Super User

Super User

ШЫМКЕНТТЕ «НҰРЛЫ КӨШ» АРҚЫЛЫ БАСПАНАЛАР НИСЕГЕ РӘСІМДЕЛУДЕ

Шымкентте "Нұрлы көш" пилоттық бағдарламасы аясында 613 азамат “Отбасы банк” арқылы ипотекалық несие рәсімдеп, бағдарламаның талабында көрсетілген шарттарды орындауда.

Пилоттық жобаға енген 975 тұрғын үй Асар шағын ауданында орналасқан.
Бұл үйлер 2010-2012 жылдары аталған бағдарлама шеңберінде Өзбекстан елінен көшіп келген қандастарға сатып алу құқығымен 8 жылға жалға берілген болатын. Енді тұрғындар «Нұрлы көш» пилоттық бағдарламасы аясындағы баспаналарды банк арқылы несиелік негізде рәсімдеулері қажет. Осыған байланысты арнайы жоспар бекітілген.
Осыны негізге ала отырып, «Отбасы банк» АҚ ШҚФ Қаратау ауданы әкімі аппараты, «Ел-Аманаты» қоғамдық бірлестігімен бірлесе тиісті жұмыстарды ары қарай жалғастыра бермек.
“Бақытты отбасы” бағдарламасының нәтижесі baspana kz маркетінде азаматтардың жеке кабинетіне шықты.
“Отбасы банкі” жариялаған ақпараттарға сәйкес қатысушылардың төлем қабілеттігін бағалау қараша айының 7-і мен 30-ы аралығында жүргізіліп, азаматтардың тұрғын үйді таңдау кезеңі желтоқсан айының 8-інен басталады. Іріктеу мерзімі аяқталған соң банк іректеуге арналған құжаттарды қабылдамайды. Аталған тұрғын үйлер Шымыкент қаласының Арғынбеков және Тұран шағын аудандарында орналасқан.
2022 жылы Шымкент қаласына “Бақытты отбасы 2-10-20” бағыты бойынша жалпы саны 472 отбасына оның ішінде көпбалалы отбасылар-245 , мүгедек бала асыраушы отбасылар-187, толық емес отбасыларға-40 лимит бөлінді.
Аталған бағыт бойынша өтінім тапсыру 20 маусымнан бастап “Отбасы банк” АҚ-ның интернет-ресурсы арқылы жүзеге асырылған болатын. Енді “Бақытты отбасы” бағдарламасының қатысушылары таза әрлеудегі әкімдіктің тапсырысымен салынған үйлерді алады. Әлеуметтік тұрғын үй 3-4 жайлылық класына сәйкес келеді. Пәтерлердің ауданы 80 шаршы метрге дейін қарастырылған.
Еске салар болсақ, енді «Бақытты отбасы» бағдарламасының қатысушылары таза әрлеудегі әкімдіктің тапсырысымен салынған үйлерді алады. Әлеуметтік тұрғын үй 3-4 жайлылық класына сәйкес келетін және пәтердің ең үлкен ауданы 80 шаршы метрге дейін қарастырылған.
Қазіргі таңда Шымкент қаласы бойынша Бақытты отбасы» бағдарламасы қатысушыларының негізгі тізімдегі азаматтар арасында Тұран 2 шағын ауданындағы 168 пәтер және Нұрсәт шағын аудандарында орналасқан 162 пәтер бойынша конкурстар «Отбасы банк» арқылы жүргізілуде.
Сондай ақ 2023 жылдан бастап «Бақытты отбасы» бағдарламасына тұрғын үй кезегіндегі көпбалалы отбасылар, жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар сонымен қатар 1 және 2 топ мүгедектері, мүгедек бала асыраушы отбасы санатындағы азаматтар аталған тұрғын үй бағдарламасына қатыса алады. «Бақытты отбасы» бағдарламасы бастапқы жарна -10%, банктің жылдық мөлшерлемесі – 2% -ды құрайды. Ипотекалық несиелендіру 20 жылға рәсімделеді. Толық емес отбасылар санатындағы азаматтар енді бұл бағдарламаға қатыса алмайды.

ШЫМКЕНТТІҢ ӘЛЕУМЕТТІК-ЭКОНОМИКАЛЫҚ ДАМУЫ ОҢ КӨРСЕТКІШКЕ ИЕ

ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайылов бүгінгі Үкімет отырысында еліміздің қаңтар-қазан айындағы әлеуметтік-даму қорытындысын жасады. Жиын барысында премьер-министр Шымкентте барлық сала бойынша оң өсім сақталып тұрғанын және атқарылуға тиіс межелерді орындауда елімізде көшбасшы өңірлер қатарында екенін айтты.

• Өнеркәсіп өнім көлемі 750,3 млрд.теңге жетіп, нақты көлем индексі 105,8 пайызды құрады. Оның ішінде, өңдеу өнеркәсібі – 107,3 пайыз болып отыр.

• Инвестиция көлемі 403,2 млрд.теңге болып, 18,3 пайызға артты.

Оның ішінде, мемлекеттік бюджеттен 93 млрд.теңге, жеке көздерден 310,2 млрд.теңге.

• Құрылыс жұмыстарының көлемі 150 млрд.теңге немесе 138,6 пайыз құрады.

• Пайдалануға берілген тұрғын үй көлемі 599 мың шаршы метр немесе 126,2 пайыз болды.

• Жалпы сауда көлемі 1 578,3 млрд.теңге болып, нақты көлем индексі 14,8 пайызға артты. Оның ішінде, бөлшек сауда 482,1 млрд.теңге, нақты көлем индексі 112,1 пайыз, көтерме сауда 1 091,3 млрд. теңге, 116 пайыз.

• Жалпы көлік көлемі 258,0 млрд. теңге болып, 107,7 пайызды құрады.

Жолаушылар айналымының нақты көлем индексі өткен жылдың сәйкес кезеңімен 1,0 пайызға, жүк айналымы 4,6 пайызға артты.

• Байланыс қызметі 6,9 млрд. теңгені немесе 105,0 пайызды құрады.Цифрландыру бағытында да шаһардың көрсеткіші жоғары. Шымкент қаласы бұл бойынша республикада Нұр-Сұлтан, Алматыдан кейінгі үшінші орында. Мәселен, 2021 жыл Шымкенттің жалпы өңірлік өнімі 2,6 трлн. теңгеден асты, экономикалық өсім 5,4 пайызды құрады.

Биылғы жылы алғашқы бес айда: өнеркәсіп өнім көлемінің индексі 7,9 пайызға, инвестиция көлемі 29,2 пайызға,құрылыс жұмыстары 3,4 пайызға, пайдалануға берілген тұрғын үй алаңы 44,5 пайызға,бөлшек сауда көлемі 18,5 пайызға артты.Атап айтар болсақ алдыңғы 2021 бірінші жартыжылдықтың қорытындысы бойынша қала экономикасында оң даму динамикасы қалыптасып отыр. Экономиканы құрайтын негізгі көрсеткіштер өсімі қамтамасыз етіліп, күрделі кезеңде халықтың табысын сақтап, оның әл-ауқатын арттыру жөніндегі міндеттер табысты іске асырылуда.Атап айтар болсақ, 2021 жылдың қаңтар-маусым айларында Шымкент қаласындағы өндіріс орындарында 355 млрд. теңгенің өнімі шығарылып, былтырғы жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 7,2 пайызға артты. Ал ауылшаруашылығы саласында өсім 2,1 пайыз болып, өнідірілген өнім көлемі 17,2 млрд. теңге болды.Шымкент инвестиция тартудан да алдыңғы орындарда. 2021 жылдың бірінші жартыжылдықта қала экономикасына тартылған инвестиция көлемі 131,8 млрд теңгеге жетіп, былтырғы жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 18,9 пайызға өсті. Құрылыс жұмыстары 50,1 млрд. теңгеге жетіп, 15,6 пайыз өсімді көрсетті. Ал бөлшек сауданың үлесі 198, 5 млрд теңгені құрап, 9,6 пайызға артса, тұрғын үй 276,3 млрд теңге болып, 1,9 пайызға өскен.

 

ШЫМКЕНТТЕ ЕСКІРГЕН 178 АЯЛДАМА ЖАҢАРТЫЛДЫ

Шымкентте аялдамалар жаңартылып жатыр. Биыл Шымкенттегі ескі аялдамалардың 178-і ауысты. Аталмыш жұмыстарға 350 млн теңге қаржы қарастырылып отыр. Осылайша Төлеметов, Ізгілік, Патеев, Желтоқсан, Исмайлов, Жібек жолы сияқты бірнеше көшелер мен Тәуке хан, Республика, Бәйдібек би даңғылдары бойындағы аялдамалар жаңарды. Барлығы жаңа типте салынған.

Барлық аялдамалар шымкент қаласының жолаушылар көлігін дамытудың кешенді схемасына сәйкес орнатылды. Жоспар бойынша, 2020 жылдан бері 530 аялдама жаңартылған. Мамандар ескі аялдамалар басқа мақсатқа жұмсалмайды дейді. Олар қалаға кейін қосылған шалғай елдімекендерге орнатылмақ.Жолаушылар көлігін дамытудың кешенді схемасына сәйкес орнатылған аялдамалар шыныдан жасалған. Қоғамдық көлікпен жүретін көпшілік үшін барлық жағдай оңтайландырылған.

Ал, қолданысқа жарамды ескі аялдамалар қалаға іргелес жатқан елдімекендерге атап айтқанда, Жыланбұзған, Маятас пен Қарабастау тұрғын алаптарына орнатылуда.

Сала мамандары аялдамалардың ұзақ сақталып, шаһар көркін кіргізіп тұруы - сапасына ғана емес, қала тұрғындарының істелінген жұмысқа жауапкершілікпен қарап, орындықтарды сындырмай, тұрған орнын бүлдірмей таза ұстауына да байланысты екенін айтады.

Қазіргі таңда Шымкентте 1 886 аялдама орны бар болса, оның 1336-сы аялдама павильоны, қалғанына арнайы белгілер орнатылған.

Жұмыстар шілде айында басталған. Бірінші кезеңде 150, екінші кезеңде 28 аялдама орнатылды. Қазір шаһарда жаңа үлгідегі  - 848 аялдама бар. Алдағы 5 жылда 1050 аялдама жаіңарады деген жоспар бар.

Айта кетейік, Шымкентте жаңа аялдамалар орнатылып, жол сызықтары жаңартылуда. Қалалық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының дерегінше, қазіргі уақытта Шымкент қаласында 78 тұрақты қалалық маршрут қызмет көрсетеді, күнделікте маршруттарға 843 автобус шығады. Қалады жалпы автобустардың саны резервпен қосқанда 1000 автобусты құрайды.

ЖАҢАҚҰРЫЛЫС АУМАҒЫНДА АУЫЗ СУМЕН ҚАМТУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛУДЕ

Қала әкімі шалғай елді-мекендердегі тұрғын үй құрылысына берілген жаңақұрылыс жер учаскелерін ауыз сумен қамтуды тапсырған болатын.

Осы мақсатта Еңбекші ауданына қарасты 6 тұрғын алапта, атап айтқанда “Қарабастау”, “Қаратөбе”, “Жұлдыз”, “Тоғыс”, “Жыланбұзған”, “Айнатас” елдімекендерінде құрылыс жұмыстарын жүргізу жоспарланған. Жұмыстар 2023 жылға өтпелі түрде жасалады деп жоспаолануда.
Қазіргі таңда, “Қарабастау” тұрғын алабындағы 1590 абонетті қамтитын ауыз су құрылыс жұмыстары жүргізілуде.
Құрылыс барысында жаңадан құбырлар тартылып, құдықшалар орнатылуда.
Және де алдағы уақытта “Жұлдыз” тұрғын алабындағы 484 абонетті қамту жұмыстары жүргізілмек.
Аудан аумағындағы 35 шағынаудан мен тұрғын алаптардың халық шоғырланған негізгі бөлігі инженерлік жүйелермен қамтылған. Ал, жаңақұрылыс аумағын ауыз сумен қамту жұмыстары 2023 жылы толығымен аяқталады деп жоспарлануда.
Мегаполис тұрғындарын сапалы ауыз сумен қамту құрылысы жалғасуда.
Аталған елді мекенді сапалы ауыз сумен қамту құрылысы өткен жылы басталған.
1-кезек бойынша, 185,5 шақырым су құбырын тарту құрылысының бүгінде 95 пайызы аяқталды.
Ал, 2-кезек бойынша, 151 шақырым су жүйесін орнату қажет болса, бүгінде оның 94 пайызы тартылды.
Сондай-ақ, Құрсай елді мекеніне су беру мақсатында жоба бойынша 1000 м3-тан 2 дана су жинау резервуарының құрылысы қарастырылған. Резервуардан шыққан ауыз су екі сорғы станциясы арқылы абоненттерге беріледі. Қазіргі таңда, резервуардың қабырғалары құйылуда. Құрылысын желтоқсан айында аяқтап, іске қосу жоспарланған.
Бүгінгі таңда, Құрсай елді мекені тұрғындары ауыз суды кестемен тұтынуда.
Жыл соңында Құрсайдағы 8 336 абонент, яғни 41 680 адам сапалы ауыз сумен қамтылатын болады.
2022 жылдың қорытындысымен Құрсай, Асар-2, Текесу елді мекендері мен Нұртас су жинақтағыш имаратының құрылыс жұмыстары аяқталады.
Нәтижесінде, қала тұрғындарының сапалы ауыз сумен қамтылу көрсеткіші 98% –дан – 99%-ға өспек.
Бекітілген жоспарға сәйкес, Шымкент қаласының тұрғындары 2023 жылы 100 пайыз сапалы ауыз сумен қамтылатын болады.
7 560-тан астам тұрғыны бар аумақты сапалы ауыз сумен қамту үшін құрылыс жұмыстары 2 кезеңмен атқарылуда.
1-кезеңде 185,5 шақырымға су құбыры тартылып, бітуге жақын. Нәтижесінде 4 900 абонент сапалы ауыз сумен қамтылады. Ал 2-кезеңде тартылатын су жүйесінің жалпы ұзындығы 151 шақырымды құрайды, құрылыс жұмыстарының 92% орындалды. Қараша айында
3 436 абонент, немесе жыл соңына дейін барлығы 41 680 тұрғын таза суға қол жеткізетін болады.

Осы RSS каналға жазылу