Түркістандық делегация Қытайда іс сапармен жүр
Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров бастаған ресми және іскерлік делегация Қытай Халық Республикасына жұмыс сапарымен барды.
Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров бастаған ресми және іскерлік делегация Қытай Халық Республикасына жұмыс сапарымен барды.
Қытай Халық Республикасы Хэйлунцзян провинциясының вице-губернаторы Чжан Цисян Түркістан облысына арнайы іссапармен келді.
Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров ҚХР-дың Хэйлунцзян провинциясының вице-губернаторы Цисян Чжанды қабылдады.
«Түркістан-Самарқанд» әуе рейсі өз жұмысын бастады. Астана қаласынан басталған әуе бағыты Түркістан арқылы Самарқандқа ыңғайлы транзитпен ұшуға мүмкіндік алып отыр. Жаңа әуе рейсі аптасына 2 рет, бейсенбі және жексенбі күндері ұшады. Билет құны бір бағытқа 23 500 теңгеден басталады.
Түркістан облысының орталығы Түркістан қаласында әлеуметтік және коммерциялық нысандар қала сәулетіне сай бой көтереді. Түркістан облысы әкімінің бірінші орынбасары Зұлпыхар Жолдасовтың төрағалығымен өткен штаб отырысында бірқатар жобалар қаралып, ғимараттардың сәулеттік үлгілері ұсынылды.
Қазақстан Республикасы Президентінің Қазақстан Халқына Жолдауын іске асыру жөніндегі жалпыұлттық іс-шара жоспары бойынша бекітілген жарлығына сәйкес Түркістан облысында қуаты 1000 МВт болатын бу-газ қондырғысын салу көзделген.
Түркістан облысында тікұшақтар мен ұшқышсыз ұшу аппараттарын, жүк тасымалдайтын дрондарды өндіретін жаңа зауыт ашылуы мүмкін. Бүгін инвесторлар мен Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеровтің кездесуі өтті. Талаптар жобаны жүзеге асыру шарттары талқылады. Ауқымды зауыттың құрылысы үшін индустриялық аймақтар мен Сауран ауданы потенциалды орын ретінде ұсынылды. Бұл жоба өңірдегі ең технологиялық өндірістердің бірі болуы мүмкін.
Сауран ауданында ауыл шаруашылығы саласында 2025 жылдың басынан бері 6,8 млрд теңгенің өнімі өндірілген. Жыл соңына дейін бұл көрсеткішті 102 млрд теңгеге жеткізу көзделіп отыр. Осы мақсатта өңірде биыл құны 16,4 млрд теңгені құрайтын 13 ірі инвестициялық жоба жүзеге асырылмақ. Бұл жайында Сауран ауданының әкімі Мақсат Таңғатаров БАҚ өкілдерімен өткен брифингте мәлімдеді.