Түркістан облысында «Үлгілі ауыл» жобасы жүзеге асырылуда

Республикалық экологиялық «Таза Қазақстан» акциясы Түркістан облысында қарқынды жүруде. Акция аясында Арыс қаласында сенбілік өтіп, шараға қалалық мәслихаттардың депутаттары, мемлекеттік мекемелердің қызметкерлері, еңбек ұжымдарының өкілдері, қала жастары атсалысты.

Түркістан облысында жазғы демалыста балалар қауіпсіздігін сақтау бағытында жүйелі жұмыстар атқарылуда

Облыс әкімінің орынбасары Бейсенбай Тәжібаевтың төрағалығымен облыс әкімдігі жанындағы кәмелетке толмағандардың ісі және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссия отырысы өтті. Облыстық құқық қорғау органдары, денсаулық сақтау және білім саласының өкілдері, сонымен қатар комиссия мүшелері, аудан, қалалардағы комиссия төрағалары мен хатшылары, қоғамдық ұйым өкілдері қатысқан жиында үш мәселе қаралды.

Түркістан облысында орман-дала өртімен күрес және алдын алу барысы қатаң бақылауға алынған

Түркістан облысында орман және дала өрттерімен күрес және олардың алдын алу барысы қатаң бақылауда. Аталған мәселе Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалдының төрағалығымен өткен мәжілісте талқыланып, жауаптыларға тиісті тапсырмалар берілді.

Түркістан: облыс әкімі құрылыс алаңдарын аралады

UEFA талаптарына байланысты 2024 жылдан бастап еліміздегі барлық стадионның астында жылу болуы керек. Ел стадиондарына деген талаптың күшеюіне орай UEFA-ның халықаралық талаптарына сай «Turkestan-Arena» стадионында жылыту және су бұру жүйелері орнатылды. Сондай-ақ алаң толық ауыстырылып, табиғи көгал төселді.

Еліміздегі ең ірі машина жасау зауыттарының бірі Сайрам ауданында орналасқан

Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды Сайрам ауданына жұмыс сапары барысында «ЮКМЗ» АҚ «Су сорғыш станциялар және ауыл шаруашылығы техникалары, мұнай компанияларына арналған техникалар, полимер бұйымдар» шығаратын зауытта болды.

Түркістан: Сайрам ауданында «Жайлы мектеп» жобасымен 600 орындық мектеп салынып жатыр

Түркістан облысында «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы аясында алдағы үш жылда 63 білім ошағы салынады. Биыл соның 29-ы пайдалануға берілмек. Жоба үйлестірушісі - «Самұрық-Қазына» АҚ. Сайрам ауданы, Ақсукент ауыл округінде де 600 орындық білім нысаны салынып жатыр. Ауданға арнайы іссапармен барған облыс әкімі Дархан Сатыбалды салынып жатқан мектеп құрылысымен танысты. Мердігерлермен кездесіп, сапалы әрі мерзімінде аяқтауды пысықтады. Сонымен қатар құрылыс барысында орын алған өзекті мәселелерді шешу жолдарын талқылады.

«Түркістан білім-инновация» лицейі Қазақстандағы үздік 11 мектептің қатарына кірді

Былтыр ғана Түркістанға қоныс тепкен «Білім-инновация» лицейінің әлеуеті артты. Республикалық олимпиада нәтижесіне сәйкес еліміз бойынша үздік 11 білім ордасының қатарынан көрінді. Жалпы олимпиадаға қатысқан 8 мың мектеп ішінде осы нәтижеге жету өте жақсы көрсеткіш. Аталған білім ұясы 2021 жылы 50-орын, 2022 жылы 31-орын алған болған. Ал былтыр 26-орынға көтерілген еді. Биыл бірден жоғары көрсеткіш көрсетіп, облыс мерейін үстем етті.

Түркістан облысында шомылу орындарында қауіпсіздік шаралары күшейтілді

Түркістан облысында су нысандары мен шомылу орындарында қауіпсіздік шаралары күшейтіледі. Аталған мәселе арнайы мәжілісте талқыланды. Облыс әкімі Дархан Сатыбалды жауапты мекемелер мен аудан, қала әкімдеріне тұрғындардың, әсіресе, балалардың қауіпсіздігін сақтау бағытындағы жұмыстарды жандандыру жөнінде тапсырма берді.

Түркістан облысында 35482 оқушы жазғы сауықтыру лагерьлерінде бюджет есебінен тегін демалады

Түркістан облысында 2023-2024 оқу жылында 22 жазғы сауықтыру лагері ( 7 мемлекеттік, 15 жекеменшік) қызмет көрсетеді деп жоспарлануда. Онда әлеуметтік жағдайына байланысты 35482 оқушы бюджет есебінен тегін демалса, 20 мыңға жуық оқушы ата-аналар есебінен ақылы демалады. Сонымен қатар «Қазақстан халқына» қоры есебінен облыста 3421 оқушы жазғы сауықтыру лагерлерімен тегін қамтылады.