Super User

Super User

Сайрам: «Құқықтық тәртіп» жедел-профилактикалық іс-шарасы өтуде

Сайрам ауданы аумағында қараша айының 9-11 аралығында республикалық «Құқықтық тәртіп» жоспарлы жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізілуде.

Басты мақсаты – аумақтағы жедел жағдайды сауықтыру, заңдылық пен құқықтық тәртіпті, қауіпсіздікті қамтамасыз ету.

Іс-шара аясында:

- қоғамдық орындарда, көшелерде жасалатын қылмыстардың алдын алу;

- ІІО есебінде тұратын адамдарды (бұрын сотталғандар, маскүнемдер, нашақорлар, психикалық науқастар, әкімшілік қадағалау белгіленген педофиль және психикалық мекемелерде есепте тұратын педофильдер) тексеруді жүзеге асыру;

- тыйым салынған заттарды (есірткі құралдары, атыс қаруы, жарылғыш заттар) заңсыз сақтаған не тасымалдаған адамдарды анықтау;

- қылмыстардың ізін суытпай және бұрын жасалған қылмыстарды ашу;

- қоғамдағы ұсақ құқық бұзушылыққа мүлдем төзбеушілік қағидатын қамтамасыз ету бойынша қосымша шаралар қабылдау;

- көлік құралының және жеке басты куәландыратын құжаттарды тексеру, көлікті тінту және азаматтардың заттарын тексеру;

- саяжай алқаптарын, демалыс аймақтарын, құрылыс нысандарын, базар, техникалық қызмет көрсету стансаларын, шаруа және фермер қожалықтарын, шалғай учаскелерді, қыстауларды тексеру жұмыстары жүзеге асырылуда.

Сайрам АПБ-ның полицейлері іс-шараның екі күні ішінде барлығы 217 әкімшілік құқық бұзушылық анықтап, әкімшілік хаттама толтырды. Оның ішінде ҚР ӘҚБтК-нің 73-бабымен (Отбасы-тұрмыстық қатынастар аясындағы құқыққа қарсы әрекеттер) 5 хаттама, 127-бабымен (Кәмелетке толмаған адамды тәрбиелеу және (немесе) оған білім беру, оның құқықтары мен мүдделерін қорғау жөніндегі міндеттерді орындамау) 2, 434-бабымен (Ұсақ бұзақылық) 2, 437-бабымен (Тыныштықты бұзу) 2, 440-бабымен (Алкогольдік ішімдіктерді iшу немесе қоғамдық орындарға масаң күйде келу) 5, 442-бабымен (Кәмелетке толмағандардың заңды өкілдерінің еріп жүруінсіз түнгі уақытта ойын-сауық мекемелерінде немесе тұрғынжайдан тыс жерде болуы) 7, 492-бабымен (Қазақстан Республикасында тiркеусiз не жеке басты куәландыратын құжаттарсыз тұру) 18, 517-бабымен (Шетелдiктiң немесе азаматтығы жоқ адамның Қазақстан Республикасының халықтың көші-қоны саласындағы заңнамасын бұзуы) 4, 518-бабымен (Шетелдiктерді және азаматтығы жоқ адамдарды қабылдайтын жеке немесе заңды тұлғалардың Қазақстан Республикасының халықтың көші-қоны саласындағы заңнамасын бұзуы)2 хаттама, 596-бабының 3-тармағымен (Көлiк құралын жолдың жүру бөлiгiнде орналастыру, қарсы жүрiп өту немесе басып озу қағидаларын бұзу) 1, 600-бабымен (Жаяу жүргiншiлердің немесе жол жүрiсiнiң өзге де қатысушыларының жүруiне басымдық бермеу) 1, 601-бабымен (Жол белгiлерiмен немесе жолдың жүру бөлiгiндегiтаңбалармен көрсетiлген талаптарды сақтамау) 20, 608-бабымен (Жүргізушінің көлік құралын алкогольдік, есірткілік және (немесе) уытқұмарлық масаң күйде басқару) 1 және 615-бабымен (Жаяу жүргiншiлердiң және жол жүрісіне өзге де қатысушылардың жол жүрісі қағидаларын бұзуы) 9 хаттама толтырылды.

Құрметті аудан тұрғындары!

Аудан орталығы Ақсукенттегі Жібек жолы көшесі бойында орналасқан «Арзан» сауда үйінің алдындағы «3.27. Тоқтауға тыйым салынады» белгісінің астында және одан ары қарай 800 метр қашықтыққа дейін автокөлікпен тоқтауға тыйым салынатынын ескертеміз. Құқық бұзушылыққа жол берген жүргізушіге ҚР ӘҚБтК-нің 597-бабымен 5 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде (15 315 теңге) айыппұл салуға әкеп соғады.

САЙРАМДА «ҚҰҚЫҚТЫҚ ТӘРТІП» ЖЕДЕЛ-ПРОФИЛАКТИКАЛЫҚ ІС-ШАРАСЫ ӨТУДЕ

Сайрам ауданының аумағында Сайрам Ауданы Полиция Басқармасымен қоғамдық тәртіп бақылауға алынып, 9-11 қараша күндері республикалық «Құқықтық тәртіп» жоспарлы жедел- профилактикалық іс-шарасы өткізілуде.

Басты мақсаты – аумақтағы жедел жағдайды сауықтыру, заңдылық пен құқықтық тәртіпті, қауіпсіздікті қамтамасыз ету.

Іс-шара аясында қоғамдық орындарда, көшелерде жасалатын қылмыстардың алдын алу, ІІО есебінде тұратын адамдарды тексеруді жүзеге асыру, тыйым салынған заңсыз сақтаған не тасымалдаған адамдарды анықтау, қылмыстардың ізін суытпай және бұрын жасалған қылмыстарды ашу, қоғамдағы ұсақ құқық бұзушылыққа мүлдем төзбеушілік қағидатын қамтамасыз ету бойынша қосымша шаралар қабылдау, көлік құралының және жеке басты куәландыратын құжаттарды тексеру, көлікті тінту және азаматтардың заттарын тексеру, саяжай алқаптарын, демалыс аймақтарын, құрылыс нысандарын, базар, техникалық қызмет көрсету стансаларын, шаруа және фермер қожалықтарын, шалғай учаскелерді, қыстауларды тексеру жұмыстары жүзеге асырылуда.

Аталған іс-шара аясында жергілікті құқық қорғау органының қызметкерлерімен Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық Кодексіне сәйкес, 217 әкімшілік құқық бұзушылық анықталып, әкімшілік хаттама толтырылды.

Атап айтқанда,

73-бабымен отбасы-тұрмыстық қатынастар аясындағы құқыққа қарсы әрекеттер - 5,

127-бабымен (Кәмелетке толмаған адамды тәрбиелеу және (немесе) оған білім беру, оның құқықтары мен мүдделерін қорғау жөніндегі міндеттерді орындамау - 2,

434-бабымен ұсақ бұзақылық - 2,

437-бабымен тыныштықты бұзу - 2,

440-бабымен алкогольдік ішімдіктерді iшу немесе қоғамдық орындарға масаң күйде келу - 5,

442-бабымен кәмелетке толмағандардың заңды өкілдерінің еріп жүруінсіз түнгі уақытта ойын-сауық мекемелерінде немесе тұрғынжайдан тыс жерде болуы - 7,

492-бабымен Қазақстан Республикасында тiркеусiз не жеке басты куәландыратын құжаттарсыз тұру - 18,

517-бабымен шетелдiктiң немесе азаматтығы жоқ адамның Қазақстан Республикасының халықтың көші-қоны саласындағы заңнамасын бұзуы - 4,

518-бабымен шетелдiктерді және азаматтығы жоқ адамдарды қабылдайтын жеке немесе заңды тұлғалардың Қазақстан Республикасының халықтың көші-қоны саласындағы заңнамасын бұзуы - 2,

96-бабының 3-тармағымен көлiк құралын жолдың жүру бөлiгiнде орналастыру, қарсы жүрiп өту немесе басып озу қағидаларын бұзу - 1,

600-бабымен жаяу жүргiншiлердің немесе жол жүрiсiнiң өзге де қатысушыларының жүруiне басымдық бермеу - 1,

601-бабымен жол белгiлерiмен немесе жолдың жүру бөлiгiндегi таңбалармен көрсетiлген талаптарды сақтамау - 20,

608-бабымен жүргізушінің көлік құралын алкогольдік, есірткілік және уытқұмарлық масаң күйде басқару – 1,

615-бабымен жаяу жүргiншiлердiң және жол жүрісіне өзге де қатысушылардың жол жүрісі қағидаларын бұзуы - 9.

Құрметті аудан тұрғындары!

Ақсукент ауылдық округіндегі Жібек жолы көшесі бойында орналсқан «Арзан» сауда үйінің алдындағы «3.27. Тоқтауға тыйым салынады» белгісінің астында және одан ары қарай 800 метр қашықтыққа дейін авток-өлікпен тоқтауға тыйым салынатыны ескертіледі.

Құқық бұзушылыққа жол берген жүргізушіге ҚР ӘҚБтК-нің 597-бабымен 5 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде (15 315 теңге) айыппұл салуға әкеп соғады.

 

 

Бәйдібек: Полицейлер оқушыларға арнап «Ашық есік күнін» ұйымдастыруда

Бәйдібек аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері жасөспірімдер арасындағы қылмыстар, құқық бұзушылықтардың алдын алу шаралары аясында арнайы танымдық экскурсия ұйымдастырды. Шараға мектеп оқушылары жұмылдырылды. Яғни жасөспірім ұл балалар полиция бөліміне келіп, ондағы жедел басқару орталығы, тергеушілер мен криминалистердің арнайы бөлмелері, кезекшілік бөлім мен өзге бөлмелер аралап, жұмысымен танысып шықты.

Сондай-ақ мектеп бітіруші оқушылар арасында полиция қызметіне қызығушыларды ҚР ІІМ-нің Жоғары оқу орындарына шақыру, түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Экскурсия соңында оқушылар полицейлерге арнайы уақыт бөліп, көңіл аударғандары үшін алғыстарын айтты. Полиция бөлімін аралап, тыныс-тіршілігімен танысқан балалар болашақта полиция қызметкері боламын деген сөздерін мақтанышпен жеткізді.

Түркістан облысында мас халде автокөлік басқарған азамат қамауға алынды

 

Қазығұрт АПБ-ның полиция қызметкерлері жолда жүру ережелерін сақтау, мал ұрлығының алдын алу, басқа да қылмыс, құқық бұзушылықтарға тосқауыл қою мақсатында күнделікті рейдтік жұмыстарды тұрақты түрде жүргізуде. Мәселен түнгі топтағы полицейлер «Борышкер» іс-шарасы кезінде сағат 03:30 шамасында Яссауи көшесінен жүрісі күмәнді «Opel Vectra» маркалы автокөлігін байқап, бірден тоқтатты.

Тексеру кезінде көліктің иесі 2021 жылдың қыркүйек айында Шымкент қалалық сотының қаулысымен ҚР ӘҚБтҚ-нің 608-бабына сәйкес көлік басқару құқығынан 7 жылға айырылғаны анықталды. Сондай-ақ полицей жүргізушінің мас халде болуы мүмкін екеніне күдіктенді. Тәртіп сақшысы осы жайтты нақтылау үшін, жүргізушіні сараптамадан өткізді. Куәландыру қорытындысы оның мас күйде екенін растады.

Қазіргі таңда ҚР ҚК-нің 346-бабы «Көлік құралдарын басқару құқығынан айырылған және алкогольдік, есірткілік және (немесе) уытқұмарлық масаң күйдегі адамның көлік құралын басқаруы, сол сияқты көлік құралын басқаруды осындай адамға беру немесе көлік құралын осындай адамның басқаруына жол беру» бойынша қылмыстық іс қозғалды. Ішімдік ішіп, көлік басқарған жүргізуші қамауға алынды.

Түркістан облысының полицейлері жүргізушілер мен жаяу жүргіншілерді жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтауға шақырады. Автокөлікке мас халде отырмаңыз, бұның соңы жазатайым оқиғалар мен өлімге әкеп соғуы мүмкін.

Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы 608-бабында «Жүргізушінің көлік құралын алкогольдік, есірткілік және (немесе) уытқұмарлық масаң күйде басқаруы, сол сияқты көлік құралын алкогольдік, есірткілік және (немесе) уытқұмарлық масаң күйдегі адамның басқаруына беру»:1. Жүргізушінің көлік құралын алкогольдік, есірткілік және (немесе) уытқұмарлық масаң күйде басқаруы, сол сияқты көлік құралын алкогольдік, есірткілік және (немесе) уытқұмарлық масаң күйдегі адамның басқаруына беру – он бес тәулікке әкімшілік қамаққа алуға және жеті жыл мерзімге көлік құралын басқару құқығынан айыруға алып келеді. 2. Алып тасталды - ҚР 27.12.2019 № 292-VI (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз) Заңымен. 3. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, жәбірленушінің денсаулығына қылмыстық жазаланатын іс-әрекет белгілері жоқ зиян келтіруге немесе көлік құралдарын, жүктерді, жол құрылыстары мен өзге де құрылыстарды не өзге мүлікті бүлдіруге әкеп соққан әрекеттер – жиырма тәулікке әкімшілік қамаққа алуға және жеті жыл мерзімге көлік құралын басқару құқығынан айыруға алып келеді. 3-1. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза мерзімі өткеннен кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған әрекеттер – жиырма тәулікке әкімшілік қамаққа алуға және сегіз жыл мерзімге көлік құралын басқару құқығынан айыруға алып келеді. 3-2. Осы баптың үшінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза мерзімі өткеннен кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған әрекеттер – жиырма бес тәулікке әкімшілік қамаққа алуға және тоғыз жыл мерзімге көлік құралын басқару құқығынан айыруға алып келеді. 4. Алып тасталды - ҚР 27.12.2019 № 292-VI (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз) Заңымен.5. Алып тасталды - ҚР 27.12.2019 № 292-VI (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз) Заңымен.6. Осы баптың бірінші, екінші және үшінші бөліктерінде көзделген, көлік құралдарын басқару құқығы жоқ адамдар жасаған әрекеттер – жиырма тәулікке әкімшілік қамаққа алуға әкеп соғады. 7. Осы баптың алтыншы бөлігінде көзделген әкімшілік жаза мерзімі өткеннен кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған, осы баптың алтыншы бөлігінде көзделген әрекеттер – отыз тәулікке әкімшілік қамаққа алуға әкеп соғады.  8. Осы баптың алтыншы және жетінші бөліктерінде көзделген, осы Кодекстің 50-бабының екінші бөлігіне сәйкес әкімшілік қамаққа алу қолданылмайтын адамдар жасаған әрекеттер – екі жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады деп жазылса, ҚР Қылмыстық Кодексiнің 346-бабында «Көлік құралдарын басқару құқығынан айырылған және алкогольдік, есірткілік және (немесе) уытқұмарлық масаң күйдегі адамның көлік құралын басқаруы, сол сияқты көлік құралын басқаруды осындай адамға беру немесе көлік құралын осындай адамның басқаруына жол беру»:

1. Көлік құралдарын басқару құқығынан айырылған және алкогольдік, есірткілік және (немесе) уытқұмарлық масаң күйдегі адамның көлік құралын басқаруы не көлік құралын басқаруды осындай адамға беру, сол сияқты осындай адамның көлік құралын басқаруына лауазымды адамның немесе көлік құралы меншік иесінің не иеленушісінің жол беруі – 
белгiлi бiр лауазымдарды атқару немесе белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан өмір бойына айыра отырып, бес мың айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына, не бір мың екі жүз сағатқа дейiнгi мерзiмге қоғамдық жұмыстарға тартуға, не бес жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуге, не сол мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады. 
2. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, абайсызда көлік құралдарын, жүктерді, жол құрылысжайларын және өзге де құрылысжайларды не өзге мүлікті бүлдіруге, сол сияқты адамның денсаулығына жеңіл зиян келтiруге алып келген әрекеттер – 

белгiлi бiр лауазымдарды атқару немесе белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан өмір бойына айыра отырып, төрт жылдан алты жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады. 

3. Абайсызда адамның денсаулығына ауырлығы орташа зиян келтiруге алып келген дәл сол іс-әрекеттер – 

белгiлi бiр лауазымдарды атқару немесе белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан өмір бойына айыра отырып, бес жылдан жеті жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады. 
4. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, абайсызда адамның денсаулығына ауыр зиян келтiруге алып келген іс-әрекеттер – 
белгiлi бiр лауазымдарды атқару немесе белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан өмір бойына айыра отырып, алты жылдан сегіз жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады. 
5. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, абайсызда адам өліміне алып келген іс-әрекеттер – 
белгiлi бiр лауазымдарды атқару немесе белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан өмір бойына айыра отырып, жеті жылдан тоғыз жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады. 
6. Осы баптың бiрiншi бөлiгiнде көзделген, абайсызда екi немесе одан көп адам өлiмiне алып келген іс-әрекеттер – 
белгiлi бiр лауазымдарды атқару немесе белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан өмір бойына айыра отырып, сегіз жылдан он жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады делінген.


 

Осы RSS каналға жазылу