Super User

Super User

ШЫМКЕНТТЕГІ ПОЛИМЕР БҰЙЫМДАР КӘСІПОРНЫ ӨНДІРІСІН КЕҢЕЙТПЕК

 

Шымкент қаласында полимерлік бұйымдар өндіру жобасы дамып келеді. Шаһардағы «InPlast» полимерлік бұйымдар кәсіпорны – итальяндық технология бойынша 30-дан астам, 150 литрден 20 000 литрге дейін пластикалық сыйымдылықтарды дайындайтын еліміздегі жалғыз өндіріс орны. Компанияның пластикалық ыдысы тек ірі тапсырыс берушілердің ғана емес, сонымен қатар үй шаруашылығының қажеттіліктерін қамтамасыз етуге дайын.

Кәсіпорын басшысы Гүлзана Сарымсақованың айтуынша, компания өндірісті кеңейтуді қолға алған. «InPlast» өнімдері қазіргі таңда «Ақ бұлақ» сумен жабдықтау мемлекеттік бағдарламасын іске асыруда пайдаланылуда. Ендігі ретте орталықтандырылған сумен жабдықтауы жоқ қалалар мен ауылдық жерлерде отандық өндірісті дамытуға, сондай-ақ, жылыжай шаруашылығында тамшылатып суару кезінде су жинау үшін және химикаттар дайындау үшін пластикалық бактар кәдеге аспақ.

 Сонымен қатар, «InPlast» бренді түрлі дизайн бағыттарда өз инновациясын ұсынады. Яғни, жарқыраған құмыралар, пластикалық жарқыраған шарлар үй, ғимарат, сауда орталығы, мейрамхана, аллея және тағы басқа нысандарды безендіру үшін қолданады.

«Бизнестің жол картасы – 2025» мемлекеттік бағдарламасына қатысудың арқасында кәсіпорын айналым қаражатын толықтыруға 13,5 %-бен несие алды. Оның 5,4 %-ын Даму қоры субсидиялайды және несие сомасының 50 % мөлшерінде кепілдік алған. Жобаны «Банк ЦентрКредит» АҚ қаржыландырды. Енді компания өндірілетін өнімнің ассортиментін 100 және одан да көп түрге дейін (балалар алаңдары, қоқыс контейнерлері, биотуалеттер және т.б.) кеңейтуді көздеп отыр.

Еліміздің бизнес-картасында бұл кәсіпорын экономиканы шикізаттық бағыттан өндірістік бағытқа қарай дамытуға күш салып келеді. Жаңа технологияларды игерумен қатар, компания тауарларда отандық үлесті арттыруды іске асырмақ.

Шымкент қаласының Ордабасы индустриалды аймағында орналасқан бірегей кәсіпорынның өнімдері экологиялық таза және ыңғайлы полимер бұйымдары.

ШЫМКЕНТ: ӘЛЕУМЕТТІК САЛА ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ ТӘЖІРИБЕ АЛМАСТЫ

Үшінші мегаполистегі әлеуметтік қызметтер көрсету мекемелерінің жұмысы –республикамыздың өзге өңірлеріне үлгі. Саладағы озық тәжірибені үйрену үшін – Жамбыл облысы әкімдігінің жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының өкілдері Шымкентке келді. Алғаш болып, сала өкілдері «Бақытты жанұя» орталығының жұмыс методикасымен танысты. Бірегей мекеме  - көп балалы және аз қамтылған аналардың өзекті мәслерін шешумен айналысады. Орталық жыл басынан 41 мыңнан аса анаға қызмет көрсетіп, кәсіптік курстарға оқытқан. Ең бастысы,аналарды  оқытып ғана қоймай, әрі қарай мемлекеттік грант алуға бойынша заңды кеңес беріп, өз бизнестерін ашуға дейін жетелеуде.  Нәтижесінде «Бизнес бастау» мемлекеттік бағдарламасы аясында 12 ана грант иегері атанып үлгерген.Зейнеткерлер оңалту процедураларынан өтуде. Сала өкілдерінің аялдаған кезекті нысаны  - «Белсенді ұзақ өмір» орталығы. Қариялар мұнда жүрек, асқазан, бауыр, бүйрек құрылысына арналған емдік шай ішіп, тұз кешенінде тыныстап, ем алуда. Сонымен қоса, дене шынықтырудан бастап йога, би, бильярд, үстел теннисі, тренажерлық жаттығулар жасауда. Арасында араб, ағылшын тілін үйрету курстары өткізілсе, қосымша қызмет алушылардың кино, сенсорлық бөлме, кітапханада демалуға да мүмкіндіктері бар.Ал, мүгедектігі бар азаматтар үшін қызмет көрсететін мемлекеттік «Тең қоғам» орталығы әзірге тек Шымкент қаласында жұмыс атқаруда. Ерекше қажеттіліктері бар адамдарды әлеуметтік қолдау және олардың өмір сүру сапасын арттыру мемлекеттік саясаттың басты бағыттарының бірі екені белгілі. Мұнда, «Бір терезе» қағидасымен 5 бағыт бойынша - әлеуметтік такси қызметі, санаторлы – курорттық емделуге жолдама алу, инватакси қызметі ұсынылады. Биыл жыл басынан орталық тарапынан 8216 мүгедектігі бар азаматтарға көмек көрсетілген. Жамбыл облысы әкімдігінің жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының бөлім басшысы Нұрбек Ратбекұлы, қаламыздағы әлеуметтік мекемелер жұмысын жоғары бағалап, жұмыс методикасын өз өңірлерінде де енгізуге ниетті екендігін жеткізді.

«Отырар өркениеті – қазақтың өркениеті»

Бүгін аудандық мәдениет сарайында «Отырар әдебиеті және өнері» қоғамдық бірлестігінің кезекті жиыны өтті. Келелі жиында аудандағы шығармашыл жастардың басын қосқан ұйымның жыл басынан бері қолға алып, іске асырған жұмыстары сараланып, алдағы жоспарлары пысықталды.

Отырарда халықаралық зағиптар күніне орай мүмкіндігі шектеулі жандарға құрмет көрсетілді

13 қараша – Халықаралық зағиптар күні. Бүгін дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының шешімімен бекітілген осынау атаулы күннің аясында Отырар ауданындағы зағип жандарға құрмет көрсетіліп, ақ дастархан жайылды. Аталған шараға аудан әкімінің орынбасары Ержан Оралбай қатысып мүмкіндігі шектеулі жандарға сый-сыйапат жасады.

Осы RSS каналға жазылу