Super User

Super User

“НҰРТАС” МӨЛТЕК АУДАНЫНДАҒЫ СУ ЖИНАҚТАҒЫШ ҒИМАРАТТЫҢ ҚҰРЫЛЫСЫ АЯҚТАЛУҒА ЖАҚЫН

Қала әкімі Мұрат Әйтенов “Нұртас” елді мекенінде ораналасқан су жинақтағыш имарат құрылысын тексерді.

Айта кетейік, бұл имарат “Нұртас” елді мекені аумағында көп қабатты үйлердің салынуына байланысты алдағы уақытта су жетіспеушілігін болдырмау мақсатында салынып жатқан стратегиялық нысан.
Нысан құрылысы 1000 м3 су жинайтын 2 резервуардан, 2 насос, трансформатор және бақылау пунктінен тұрады. Аумағы темірбетон және болат сыммен қоршалған. Сонымен қатар нысанда 2 дана темір қақпа құрылысы мен көлік қою тұрағы және қоқыс тастау алаңшасы қаралған.
Аталмыш имарат құрылысы желтоқсан айында аяқталады деп жоспарлануда. Қала басшысы құрылыс жұмыстарын сапалы әрі уақытылы аяқтауды тапсырды.
Шымкенттегі Әл-Фараби ауданына қарасты Текесу елді мекенінде су құбырларын тарту жұмыстары аяқталды.
Қазіргі уақытта тұрғын үйлерді мемлекеттік ауыз су құбырына қосу, яғни абоненттеу жүргізілуде.
Аталған аумақ бойынша 13,5 шақырым су құбыры тартылды.
Айта кетейік, тұрғындар орталықтандырылған ауыз су құбырына қосылу үшін мемлекет тарапынан тасталған құбырдан үй ауласына қосу жұмыстарын өздері жүргізу қажет.
Сонымен қатар, жеке есеп шот ашу үшін меншік иесі, мемлекетті жер АКТ-і, жеке куәлік көшірмесін «Су құбыры және канализация басқармасы» МКК-ге өткізу керек.
Абоненттеу жұмысы толық аяқталған соң Текесу елді мекеніндегі 200 отбасы сапалы ауыз сумен қамтылатын болады.
Биыл қала тұрғындарын сапалы ауыз сумен қамту мақсатында барлығы 7 нысанның құрылысы жүргізілді.
2022 жылдың қорытындысымен Құрсай, Асар-2, Текесу елді мекендері мен Нұртас су жинақтағыш имаратының құрылыс жұмыстары аяқталып, көрсеткішті 98% –дан – 99%-ға жеткізу жоспарланған.
2023 жылы қала тұрғындары 100 % сапалы ауыз сумен қамтылады деп жоспарлануда.
Қала әкімі шалғай елді-мекендердегі тұрғын үй құрылысына берілген жаңақұрылыс жер учаскелерін ауыз сумен қамтуды тапсырған болатын.
Осы мақсатта Еңбекші ауданына қарасты 6 тұрғын алапта, атап айтқанда “Қарабастау”, “Қаратөбе”, “Жұлдыз”, “Тоғыс”, “Жыланбұзған”, “Айнатас” елдімекендерінде құрылыс жұмыстарын жүргізу жоспарланған. Жұмыстар 2023 жылға өтпелі түрде жасалады деп жоспаолануда.
Қазіргі таңда, “Қарабастау” тұрғын алабындағы 1590 абонетті қамтитын ауыз су құрылыс жұмыстары жүргізілуде.
Құрылыс барысында жаңадан құбырлар тартылып, құдықшалар орнатылуда.
Еңбекші ауданына қарасты 6 тұрғын алапта, атап айтқанда “Қарабастау”, “Қаратөбе”, “Жұлдыз”, “Тоғыс”, “Жыланбұзған”, “Айнатас” елдімекендерінде құрылыс жұмыстарын жүргізу жоспарланған. Жұмыстар 2023 жылға өтпелі түрде жасалады деп жоспаолануда.
Қазіргі таңда, “Қарабастау” тұрғын алабындағы 1590 абонетті қамтитын ауыз су құрылыс жұмыстары жүргізілуде.
Құрылыс барысында жаңадан құбырлар тартылып, құдықшалар орнатылуда.
Және де алдағы уақытта “Жұлдыз” тұрғын алабындағы 484 абонетті қамту жұмыстары жүргізілмек.
Аудан аумағындағы 35 шағынаудан мен тұрғын алаптардың халық шоғырланған негізгі бөлігі инженерлік жүйелермен қамтылған. Ал, жаңақұрылыс аумағын ауыз сумен қамту жұмыстары 2023 жылы толығымен аяқталады деп жоспарлануда.

Шымкент: Көшелер қардан тазартылуда

Шымқалаға қар түсіп, аудан әкімі аппаратының қызметкерлері қала көшелерін тазартуды бастап кетті.
Абай ауданы аумағында ішкі орам және орталық көшелерді қардан тазалау жұмыстарына "Build Stroi" ЖШС-нің 25 арнайы техникасы, оның ішінде жолдардағы қарды тазалауға 20 техника, аяқ жолдарды тазалауға арналған 5 техникасы жұмылдырылған. Атап айтқанда, Камаз ПР – 14 дана, Трактор 82,1 – 5 дана, Трактор 320 – 2 дана, Газ-Саз – 3 дана, Газ 53 – 6 дана, Камаз ассенизатор – 2 дана, Камаз пылесос – 1 дана, Haide пылесос – 2 дана, Погрузчик – 2 дана, жалпы саны 200-ге жуық адам жұмылдырылды.

Аталған техникалар 9 бағыт бойынша жұмыстар атқарды. Сонымен қатар, 5875 куб инертті материал бар.

ЕҢБЕКШІ АУДАНЫ АУМАҒЫН ҚАРДАН ТАЗАЛАУ ЖҰМЫСТАРЫ

Еңбекші ауданы аумағында ауа райының қолайсыздығына байланысты орталық көшелерге инертті заттар себіліп, қардан тазалау жұмыстары жүргізілуде. Тазалау жұмыстары мердігер мекеме "Жасыл Жер" ЖШС тарапынан жүзеге асуда..

Аудан көлемінде тазалық жұмыстарына жалпы саны 220 адам Камаз ПР-14 дана, Трактор 82- 3 дана, Мини трактор-1 дана, Камаз -1 дана, Газон -2 дана, Газ-53-6 дана, Камаз ассенизатор -1 дана, Погрузчик -1 дана, Камаз пылесос -1 дана жұмылдырылды.

Атқарылып жатқан жұмыстар толығымен аудан әкімі аппаратының қызметкерлері тарапынан толық бақылауда.

ӘЛ-ФАРАБИ АУДАНЫ АУМАҒЫН ҚАРДАН ТАЗАЛАУ ЖҰМЫСТАРЫ

Әл-Фараби ауданы аумағында таңғы 5-тен бастап басты және ішкі орамдық көшелерде қар күреу жұмыстары басталды. Тазалық жұмыстары мердігер мекеме “Жасыл ел” ЖШС-і тарапынан атқарылуда.

Ауданда көшелер мен аяқжолдарды механикалық тазалау жұмыстарына 37 арнайы техника жұмылдырылды. Атап айтқанда, Камаз – 6 дана , ГАЗ 53- 8 дана, Погрузчик – 1 дана, Камаз ПР – 20 дана, Трактор 82,1 – 3 дана, Трактор 320 – 1 дана, Камаз сельхоз – 3 дана, Газ-Саз – 2 дана, Газ 53 – 4 дана, Камаз ассенизатор – 1 дана, Камаз пылесос – 1 дана, Haide пылесос – 1 дана, Погрузчик – 1 дана, және жалпы саны 50-ден аса жұмысшы күші жұмылдырылды.

Қазіргі таңда аудан көлемінде тайғаққа қарсы себілетін инертті заттар қоры жеткілікті

ҚАРАТАУ АУДАНЫ БОЙЫНША 300 ЖҰМЫСШЫ ҚАР КҮРЕУГЕ ШЫҚТЫ

Шымкент қаласының Қаратау аудан аумағын қардан тазарту жұмыстары қарқынды жүргізілуде.

Алдымен әлеуметтік нысандар айтап айтқанда, тұрғын үй кешендері, жолдар, аялдамалар мен ойын-сауық орталықтары қардан аршылды. Одан соң орталық көшелер мен әлеуметтік нысан орналасқан көшелердің аяқжолдары тазарды.

Бұл іске 21 қар тазалағыш техника, 12 қар тасығыш техника, 1 ассенизатор, 6 трактор және 300 жұмысшы жұмылдырылды.

Бұдан бөлек, тайғақтың алдын алу үшін жолдарға, қиылыстарға, жол айрықтарға мұзды ерітетін арнайы материалдар қолданылды, мөлшері шамамен 250 куб құрайды.

Ауданда тротуарларды, жаяу жүргіншілер жолын, қоғамдық көлік аялдамаларын, тұрақ «қалташаларын», саябақтар мен скверлерді тазалау жұмыстары жалғасуда.

 

Еске сала кетейік, қарлы ауа райына байланысты аудан әкімдігінің салаға жауапты бөлімдерінде қар тазалау жұмыстарын қадағалау бойынша тәулік бойы кезекшілік ұйымдастырылған.

 

ШЫМКЕНТ: ШАҺАР БАСШЫСЫ ШЕТЕЛДІК ИНВЕСТОРДЫ ҚАБЫЛДАДЫ

Бүгін Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов түркиялық инвестор “Milat Hali” компаниясының директоры Искандер Капланды қабылдады. Екі ел арасындағы сауда-экономикалық байланыстар сөз болып, үшінші мегополис мүмкіндіктері жан-жақты айтылды.

Кездесу барысында аталған компания құрылтайшылары одан әрі ынтымақтастықты арттыру мақсатында Шымкентте кілем және кілем бұйымдарын өндіруді іске асыруға мүдделі екендіктерін жеткізді.

Инвестициялардың жоспарланған сомасы шаршы метріне 10 млн АҚШ доллары. Жоба жүзеге асқандв жаңадан 300 жұмыс орны ашылмақ.

“Шымкенттің әлеуеті өте жоғары. Шаһарға инвестиция салушылардың қатары күннен-күнге артып отырғаны бізді қуантады. Халыққа пайдалы болатын әрбір жобаны қашан да қолдауға дайынбыз”,-деді әкім.

Ал компания директоры Искендер Каплан өндірістің қала экономикасындағы экспорт үлесін арттыруға септігін тигізе отырып, жергілікті халықтың тұрақты жұмыспен қамтылуына басымдық беретінін атап өтті.  Айта кетейік, Шымкентке республикалық маңызы бар қала мәртебесі берілгеннен бері өнеркәсіп өнімінің көлемі 492,3 млрд. теңгеден 785,4 млрд. теңгеге ұлғайып, 1,5 трлн. теңгеден астам инвестиция тартылған. Биыл қалаға жарты триллионнан астам инвестиция тарту жоспарланған. Инвестиция тарту бойынша Шымкент 2021 жылдан бері елімізде көш бастап келеді. Естеріңізде болса жақында ғана Шымкент қаласының әкімі түркиялық «Coca-Cola İçecek» компаниясының Алматы қаласындағы директоры Мустафа Белтекинмен кездескен болатын. Үшінші мегаполис мүмкіншіліктерін атап өткен шаһар басшысы компания өкіліне Шымкенттен осы сусындарды өндіретін арнайы өндіріс орнын ашу үшін барлық жағдайдың бар екендігін айтып, Шымкенттің салалық мүмкіншіліктеріне тоқталды. Ал «Coca-Cola İçecek» компаниясының өкілі әкімдік тарапынан арнайы жер телімі және инфрақұрылыммен қамтылу жағынан қолдау болса, инвестиция құюға әзір екендіктерін жеткізген еді.

ШЫМКЕНТ: ТЕКЕСУ ЕЛДІ МЕКЕНІНДЕ АУЫЗ СУМЕН ҚАМТУ ҚҰРЫЛЫСЫ АЯҚТАЛДЫ

Шымкенттегі Әл-Фараби ауданына қарасты Текесу елдімекенінде су құбырларын тарту жұмыстары аяқталды.

Қазіргі уақытта тұрғын үйлерді мемлекеттік ауыз су құбырына қосу, яғни абоненттеу жүргізілуде.

Аталған аумақ бойынша 13,5 шақырым су құбыры тартылды.

Айта кетейік, тұрғындар орталықтандырылған ауыз су құбырына қосылу үшін мемлекет тарапынан тасталған құбырдан үй ауласына қосу жұмыстарын өздері жүргізу қажет.

Сонымен қатар, жеке есеп шот ашу үшін меншік иесі, мемлекетті жер АКТ-і, жеке куәлік көшірмесін «Су құбыры және канализация басқармасы» МКК-ге өткізу керек.

Абоненттеу жұмысы толық аяқталған соң Текесу елді мекеніндегі 200 отбасы сапалы ауыз сумен қамтылатын болады.

Биыл қала тұрғындарын сапалы ауыз сумен қамту мақсатында барлығы 7 нысанның құрылысы жүргізілді.

2022 жылдың қорытындысымен Құрсай, Асар-2, Текесу елді мекендері мен Нұртас су жинақтағыш имаратының құрылыс жұмыстары аяқталып, көрсеткішті 98% –дан – 99%-ға жеткізу жоспарланған.

2023 жылы қала тұрғындары 100 % сапалы ауыз сумен қамтылады деп жоспарлануда.

Естеріңізге сала кетейік, қала әкімі шалғай елдімекендердегі тұрғын үй құрылысына берілген жаңақұрылыс жер учаскелерін ауыз сумен қамтуды тапсырған болатын.
Осы мақсатта Еңбекші ауданына қарасты 6 тұрғын алапта, атап айтқанда “Қарабастау”, “Қаратөбе”, “Жұлдыз”, “Тоғыс”, “Жыланбұзған”, “Айнатас” елдімекендерінде құрылыс жұмыстарын жүргізу жоспарланған. Жұмыстар 2023 жылға өтпелі түрде жасалады деп жоспарлануда.
Қазіргі таңда, “Қарабастау” тұрғын алабындағы 1590 абонетті қамтитын ауыз су құрылыс жұмыстары жүргізілуде.
Құрылыс барысында жаңадан құбырлар тартылып, құдықшалар орнатылуда.
Және де алдағы уақытта “Жұлдыз” тұрғын алабындағы 484 абонетті қамту жұмыстары жүргізілмек.
Аудан аумағындағы 35 шағынаудан мен тұрғын алаптардың халық шоғырланған негізгі бөлігі инженерлік жүйелермен қамтылған. Ал, жаңақұрылыс аумағын ауыз сумен қамту жұмыстары 2023 жылы толығымен аяқталады деп жоспарлануда.
Мегаполис тұрғындарын сапалы ауыз сумен қамту құрылысы жалғасуда.
Аталған елді мекенді сапалы ауыз сумен қамту құрылысы өткен жылы басталған.

Осы RSS каналға жазылу