Super User

Super User

ШЫМКЕНТТЕ СУ БАСУ ҚАУІПІ БАР НҮКТЕЛЕР ЖІТІ БАҚЫЛАУДА

Шымкентте Абай, Еңбекші, Әл-Фараби аудандары бойынша су басқан бірнеше көшелерде су сору жұмыстары тәулік бойы жүргізілуде.

Жауын-шашынның салдарынан және жер асты сулары көтеріліп, жоғарыда айтылған мекенжайларды су басу қауіпі анықталған. Осыған байланысты шаһар басшысы Мұрат Әйтенов аталған аймақтарға арнайы барып, атқарылып жатқан жұмыстарды жіті бақылап шықты.

Қала әкімі аудан басшыларына жағдайды үнемі бақылауда ұстап, аталған нүктелерде су тарту жұмыстарын дер кезінде жүргізіп отыруды тапсырды.

Қазіргі уақытта мердігер мекемелер мен сала мамандары тарапынан тиісті жұмыстар үздіксіз атқарылуда. Атап айтқанда, су тарту жұмыстарына Абай ауданы бойынша 15 техника, 3 мотопомпа, 30 жұмысшы, Әл-Фараби ауданы бойынша 9 техника, 5 мотопомпа, 25 жұмысшы, Еңбекші ауданы бойынша 7 техника, 4 мотопомпа, 1 электронасос, 30 жұмысшы жұмылдырылып отыр.

Кезекшілікпен арнайы бригадалар қойылған. Тұрғын үйлерді су басу қауіпі жоқ.

Қаладағы жағдай шаһар басшысы мен тиісті сала мамандарының тікелей бақылауында.

Шымкентте ауа райының қолайсыздығына байланысты Абай ауданы аумағында су басу қауіпі бар аумақтарда арнайы кезекші бригадалар мен әкімдік қызметкерлері жұмыс атқаруда.

Атап айтқанда, 112 орамда орналасқан Юнатов, Аққараған көшелері, Қатынкөпір ш.а Майлин, Шұғыла ш.а Қазына, Алтынғасыр Қазығұрт ш.а Бөгенбай батыр, және Өтегенов Төлеметов көшесінің қиылысына және Республика Бейбітшілік көшелерінің қиылысына арнайы техникалардың көмегімен су тарту жұмысы жүргізілді. Сонымен қатар, колос аумағы, Бекжан базар аумағындағы тоннелдерде бақылауға алынған.  Бұл жұмыстарға «Build Stroi» ЖШС арнайы 15 техника су тартатын және 30-ға жуық жұмысшы қызметкерлер жұмылдырылды.

Қазіргі таңда тұрғын үйлерге су басу қауіпі жоқ. Жағдай тұрақты бақылауда.

ШЫМКЕНТТЕ ӨТКЕН ЖЫЛЖЫМАЙТЫН МҮЛІК ЖӘРМЕҢКЕСІНДЕ ҚАЛА ТҰРҒЫНДАРЫНА ЖЕҢІЛДІКТЕР ҰСЫНЫЛДЫ

Бүгінде Отбасы банкпен жеке құрылыс компаниялары арасында ипотекалық кредиттерді рәсімдеудің жаңа жағдайлары бойынша өзара келісім шарт жасасқан. Онда сатып алушы пәтердің жалпы сомасының 30 пайызын немесе 50 пайызын төлей отырып Отбасы банк арқылы ипотекалық кредит рәсімдей алады. Жылжымайтын мүлік жәрмеңкесіне арнайы қатысқан Шымкент қаласы әкімінің орынбасары Мақсұт Исахов, өз сөзінде бұл формат қала тұрғындары үшінде өте ыңғайлы екендігін атап өтті.

Жылжымайтын мүлік жәрмеңкесіне 1000-нан астам адам қатысты. Келушілерге жылжымайтын мүлік нарығының ұсыныстары таныстырылып, жәрмеңкеге алғаш келген 30 азаматқа банктің сыйлықтары табысталды. Қала тұрғындары құрылыс салушыдан ең өзекті ақпарат пен кеңес ала отырып, Отбасы банктің кеңесшілеріне есептеулер жасатып, қолайлы нұсқаны таңдай отырып, жеңілдікке ие болу қарастырылған.

Жыл басынан бері Шымкенттегі Отбасы банкпен 3 мыңнан аса азаматқа ипотекалық заем мақұлданған. Бұл күн сайын 11 адамның қолжетімді кредитті рәсімдеп, қоныс тойын тойлайтындығын білдіреді. Шымкентте “Отбасы банк” арқылы жинақтау және әрі қарай тұрғын үй сатып алу үшін тағы 27 мыңнан астам жаңа салым шоты ашылған. Шотта бастапқы жарнаға қаражат жинақтай отырып, азаматтар тұрғын үй сатып алу үшін 3,5%-дан 11,5%-ға дейінгі мөлшерлемелер бойынша әрі қарай кредит алу мүмкіндігі бар.

Естеріңізге сала кетейік, жазда дәл осындай екі күнге созылған жәрмеңке өткен болатын.

Онда Шымкент қаласында тұрғын үй құрылысын жүргізіп жатқан құрылыс компаниялары жиналып,қала тұрғындарына өздерінің салып жатқан үйлерді ұсынып, қарастырылған жеңілдіктер мен мүмкіндіктерді таныстырған еді.

Айта кетейік, Отбасы банктің Шымкент қаласының өзінде 160 мың салымшысы бар екен. Жыл басынан бері 2 000-дай адамға қарыз берген.  Бұл дегеніміз күніне 10-15 адам Отбасы банк арқылы үйлі болып жатыр.  2035 жылға дейін 32 миллион шаршы метр үй салуымыз керек екен.

 

ШЫМКЕНТ: ДЕНДРОСАЯБАҚ АУМАҒЫНДА 400 ЖАРЫҚШАМ ЖАҢАРТЫЛДЫ

Қала әкімінің тапсырмасы аясында Шымкент қаласындағы Асанбай Асқаров атындағы дендрологиялық саябақтың жарықшамдары толығымен жаңартылды. Бүгінгі таңда мүлдем істен шыққан 400-ге жуық шам ауыстырылды.

Жарықшамдар Дендрологиялық саябақтың барлық дерлік аумағына қойылды, әсіресе салауатты өмір салтын ұстанатын азаматтар үшін веложол бойына толық орнатылды.

Жарықшамдардың қуаттылығы 150ВТ.

Шымкент қаласының қалалық жайлы ортаны дамыту басқармасының мамандары Дендрологиялық саябақ жарықшамдарының алдағы уақытта тәулік бойына жанып тұруын қамтамасыз етуді жоспарлап отыр.

Дендро саябақтың жасыл желегін Орта Азия елдері мен Ресейден алынатын 144 түрлі интродуцент ағаш түрімен толықтыру жоспарлануда. Бастапқы кезеңде 57 түрлі ағаш-бұтаның тұқымы егіліп, жерсіндіру жұмыстары жүргізіледі. Өткен жылы кәсіпорынның гендік қорын көбейту мақсатында, интродуценттің 115 түрі егілген болатын.

Қазіргі таңда саябақ аумағында 100,0 мыңнан астам ағаш-бұтаның 406 түрі өсіп тұр. Оның ішінде, Қазақстанның қызыл кітабына енген өрік, іле бөріқарақаты, кавказ таудағаны, зеравшан аршасы, недзвеция алмасы, сиверс алмасы, соғды шағаны атты 7 түрлі ағаш бар. Оған қоса сирек кездесетін 61 түрлі ағаш тіркелген. Сонымен қатар, саябақ ішіндегі тұқымбақтың жалпы көлемі 1,5 га аумақты құрайды. Онда қазір 23 түрден 11392 дана көшет өсірілуде. Тұқымбақтың өзі екіге бөлінген.

Негізгі тұқымбақта 2638 қылқан жапырақты, 3382 жәй жапырақты және 599 дана өзге көшет түрлері өсіп тұр. Көшет түрлерін көбейту мақсатында өткен жылы 32 түрлі ағаш-бұта түрінен 228 кг тұқым негізгі тұқымбаққа себілген. Ардагерлер аллеясындағы тұқымбақта қылқан жапырақтылар мен жапырақты ағаштардың тұқымынан өсірілген 2-3 жылдық көшеттерді кездестіруге болады. Гендік қорды көбейту және сақтап қалу үшін күз мезгілінде 0,03 га құрайтын жылыжай қалпына келтіріліп, тұқымынан және жасыл қаламша арқылы өсіру жұмысы жүргізілді. 2020 жылы қаладағы әлеуметтік нысандарды абаттандыруға дендросаябақтан 5000-нан астам көшет берілген.

ШАҺАР БАСШЫСЫ “ШЫМСИТИ” АУМАҒЫН АБАТТАНДЫРУ ЖҰМЫСЫ БАРЫСЫМЕН ТАНЫСТЫ

Қала әкімі “Шымсити” аумағында салынып жатқан аллея құрылысын тесеріп, жауапты сала мамандары мен мердігер мекемеге нысанды уақытылы әрі сапалы аяқтауды тапсырды.

Естеріңізде болса, қыркүйек айында “Қаратау” ауданы 189 орамда “Шымсити” аумағын абаттандыру жұмыстары”
бойынша аллея құрылысы басталған болатын.
9300-ге жуық халықты қамтитын бұл нысан 2022 жылдың желтоқсан айында аяқталады деп жоспарлануда.
Қазіргі таңда нысанның өндірістік кестеге сәйкес абаттандыру құрылыс-монтаж жұмыстары жүргізілуде.
“Шымсити” аумағын абаттандыру жұмыстары” алдағы уақытта да жүйелі түрде өз жалғасын табатын болады.
Биыл Еңбекші ауданында “Халық қатысатын бюджет” жобасы аясында І-кезеңмен 52 көпқабатты үйдің 36 ауласын абаттандыру жұмыстары жүргізілуде.
Ойын алаңшасына жұмсақ төсеніш төселіп, балалар ойын, тренажер алаңшасының элементтері орнатылуда.
Сонымен қатар, ІІ-кезеңмен 21 көпқабатты үйдің 11 ауласы абаттандырылып, 4 ашық спорт алаңша құрылып, 5 спорт алаңша қайта жөндеуден өтеді. Бүгінде мердігер мекемені анықтау бойынша мемлекеттік сатып алу жұмыстары өтуде.
Ағымдағы жылы Әл-Фараби ауданында 50 көп қабатты тұрғын үйдің ауласында абаттандыру және балалар ойын алаңшаларын орнату жұмыстары жоспарланған.
Қазіргі таңда, абаттандыру жұмыстары 28 аулада жүргізіліп жатыр. Аталған аулаларда тұрғындар демалуына арналған орындықтар мен бастырма, қоқыс жәшігі, балалар ойын элементтері және ересектерге арналған спорт элементтері орнатылуда. Аталған жұмыстарға «Strong service» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі, «New level» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі жауапты.
Ал қалған 22 ауланы абаттандыруға мердігер мекемені анықтау мақсатында мемлекеттік сатып алу конкурсы жүргізілуде.
Сонымен бірге, қайта қалпына келтіретін Бекетті мен Красноярский көшесі, Желтоқсан және Іляев көшелерінің қиылысы Байтұрсынов көшесіне кіреберісі де бар.
Ақжайық шағынауданында Ақжирен, Сәйгүлік, Самғау, Тайқоныр көшесі.
195 орам Қарағанды, Ақжайқын, Қызылтас, Жалаулы және №1 көшелер.
Самал-2 шағынауданы Жабай ата мен Мейірбеков көшесі.
Жандосов тұйығы, Қалдаяқов көшесінен Хадиша балабақшасына дейін.
Қазіргі сәтте, 275 орамда (4 көше), МЖК шағынауданында (3 тұйық) және 195 орамда (5 көше) асфальт салу жұмыстары аяқталды.

Осы RSS каналға жазылу