Шымкенттіктер автокөлікті сатып алу-сату шартын МХҚКО-да тіркей алады

«Азаматтарға арналған үкімет» Шымкент қаласы бойынша филиалының баспасөз қызметінің берген мәліметі осындай.  Бұған дейін көлік құралдарын қайта тіркеу үшін автокөлікті сатып алу-сатудың нотариалды куәландырылған шарты қажет болатын. Енді мамандандырылған ХҚКО қызметкері электрондық құжатты жүйеде қалыптастыра алады, ал сатушы мен сатып алушы eGov mobile қосымшасының көмегімен QR – код сканерлеу арқылы құжатқа қол қоя алатын болады. 

2024 жылдың 5 айында Шымкентте 265 интернет-алаяқтық қылмысы тіркелген

Биыл Шымкентте 265 интернет-алаяқтық қылмысы тіркеліп, өткен жылмен салыстырғанда 16,1 пайызға азайған. Бұл туралы Өңірлік Коммуникациялар қызметі алаңында полиция Департаменті бастығының орынбасары Арман Бейсенбаевтың қатысуымен баспасөз брифингінде айтылды.  

Шымкенттік полицейлер интернет алаяқтардан сақ болуға шақырады

Соңғы кездері қоғамда интернет-алаяқтықтың сан түрі кездесуде. Кибер қылмыскерлер өздерінің алаяқтық сұлбаларын әркез жетілдіріп отырады. Тұрғындар арасында алаяқтардан зардап шегушілерді де жиі кездестіреміз. Бұл орайда қылмыстың алдын-алу, ақпараттандыру жұмыстарының маңызы зор. Интернет-алаяқтықтың профилактикасы және оған қарсы іс-қимыл туралы халықты егжей-тегжейлі ақпараттандыру мен цифрлық сауаттылықты арттыру бойынша қала әкімдігінде арнайы семинар өтті.

Сауран ауданы: мемлекеттік қызметкерлерге діни көзқарас туралы түсіндірілді

Сауран ауданы әкімі аппараттының басшысы Бақытжан Халдыбекұлының төрағалығымен аудан әкімдігінің қызметкерлері және ауылдық округ әкімдіктерінің мамандарының қатысуымен жиын болып өтті. Жиналысқа аудан әкімінің орынбасары Бақытжан Букебаев арнайы қатысты.

Сауран аудандық халыққа қызмет көрсету орталығы қызметкерлерімен діни экстремизмнің алдын-алу жөнінде кездесу өтті

Сауран аудандық Халыққа қызмет көрсету орталығы қызметкерлерімен «Діни экстремизмнің алдын-алу» тақырыбында кездесу болып өтті. Кездесуге Сауран ауданы әкімдігінің ішкі саясат бөлімінің бас маманы М.Құлымбетов, Түркістан облысы дін істері басқармасы "Дін мәселелерін зерттеу орталығы" КММ бөлім басшысы, теолог Ж.Жорабек және қызметкерлері қатысты.

Сауран ауданында «Терроризмге қарсы қауіпсіздікті қалай қамтамасыз етеміз?» тақырыбында колледж студенттерімен кездесу өткізілді

Сауран ауданы бойынша Діни экстремизмнің алдын алу бойынша «Терроризмге қарсы қауіпсіздікті қалай қамтамасыз етеміз?» тақырыбында  Сауран аудандық Көпсалалы Кәсіптік Колледжінде кездесу өтті.