Шымкенттіктер ТЖ кезінде 200-ден астам көлікті онлайн тіркеді

Қазақстанда төтенше жағдай жарияланғалы бері Шымкент тұрғындары egov.kz порталы арқылы 200-ден астам автокөлікті тіркеді. Еске салайық, 26 наурыздан бастап Қазақстандағы халыққа қызмет көрсету орталықтары мен авто ХҚО-дың жұмысы тоқтатылған. Ел тұрғындары мемлекеттік қызметтерді тек электронды үкімет порталында ала алады.

Түркістандықтар ХҚО-ның бірыңғай терезесінен 6 мыңнан астам дайын құжатын алған

Түркістандықтар карантин басталғалы бері ХҚО-ның бірыңғай терезесінен 6 мыңнан астам дайын құжатын алып кеткен. Бұл құжаттардың басым бөлігі карантин барысында онлайн рәсімделген, қалған бөлігі – ХҚО жабылғанға дейін.

Түркістан: «Nur Otan» партиясына түскен өтініштер саны үш есеге артты

Елімізде төтенше жағдайға байланысты «Nur Otan» партиясының қоғамдық қабылдау бөлмелері жұмысты күшейте түсті. Мәселен 2020 жылдың қаңтар айынан наурыздың 16-сына дейін Түркістан облыстық партия филиалы қоғамдық қабылдау бөлмелеріне 2773 өтініш түсіп, оның 1298-і оңтайлы шешілді. 1475-іне заң аясында кеңес берілген. Ал төтенше жағдай жарияланған уақыттан бері партияға хабарласушылар саны еселеп артты.

Түркістан: Азық-түлік бағасына және блок-бекеттерде тәртіптің сақталуына мониторингтік бақылау жүргізілді

«Nur Otan» партиясы Түркістан облыстық филиалының ұйытқы болуымен облыс орталығында баға тұрақтылығы мен блок-бекеттерде тәртіптің сақталуына мониторингтік бақылау жұмыстары жүргізілді.

Түркістанда ерекше әдемі аллея пайдалануға беріледі

Осы бір қиын кезеңде қаламызда құрылыс жұмыстары үздіксіз жүріп жатыр. Карантин талаптарын қатаң сақтай отырып, жұмысшылар тынымсыз еңбек етуде. Осылардың ішінде атаулы құрылыстардың бірегейі саналатын теміржол вокзалы алдында бой көтеретін аллея жұмысы.

Шардаралық кәсіпкер Рамазан айында ауылдастарына қой таратты

Түркістан облысы Шардара ауданында жергілікті кәсіпкер Рамазан айында қайырымдылық шарасын өткізді. Нимәділлә Абдуллаев көмекке мұқтаж, мүгедек және көпбалалы отбасыларға зекет ретінде бір-бір қойдан үлестіріп берген,-деп хабарлайды Шардара ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі фейсбук әлеуметтік желі парақшасында.