ШЫМКЕНТ: БИЗНЕС ПЕН ҮКІМЕТ АРАСЫНДАҒЫ ДӘНЕКЕР

Әділетті Қазақстанда әр азаматтың өтініш-тілегі тыңдалады. Оның ішінде кәсіпкерлер мен қаржы ұйымдары арасындағы байланысқа баса назар аударылады. Бұл туралы «Атамекен» кәсіпкерлік палатасының Шымкент қалалық филиалында өткен дөңгелек үстел жиынында айтылды.

 Басқосуға Шымкент қалалық қоғамдық кеңесінің мүшелері Мырзахмет Сынабаев, Рүстем Әшетаев, Азат Әміртай және жергілікті кәсіпкерлер келді. Кездесуде ҚР Президентінің Жолдауы аясындағы кәсіпкерлікке қолдау және дамыту тетіктері сөз болды.

 – Қалалық қоғамдық кеңес үкімет пен халықтың арасындағы «алтын көпір» рөлін атқарып жатыр деуге болады. Мысалы, бір жағынан, азаматтардың өтініштерін билік өкілдеріне жеткізу болса, екінші жағынан, құқықтық-нормативтік актілерді, жаңашылдықтарды халық арасында түсіндіру де бар. Мемлекет басшысы Жолдауында экономика, оның ішінде кәсіпкерлікке баса назар аударды. Оның ішінде қоғамдық кеңестің отырыстарында құрылыс, кәсіпкерлік, ауыл шаруашылығы, қалалық сәулет, жер қатынастары, тұрғын үй, коммуналды шаруашылық тақырыптары жиі көтеріледі. Осы салаларға қатысты ой-пікірлеріңіз, талап-шағымдарыңыз болса, бірге талқылайық. Біз жауапты мамандарға жеткізуге тырысамыз, – деді Мырзахмет Сынабаев.

 Жиынға қатысушы кәсіпкерлер өздерін толғандырған мәселелерді көтерді. Іскер азаматтарды, оның ішінде, әсіресе, жеңілдетілген несие алу мен басқа да қаржылық қолдау мәселелері мазалайтындарын жасырмады. Кейбір кәсіпкерлер жұмыс істеп тұрған өндірісі бола тұра екінші деңгейлі банктен несие алуда кедергіге тап болатындарын жеткізді.

Қоғамдық кеңес мүшелері көтерілген мәселелер мен сұрақтарды жазып алып, тиісті органдарға жеткізуге уәде берді.

Естеріңізге сала кетейік, 1 қыркүйек күні Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына Жолдауын арнады. Онда шағын және орта бизнесті дамыту, қолдау назардан қалмады.

ШЫМКЕНТ ӘКІМІ М.ӘЙТЕНОВ БИЗНЕС ҚАУЫМДАСТЫҚ ӨКІЛДЕРІМЕН КЕЗДЕСТІ

Шымкенттегі “Көрме” орталығында жергілікті тауар өндірушілердің көрмесі ұйымдастырылып, бизнес қауымдастық өкілдерінің кездесуі өтті. Қалалық кәсіпкерлер палатасының бастамасымен ұйымдастырылған шараға шаһар басшысы М.Әйтенов, «Атамекен» ҰКП Басқарма төрағасының орынбасары-Шымкент қалалық кәсіпкерлер палатасының директоры Тимур Нақыпбеков, құқық қорғау орган қызметкерлері, салалық құрылым басшылары мен кәсіпкерлер қатысты.

Үшінші мегаполистің экономикалық және әлеуметтік дамуының негізгі драйвері - кәсіпкерлік саласы. Шымкенттегі жалпы өңірлік өнімнің үштен бір бөлігін шағын және орта бизнес өкілдері өндіреді.

Бүгінде қалада 95 мыңнан астам белсенді кәсіпкерлік субъектілері жұмыс істейді.

“Республика бойынша 4-ші орындамыз, 180 мыңнан астам адам жұмыспен қамтылған. Бұл да әрине сіздердің арқаларыңызда”,-деді М.Әйтенов салтанатты шараны ашу барысында.

Жалпы жиында бірқатар өткір де өзекті мәселелер қозғалды.

Қылмыстық процесс саласындағы қиындықтар, кәсіпкерлердің құқықтарын қорғау және әкімшілік кедергілерді азайту, қала құрылысында кездесетін проблемалар, арнайы экономикалық және индустриялық аймақтардағы жер учаскелерін қосалқы жалдау жолдары мен жанар-жағармайға дифференциациялық бағаның бекітілуіне байланысты туындаған салықтың есептілігі, т.б көптеген мәселелер көтеріліп, кездесу барысында оның шешілу жолдары айтылды.

Кездесу қорытындысымен, Ұлттық кәсіпкерлер палатасы кәсіпкерлікті қорғаудың экожүйесін құру жобасын жүзеге асыруды бастады.

Бизнесті қорғаудың экожүйесі аясында кәсіпкерлік субъектілерінің құқығын бұзу фактілерін және мемлекеттік реттеуді жүзеге асыру кезінде қажетсіз әкімшілік кедергілерді азайтуға бағытталған біршама ұсыныстар әзірленетін болды.

Мемлекет басшысы экобелсенділердің іс-шарасына қатысты

Қасым-Жомарт Тоқаев Түркістан облысының экобелсенділерімен бірге Ботаникалық бақта тал егу шарасына қатысты. Іс-шара соңында жастармен тілдескен Президент Отанды сүю адал еңбектен басталуы керек екенін айтты.

«Отанды сүю осындай адал еңбектен, пайдалы жұмыстан басталады. Еліміздің әрбір азаматы еңбекқор болуы керек. Баршаңызды қолдаймын, мақтан тұтамын. Өскелең ұрпақ – біздің үмітіміз, еліміздің болашағы. Біз ардагер болып мәңгі билікте отырмаймыз. Менің ең үлкен мақсатым – жастарға жол беру», – деді Президент Түркістан жастарына.

ШЫМКЕНТТЕ БІРЕГЕЙ САУДА-ІСКЕРЛІК ОРТАЛЫҒЫ САЛЫНАДЫ

Бүгін қала әкімі М.Әйтенов Қонаев даңғылы бойында бой тіктейтін «Shymkent Tower» сауда-іскерлік орталығының құрылысының басталуына орай ұйымдастырылған іс-шараға қатысты.

Бұл жобаның негізгі инвесторы “САУТС-Ойл” компаниясы, ал құрылысын салушы бас мердігер «Koç Construction».

“Алдағы 5 жыл ішінде қалаға 5 млрд АҚШ доллары көлемінде инвестиция тарту міндетін қойдық. Ал бүгін Шымкент қаласы үшін бірегей жоба бастау алады. Бастамаға сәттілік тілеймін. Жалпы қазіргі кезде мегаполисте тұрғын үйге деген сұраныс артқан, агломерациясы дамыған шаһарымызға келушілер мен үй алып қоюға ниеттілер көбейген. Сондықтан кәсіпкерлерді Шымкентке инвестиция салуға шақырамын,”-деді шаһар басшысы М.Әйтенов.

С.Сейтжанов жаңа нысанның салынуы - экономика мен қала көркіне көрік қосатынына сенім білдіре келе, "Бүгінгі шараға арнайы келіп қатысқаныңыз үшін алғыс білдіремін, құрметті Мұрат Дүйсенбекұлы! Осы күнге дейін әкімдікпен тығыз жұмыс істеп келеміз, алдағы уақытта да қаламыздың дамуы жолында бірге көптеген жобаларды жүзеге асыратын боламыз",-деді.

Ал «Koç Construction» - халықаралық құрылыс саласындағы тәжірибелі компания. Жарты ғасырлық тарихы бар. 1959 жылдан бері 3 материкте құрылыс салып, әлемнің 9 елінде ірі-ірі жобалардың жүзеге асуына атсалысқан.

Солардың бірі - көрші Өзбекстан елінің ең маңызды жобасы саналған “Ташкент Сити” құрылысының негізгі басым бөлігін жүргізіп, қазіргі таңда 3,5 млн2 м шамасындағы нысанның құрылысын салуда. Сонымен қоса «Hilton» қонақ үйінің құрылысын да аталмыш компания жүргізген. Бұдан басқа да жетістіктерін айтып өткен компания директоры Омер Сарикоч “Орта Азиядағы аумағы ең үлкен болып табылатын бауырлас еліміз - Қазақстанда алғашқы инвестициялауды миллионды қала - Шымкенттен бастағанымызға өте қуаныштымыз. Бұл ғимарат прогрестің, дамудың, яғни алға қарай ұмтылудың негізгі символы болады. Шым шаһарға алдағы уақытта да басқа салалар бойынша инвестиция салуға дайынбыз”-деп атап өтті.

Жалпы Шымкент қаласы 2020 жылы негізгі капиталға бағытталған инвестициялар көлемінің өсу көрсеткіші бойынша республикада екінші орында болған болса, 2021 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін Қазақстан өңірлерінің рейтингісінде тұрақты түрде көш бастап келеді.

Айтып өтейік, «Shymkent Tower» сауда-іскерлік орталығын салу барысында 200 тұрақты және 1250 уақытша жұмыс орны ашылмақ.

ШЫМКЕНТТІҢ ЭКОНОМИКАЛЫҚ ҚУАТЫН АРТТЫРАТЫН ЖАҢА ЖОБАЛАР

Шымкент қаласы әкімі М. Әйтеновтің төрағалығымен кезекті инвестициялық штаб отырысы өтті.

Штабқа ZOOM платформасы арқылы қосылған кәсіпкерлер жаңа инвестициялық жобаларын таныстырып, олардың өңір және ел экономикасына тиімділігі жөнінде ұсыныстарын айтты. Олар:

             «Агрополимер» ЖШС - полипропилен жібін шығармақ. Өндірісті 2023-2024 жылдары іске қосу жоспарда. Инвестиция көлемі 1,94 млрд теңгені құрайтын жоба нәтижесінде 41 адам жұмыспен қамтылады. «Оңтүстік» арнайы экономикалық аймағынан 2 га жер беруін сұрауда. Жоба мақұлданды.

             Сутегі асқын тотығын өндіретін «HYDROGEN ENERGY» ЖШС – 4 млрд теңгені құрайтын инвестициялық жоба 2023-2024 жылдары жүзеге асуы нәтижесінде 30 адамды жұмыс орнымен қамтымақ. Жылына 8 мың тонна өнім өндіруге қауқарлы. «Оңтүстік» АЭА-дан 2,4 га жер телімін беру мақұлданды.

            Монтаж көбігін өндіретін жобаның құрылысын биыл бастау жоспарланған. 250 млн. теңгелік инвестициялық жоба нәтижесінде 20 адам жұмыспен қамтылады. «Оңтүстік» АЭА-дан 0,3 га жер теліміне сұраныс білдірген «BERPER GROUP» өндіріс орны жылына 30 мың банкі шығару мүмкіндігіне ие.

             Минералды тыңайтқыштар мен агрохимикаттар өндіретін жаңа жобаның құны – 450 млн теңге. «Ана Жер» ғылыми-өндірістік бірлестігі құрылыс жұмыстарын кезең кезеңімен 2022-2025 жылдарға жобалап отыр. Жылдық қуаттылығы – 300 мың литр. «Жұлдыз» индустриалды аймағынан 1 га жер берілді. Инфрақұрылыммен қамту жөніндегі өтініші қала басшысымен мақұлданды.  

Экономиканың қуатын арттыратын әрі импортқа тәуелділігін азайтуға септігін тигізетін бірегей жобаларда бюрократиялық кедергілерге жол бермеудің маңыздылығына тоқталған М.Әтенов, әрбір жобаның іске асырылу барысы жіті бақылауда болатынын жеткізді. 