Super User

Super User

ШЫМКЕНТ: “AGRITEK SHYMKENT’2022” АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫНЫҢ ІХ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ КӨРМЕСІ ӨТУДЕ

Шымкентте “AgriTek Shymkent’2022” ауыл шаруашылығының ІХ халықаралық мамандандырылған көрмесі өтуде. Бүгін көрме аясында өткен конференцияға қала басшысы М. Дүйсенбекұлы арнайы қатысып, сала көшбасшыларымен пікір алмасты.

 Урбанизациясы мен агломерациясы күн санап өсіп келе жатқан үшінші мегаполис - еліміздегі ауыл шаруашылығы үшін қолайлы аймақтардың бірі. Мұны ескерген шаһар басшысы егіс егіп, өнім өндіруде алыс-жақын шет елдердің озық технологияларын үйреніп, тәжірибеде іске асыру қажеттігін де қаперге ілді. Сөз соңында жемісті еңбек етіп, ауыл шаруашылық саласын өркендету жолында тер төгіп жүрген қатысушыларға табыс тіледі.

- Жемісті жылдың жетістігін паш ететін барлық ауыл шаруашылығы өнімін өндіретін шаруаларға, кәсіпкерлерге зор алғысымды білдіремін. Дихандарымыздың, ауыл шаруашылығы тауар өндірушілердің жоғары кәсібилігінің, өз ісіне адалдығының және қажырлы еңбегінің арқасында агроөнеркәсіп кешені азық-түлік қауіпсіздігінің сенімді кепіліне және экономикалық дамудың басты қозғаушы күшіне айналды,-деді әкім.  

Айтып өтейік, көрме қараша айының 9-11 күндері аралығында жалғасады. Қазіргі таңда мұнда ауыл шаруашылығы техникасы мен жабдықтары, суару және тыңайтқыш технологиялары, тұқымдар мен көшеттер, құс және мал шаруашылығына арналған жабдықтар мен технологиялар, сондай-ақ ветеринариялық технологиялар қойылған. Жалпы еліміздің және Корея, Ресей, Түркия сынды басқа да 50-ден астам мемлекеттің экспоненттері ұсынылып отыр.  

Тілге тиек етейік, Шымкент қаласында ауылшаруашылық саласы  тәуелсіздік жылдары  тоқырауға ұшырамай  қайта сатылап дамып келеді. Нәтижесінде,  аталмыш саланың барлық индикаторлары соңғы жылдары жоғарғы көрсеткіштерге ие болды. Агро саланың мал, құс, егіншілік, бау, жылыжай түрлерін дамытып бүгінде балық шаруашылығына да ерекше көңіл бөліп отыр. Ал агроиндустриалдық аймақ мегаполистің халқын азық-түлікпен қамтамасыз етіп қана қоймай, экономикасын дамытуға да айтарлықтай үлес қосып келеді.

ШЫМКЕНТТЕ ЮНУС ЭМРЕГЕ ЕСКЕРТКІШ ҚОЙЫЛДЫ

Бүгін Шымкентте Қ.А.Яссауи ілімін жалғастырушы, түрік жұртына танымал ақын-жазушы Юнус Эмренің ескерткіші қойылды.

Салтанатты шараға қала әкімі Мұрат Әйтенов, Түркия Республикасының сыртқы істер министрі Мевлют Чавушоглу, Түркия Республикасының Шымкент қаласындағы Құрметті Консулдығының құрметті Консулы Асанов Латипша Қаймаханұлы, БАҚ өкілдері мен қала тұрғындары қатысты.

Жиында сөз алған шаһар басшысы жазушы Юнус Эмренің шығармашылары мен өмір жолына тоқталды. “Ю.Эмре бізге Қожа Ахмет Яссауидың сопылық ілімін жалғастырушы ретінде белгілі автор. Оның шығармалары сүйіспеншілік пен мейірімділікке негізделген. Түркі жұртына танымал “Көк түрік ” деп рух берген Мағжан Жұмабаевтың шығармалары да Юнус Эмре есімімен тығыз байланысты”,-деді М.Әйтенов.

Шаһар басшысы Қазақстан Республикасы мен Туркия Республикасы Президенттерінің жыл сайынғы кездесулері достық пен мемлекет аралық қатынастардың беріктігін де тілге тиек етті. Сонымен қатар ол түбі бір түркі жұртының тарихы мен мәдениетінің және рухани байланыстарына негізделген қазақ-түрік достығының дәлелі ретінде Шымкент қаласының Измир, Ескишехир, Адана қалаларымен достық байланыс орнатқанын да атап өтті.

Түркия елімен стратегиялық жоспарлардың, сауда-экономикалық қарым-қатынас пен бірлескен жобалардың жаңа белеске көтерілетініне сенім білдірген қала әкімі Шымкент қаласы мен Түркия Республикасы арасындағы бауырластықтың нығаюына үлкен үлес қосып жүрген Түркия Республикасының Шымкент қаласындағы Құрметті Консулдықтың құрметті Консулы Латипша Қаймаханұлының атқарған еңбегін ескерусіз қалдырмады.

Сөз соңында М.Дүйсенбекұлы жиылған жұртқа ақжарма тілегін жолдап, зор денсаулық, берекелі табыс, бақ-береке тіледі.

ШЫМКЕНТ: ЖАРЫҚТАНДЫРУ САЛАСЫ АВТОМАТТАНДЫРЫЛУДА

Шымкент қаласының инфрақұрылымын жүйелендіру мақсатында «Ақылды қала» жобасы негізінде жарықтандыру саласы автоматтандырылуда. Көше жарығы диспетчерлік орталық ағымдағы жылдың мамыр айынан бастап өз жұмысын бастаған болатын. Орталық арқылы әзірше қала аумағындағы 97 көшенің жарықтандыру жүйелері толықтай басқарылуда. Яғни, істен шыққан жарықшамдар кері байланыс арқылы автоматты түрде мониторда көрсетіледі және түнгі мезгілде көлік қозғалысы баяулаған кездерде жарық беру пайызы автоматты төмендейді. Бұл электр қуатын едәуір үнемдеуге септігін тигізеді.Бүгін аталған орталыққа қала әкімі Мұрат Әйтенов арнайы барып, операторлардың диспетчерлік жұмысы мен бірегей жобаның мүмкіндіктерімен танысу барысында, тұрғындар қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында қала аумағында басқа да жаңа технологияларды зерттеп, қала өміріне енгізуді тапсырды. Қазіргі уақытта әлеуметтік маңызы бар 747 көшенің 324-і жарықтандырылған. 2024 жылы барлық көшелерді 100 % автоматтандыру жоспарланған.  Шымкент қаласында жалпы ұзындығы 1 758 шақырымды құрайтын 747 әлеуметтік маңызға ие көше бар. Биыл мемлекеттік-жекешелік әріптестік аясында 102 көшені жарықтандыру жоспарланған. Қазіргі таңда құрылыс жұмыстары қарқынды түрде жүргізілуде. Естеріңізде болса, былтырғы жылы 106 көше жарықтанып, жалпы жарық көшелер көрстекіші 43,4 %-ға жеткен-ді. Биылмен қоса алғанда жарықтанған көшелер саны 324-ке артып, көрсеткішті 57%-ға ұлғайту көзделуде. Жоспарға сәйкес, 2025 жылға 75%-ға жеткізу межеленген. Айта кетейік, Шымкентте биылғы жылы қала тұрғындарының қауіпсіздігі үшін жалпы 1000 бейнебақылау камерасы орнатылды.

 

Оның 800-і қоғамдық қауіпсіздікті сақтауға арналған болса, 200 - і сергек – жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында. Шаһар аумағында тұрғындардың өмір сүруіне қолайлы әрі қауіпсіз қала ету мақсатында жыл сайын көшелерге және көп қабатты тұрғын үйлерге қойылып жатқан бейнебақылау камераларының саны артып келеді. Бүгінде қала аумағындағы бейнебақылау камера саны 2020 жылығымен салыстырғанда 3 есеге артып, қосымша автоматтындырылған 32 жұмыс орны ашылды. Нәтижесінде қылмыстық оқиғалардың орын алу көрсеткіші 15,3 %-ға азайған

ШЫМКЕНТ: ӘЛ-ФАРАБИ АУДАНЫНДА 24 КӨШЕГЕ ИРРИГАЦИЯЛЫҚ ЖҮЙЕЛЕР САЛЫНУДА

Бүгін қала әкімі Мұрат Әйтенов Әл-Фараби ауданы аумағындағы су басу қауіпі басым жерлерде болды.

Әл-Фараби ауданы әкімі аппаратының мамандары тарапынан зерделеу жұмыстары жүргізіп, жалпы 26 мекен-жайға ирригациялық жүйелерді орнату бойынша бюджетке өтінім берілген болатын. Нәтижесінде 19 жоба 24 көшеге (ұзындығы 11,7 км) ирригациялық арықтарды салу бойынша ұсыныс қолдау тапты.

Бүгінгі таңда, мердігер мекеме тарапынан жұмыстардың 85% орындалды. Мұрат Дүйсенбекұлы қараша айының 15 дейін жұмыстарды толық аяқтауды тапсырды.

Ал 2023 жылға қалған 7 көшеге ирригациялық жүйелер орнату бюджеттік өтінім қайта ұсынылатын болады.

Көшелердің тізімі:

1. Сәуле шағын ауданыны Зерде көшесі-1000м

2. Сәуле шағын ауданыны Көксай-2 көшесі-1200м

3. Сәуле шағын ауданыны Ақмешіт көшесі (септик орнату)-250м

4. Сәуле шағын ауданыны Бөген көшесі-1000м

5. Сәуле шағын ауданыны Жеңістің 50 жылдығы көшесі-600м

6. Сәуле шағын ауданыны Жаңабазар көшесі-450м

7. Сәуле шағын ауданыны Тұмарлы көшесі-300м

8. Забадам шағын ауданында Таусамалы көшесі-900м

9. Забадам шағынауданы Тобыл, Балдаурен, Айкөл көшесі-350м

10. Забадам шағынауданы Қажымұқан көшесі-200м

11. Забадам шағынауданы Қарабастау көшесі-350м

12. Забадам шағынауданы Макаренко көшесі-350м

13. Забадам шағынауданы Саттарханов және Ашурходжаев көшелерінің қиылысы-70м

14. Забадам шағынауданы Абат көшесі, Забадамский көшесі-560м

15. Шәймерденов көшесі-1700м

16. Ж.Тәшенов көшесі мен Шолохов көшелерінің қиылысы-250м

17. Республика даңғылы 19б үй аумағы-500м

18. Ескі қалашық Хаят көшесі, Амангельді көшесі, Шымкентский көшесі-1500м

19. Көк сай-1 Анарова көшесі-160м. Айта кетейік, 2023-2025 жылдар аралығында Шымкент қаласы Еңбекші ауданындағы 31 мекенжайға ирригациялық арық орнату жұмыстары жүргізіледі. Аудан аумағында күз, көктем мезгілдерінде жауын-шашын суларының басуының алдын алу мақсатында, 2021 жылы 14 мекенжайда 3,3 шақырым ирригациялық арықтар орнатылды. Ағымдағы жылы жауын-шашын шамадан тыс жауып, 52 мекенжайда су көлдеу орын алды. Су басудың алдын-алу бойынша бірінші кезекте 7,3 шақырымды құрайтын 21 мекен-жайға ирригациялық арықтар орнату жоспарланып, бюджеттен қаржы бөлінді.

Осы RSS каналға жазылу