диалог – Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі». Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына жолдаған жолдауында сот пен құқық қорғау жүйесін жетілдіруге бірқатар тапсырмалар берді. Құнды құжатты насихаттау мақсатында Шымкент қаласы Еңбекші аудандық сотының мамандары Аймақтық әлеуметтік-инновациялық университетінің студенттермен кездесті.

Шымкентте «Әділет кеңес береді» атты акция өтті

Шымкенттегі халыққа қызмет көрсету орталығында «Әділет кеңес береді» атты акция өтті. Шара барысында заңгерлер азаматтардың жеке мәселелері бойынша тегін кеңес берді. Әділет департаментінің ұжымы осылайша қала тұрғындарына құқықытық көмек көрсетті.

Шымкентте сыбайлас жемқорлыққа қарсы жиын өтті

Бүгін Шымкент қаласы әкімдігінің жанындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі ведомствоаралық комиссиясының мәжілісі өтті. Мәжіліске шаһар басшысы Ерлан Айтаханов пен құқық қорғау органдарының өкілдері және әкімдіктің басқарма басшылары қатысты.