Түркістан облысының прокуроры азаматтардың арыз-шағымын тыңдады

«Nur Otan» партиясы Түркістан облысы филиалының «Open Space» форматындағы қоғамдық қабылдау бөлмесінде Түркістан облысының прокуроры Әбдіров Нұрғалым Мәжитұлы бір топ азаматты қабылдады. Облыстың бірнеше аймақтарынан келген 11 тұрғын партия ұсынған мүмкіндікті пайдалана отырып, өздерін мазалаған мәселелер бойынша талап-тілектері мен арыз-шағымдарын айтты.

Түркістан облысының полицейлері терроризмге осал нысандарды тексеріп жатыр

Түркістан облысының ПД-ның полицейлері терроризмге осал нысандарды тексеруді жалғастыруда. Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен қаулыға сәйкес террористік тұрғыдан осал объектілерге: аса маңызды мемлекеттік объектілер, стратегиялық, қауіпті өндірістік объектілер және денсаулық сақтау мен білім беру мекемелері, спорт мекемелері, теміржол вокзалдары, қоғамдық тамақтану объектілері, қонақ үйлер, демалыс аймақтары және тағы да басқалар жатады.

Түркістан облысы полицейлері заңсыз аңшылықты анықтады

Түркістан облысы, Отырар ауданында табиғатты қорғау полицейлері түнгі уақытта заңсыз аң аулаған азаматтарды ұстады. Бұл заңсыздық Отырар АПБ-нің қызметкерлерінің «Браконьер» жедел-профилактикалық іс-шарасын жүргізу барысында анықталған.

Түркістан: қоршаған ортаға залал келтіргендерге ірі көлемде айыппұл салынған

Түркістан облысы бойынша ағымдағы жылдың 9 айында экология департаментіне жеке және заңды тұлғалардан 81 өтініш келіп түскен. Оның ішінде 60 – жеке тұлғалардан, 21 - заңды тұлғалардан. Қазіргі таңда 7 өтініш қарауда. Жалпы 74 өтінішке жауап жолданған. Бұл туралы Түркістан облысы Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Экология департаментінің басшысы Имангелді Түймебаев мәлімдеді.

Түркістанда тағы бір сатушысы жоқ дүкен ашылды

Жұртты адал сауда жасауға шақыратын сауда орны бұл жолы облыстық жастар ресурстық орталығының ғимаратынан есік ашты. Аталған дүкеннің іске қосылуына «Түркістан – Адалдық алаңы» жобалық кеңсесі мен облыстық  Жастар ресурстық орталығы ұйытқы болды. 

Түркістан облысы: Сарыағаш ауданында заңсыз жолаушылар тасымалына қарсы рейдтік шаралар жүргізіліп жатыр

Аудан әкімі Мұхит Отаршиевтің тапсырмасына сәйкес, аудандағы заңсыз жолаушылар тасымалы мен жүргізушілердің белгіленбеген жерге тоқтауына тосқауыл қою мақсатында 13-14 қараша күндері рейдтік шара өткізілді. 

Түркістан облысы: Бәйдібек ауданының халқы өзекті мәселелерін жеткізді

Түркістан облысының прокуроры Нұрғалым Әбдіров Бәйдібек ауданының Бөген, Жамбыл мен Шаян ауылдық округтеріне барып, әкімдіктердің алаңдарында халықпен кедесулер өткізді. Бұл іс-шараға облыстың полиция департаменті бастығының бірінші орынбасары А.Сейдуалиев пен аудан әкімі Бақытбек Танагөзов қатысты. 

Шымкентте студенттер арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы дебат өтті

«Ғаламат» қоғамдық бірлестігі Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Шымкент қаласы бойынша департаменті мен «Шымкент-адалдық алаңы» жобалық кеңсесімен бірлесе сыбайлас жемқорлықтың алдын алу тақырыбында студенттер арасында дебат ұйымдастырды.