Super User

Super User

Отырарда қаржылық сауаттылықты арттыруға арналған жиын өтті

Отырар ауданында ұстаздарға қаржылық қауіпсіздік негіздері және қаржы пирамидаларының алдын-алу мақсатында түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Бүгінде қоғамда өзекті мәселеге айналған алаяқтықтан сақтанудың жолдарын түсіндіріп, қаржылық сауаттылықты арттыруға бағытталған жиынды аудандық адами әлеуетті дамыту бөлімінің әдістемелік кабинет меңгерушісі Дархан Ембай ашып, жүргізіп отырды.

Отырарда «Алтын күз – 2022» жәрмеңкесі өтті

Бүгін Отырар ауданында киелі өңірдің шаруалары мен диқандарына арналған «Алтын күз-2022» атты салтанатты жиыны болып өтті. Аталған шара ерте көктемнен қара күзге дейін талмай еңбек еткен шаруалардың жыл қорытындысы десек те болады.

ШЫМКЕНТ: «ТӘУЕЛСІЗДІК ҰРПАҚТАРЫ» ГРАНТЫНЫҢ ЖЕҢІМПАЗДАРЫ МАРАПАТТАЛДЫ

«Тәуелсіздік ұрпақтары» грантының жеңімпаздары белгілі болды.

Шымкент қаласының тың жоба ұсынған жастарына 1 миллион теңге қаржы табысталды. «Тәуелсіздік ұрпақтары» грантының жеңімпаздарын қалалық ішкі саясат және жастар істері жөніндегі басқармасының басшысы Мұратжан Шотанов жеңісімен құттықтап, салтанатты түрде марапаттады.

– «Тәуелсіздік ұрпақтары» гранты биыл Шымкент қаласында алғаш рет ұйымдастырылып отыр. 2023 жылы грант бағыттарын кеңейтіп, бұдан да көп жастарды ынталандыруды жоспарлап отырмыз. Бүгінгі жеңімпаз жобалар қаламыздың мәдени-экономикалық дамуына үлес қосады деп сенеміз. Алдағы уақытта жастарымыздан бұдан да ауқымда жобалар күтеміз, – деді Мұратжан Шүкірханұлы.

Жастарға арналған грантқа өтінім қабылдау қыркүйек айынан бастау алған. Байқауда бақ сынау үшін 15 үміткер өзінің жобасын ұсыныпты. Бүгін 3 бағыт бойынша 4 қатысушы жеңімпаз атанып, ойға алған жобасын жүзеге асыратын қаржыға ие болды.

Байқау қорытындысы бойынша «Медиа» жобасын ұсынған Ернұр Нұрланұлы, «Мәдениет» бағытымен Салих Халиев, «Ерікті» бағытында тың жобаны алға тартқан екі үміткер Диана Жолдасбаева мен Тимур Ауданбаев марапатталды.

Жеңімпаздар арасында ең жасы кіші Диана Жолдасбаева ДЦП ауруына шалдыққан балаларға арналған ойын алаңшасын орнатуды көздеп отыр. Он бес жастағы Диана қаладағы №23 мектептің 10 сынып оқушысы.

– Екі жылдан бері мектебіміздегі еріктілер клубының мүшесімін. Біз балаларды оңалту орталығына жиі барамыз. Сонда науқас балаларға арналған ойын алаңшасы жоқ екенін байқадым. Осы қаржыға алдымен оңалту орталығына ойын құрылғысын қойып, науқас балалардың өзге балалар секілді ойнап, көңіл көтеруіне жағдай жасамақпын, – дейді жас ерікті.

ШЫМКЕНТТІК СТУДЕНТТЕР ТУРИЗМ САЛАСЫН ДАМЫТУҒА АРНАЛҒАН ЖОБАЛАРЫН ҰСЫНДЫ

Туризм және сыртқы байланыстар басқармасының басшысы Ерлан Қыдыров М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университетінің туризм саласында білім алып жүрген студенттерімен кездесті.

«Ең алдымен Сіздерді өткен мерекелеріңіз - Халықаралық студенттер күнімен құттықтаймын. Туризм саласының қала үшін, қаламыздың дамуы үшін маңызы жоғары. Бүгін Сіздерге осы бағытта тәжірибемен бөлісіп, ұсыныстарыңызды тыңдап, жұмыспен қамту мәселесін қарастыру үшін келіп отырмыз», - деген Ерлан Ермекұлы студенттерге туризм саласында бизнес бастаудың оңтайлы жолдарын да атап өтті.

М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университетінің ректоры Дария Қожамжарова өз сөзінде Туризм мамандығы сұранысы бар сала екенін айтып өтті. Мұндағы жастар түрлі жобалар жасап, белсенділік танытады. Жалпы, «Халықаралық туризм және сервис» кафедрасы - «Спорт және туризм» факультетінің құрамында. Мұнда туризм және ресторан ісі мен қонақ үй бизнесі бойынша жалпы саны 345 студент білім алып жатыр. Оның ішінде магистратура студенттері де бар. Студенттердің басым бөлігі жергілікті және Түркістан облысының жастары. Одан өзге, Қызылорда, Қостанай, Атырау, Ақтөбе, сонымен қатар, шетелден келіп білім алып жатқан студенттер де бар.

Одан өзге, кездесуге арнайы келген “Rixos Water world Aktau” курорттық қонақ үйінің басқарушысы Серік Исағалиев те еліміздің және Маңғыстау облысының да туристік мүмкіндіктері жайлы айтып өтті.

Кездесу соңында студенттерге қала тарихы, туристік мүмкіндіктері жайлы сұрақтар қойылып, жеңімпаздарға сыйлықтар берілді. Оқытушылар мен белсенді студенттер мерекелік алғыс хаттармен марапатталды. Сондай-ақ, алдын ала жарияланған конкурсқа сәйкес, туризмнің 4 даму бағыты бойынша студенттер өз жобаларын ұсынды. Комиссия құрамы жобаның маңызын ескере, ұтымды деп тапқандарын қолдап, арнайы сертификаттар берді. Басқарма тарапынан да осы жобаларды іске асыруда қолдау көрсетілетін болады.

Осы RSS каналға жазылу