Шымкент: "Фосфоршылар сарайы" сүрілетін болды

Бүгін Шымкент қаласының ішкі саясат және жастар істері жөніндегі басқармасы мен Төтенше жағдайлар департаменті қызметкерлері бірігіп,  «Фосфоршылар сарайының» ғимаратының бұзылатыны жөнінде түсіндіру жұмыстарын жүргізді. 

Шымкент: 2024 жылдың 6 айында бірінші сатылы соттың өндірісіне түскен әкімшілік талаптардың жылпы саны 999 істі құрады

Биылғы жылдың 6 айында  бірінші сатылы соттың өндірісіне түскен әкімшілік талаптардың жалпы саны 999 істі құраған болса, өткен жылдан 91 іс қалдық ретінде өткен, яғни осы жылдың 6 айындағы соттың өндірісіндегі жалпы талап қоюлар саны 1090 әкімшілік істі құрайды. Бұл туралы бүгін Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында өткен баспасөз конференциясында Шымкент қалалық сотының әкімшілік істер жөніндегі сот алқасының төрағасы Қыдырбаева Гүлмира Дұрысбекқызы баяндады.

Бүгінде бірінші сатылы сотқа түскен әкімшілік талап қоюлардың жалпы   546-і кері қайтарылған. Осы жылдың 6 айында бірінші сатылы соттың өндірісіндегі жалпы 1090 әкімшілік істің қаралып аяқталғаны, кері қайтарылған талап қоюларды қоса есептегенде 884 істі құраған. 

Осы аяқталған 884 әкімшілік істің 253-і шешімді (23,2%), 631-і (57,8%) ұйғарымды құраған. Ұйғарымдардың 79 татуласу рәсімімен, 6 соттылық бойынша, ал 546-ы талап қоюды кері қайтару бойынша шығарылған ұйғарымдар (жеке ұйғарым, талапты қамтамасыз ету, ақшалай өндіріп алу туралы сот актілерін қоспағанда).  

Бірінші сатылы сотпен қабылданған жалпы 253 шешімнің 139-ы (54,9 %)  талап қоюды (ішінара) қанағаттандырумен, ал 114-і талап қоюды қанағаттандырудан бас тартумен шығарылған.   Бұдан бөлек, 6 әкімшілік іс соттылығы бойынша жолданған.  

Әкімшілік істер жөніндегі сот алқасына биылғы жылдың 6 айында бірінші сатылы соттан сот алқасына апелляциялық тәртіппен түскен әкімшілік істердің жалпы саны 303 істі құраған. Түскен шағымдардың ішінде 160-ы апелляциялық шағым, 143-і жеке шағым. Ал 6 іс Жоғарғы Соттан сот актілерінің күші жойылуына байланысты басқа құрамда қарау үшін түскен.

Жыл басынан бері сот алқасының өндірісіндегі 303 істің  295 ісі қаралып,  аяқталған. Жалпы қаралып аяқталған істерден бөлек 8 іс АПК-нің талаптарын орындау үшін бірінші сатылы сотқа қараусыз кері қайтарылған.  

Алқамен аяқталған әкімшілік істердің:

- 249-ы (116 шешім, 133 ұйғарым) өзгеріссіз қалған.

- 7-і (7 шешім) өзгертілген. 

- 35-нің (15 шешім, 20 ұйғарым) күші жойылған.

Күші жойылған 15 шешімнің 13-не қатысты жаңа шешім шығарылған.    

Осы 6 айда алқамен жалпы 4 жеке ұйғарым қабылданған, олар зңды күшіне еніп барлығы орындалған.  2024 жылдың 6 айында сот алқасымен процестік мәжбүрлеу шаралары қолданылмаған. 

 

Шымкент: Қаржы пирамидаларының құрбаны болмаудың негізгі жолы - тұрғындардың қаржылық сауаттылығын арттыру

Өңірлік  коммуникациялар қызметінің алаңында «Қаржылық пирамидалармен күрес нәтижелері»  тақырыбында  баспасөз конференциясы өтті. 

Департамен тарапынан ұсыныс ретінде, халық көп шоғырланатын «Қажымұқан» стадионындағы экранды ауыстырып, орнына заманауи экранда үзіліс кезінде, матч басында халыққа қаржы пирамидасы, лудомания және т.б зияндығы туралы бейнероликтерді жариялау ұсынылады.  

Себебі, профилактиканың ең тиімді жолы – халықтың құқықтық сауаттылығын арттыру, түсіндіру жұмыстарын жүргізу және насихаттау дейді, Қайшыбеков Бақыт Сапарғалиұлы - Шымкент қаласы бойынша экономикалық тергеп-тексеру Департаментінің басшысы.

Департаменттің бастамасымен Қазақстан Республикасы Мұсылмандар діни басқармасына ұсыныс хат жолданып, жұма намазы кезінде осы қаржылық пирамидаларының зияны туралы уағыз айту мәселесі қолдау тапқан.

Нәтижесінде, өткен жылы қараша айында бүкіл Республика мешіттерінде осы тақырып бойынша имамдармен түсіндірме-насихаттау жұмыстары жүргізілген.

Телеграм желісінде «Байқа пирамида», «AFM Insider» боттары жұмыс жасайды, олармен кез келген тұлға белгілі бір жобаға ақша салудан алдын оның қаржылық пирамида белгілері бар немесе жоқтығына тексеру мүмкіндігі бар. Мысалыға, Сіз қызығушылық тудырып жатқан компанияның бизнес сәйкестендіру номерін енгізесіз, онлайн түрде сұрау тексеріліп, егерде компанияда қаржылық пирамида белгілері немесе қылмыстық іс тіркелген болса сізге тиісті хабарлама келеді.

Қаржылық пирамидаларының құрбаны болмаудың негізгі жолы – тұрғындардың қаржылық сауаттылығын арттыру. 

Аталған бағытта қаржылық сауаттылықты арттыру мақсатында 2024 жыдлдың 4 маусым күні Агенттік ұйымдастыруымен Мәдениет және ақпарат министрлігі және «Alayaq.net» республикалық жастар қозғалысы қолдауымен «АФМонлайн» іс-шарасы өткізілген.

Іс-шараның мақсаты – қаржы пирамидалармен күрес, әлеуметтік желідегі тәртіп, интернет-алаяқтықпен күрес тақырыбында эксперттер қатысуымен талқылау. Қаламыздан аталған іс-шараға 2 университеттің 200 ден аса белсенді студенттері, әкімдік қызметкерлері, құқық қорғау органдары, 2 млн-нан астам оқырмандары бар 8 блогер шақыртылып, тікелей эфир жүргізілген. 

 

Шымкент: Жыл басынан бері қаржылық пирамидаларды жарнамалайтын 450-ден астам веб-сайттары бұғатталды

Өңірлік  коммуникациялар қызметінің алаңында «Қаржылық пирамидалармен күрес нәтижелері»  тақырыбында  баспасөз конференциясы өтті. Онда департаменттің негізгі жұмыс бағыттарының бірі – қала аумағында қаржы пирамидаларымен күрес, олардың алдын алу, қылмыстарды анықтау және тергеу болып табылатыны айталды.

Шымкент: Табиғи газбен қамту деңгейі 96 пайызды құрайды

Қала әкімі Ғабит Сыздықбеков бүгін «QazaqGaz» ҰК» АҚ басқарма төрағасы Санжар Жаркешовпен кездесті. Кездесу барысында газ саласындағы ынтымақтастық және индустриялық аймақтардағы жаңа инвестициялық жобаларды газбен қамтамасыз ету мәселелері талқыланды.

Бүгінде Шымкентте табиғи газбен қамту деңгейі 96 пайызды құрайды. Жыл соңына дейін тағы жеті тұрғын алап пен шағынауданды газбен қамту жоспарланып отыр. Тағы бір айтатын жайт, бірқатар инвестициялық жоба жүзеге асырылып жатқан индустриялық аймақтарда өңдеуші кәсіпорындардың сұранысын қанағаттандыру мақсатында жаңа автоматтандырылған газ тарату станциясын салу мүмкіндігі қарастырылды.

Қала басшысы сондай-ақ газ саласы мамандарының біліктілігін арттыру, кәсіби қайта даярлау және біліктілігін растау бойынша “QazaqGaz” корпоративтік оқу орталығының ашылуына қатысты. 

Бұған дейін қала басшысының тапсырмасы бойынша газ жабдықтары мен инженерлік жүйелерді пайдалану кезінде қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында қалалық газ техникалық қызметі құрылған болатын.

Осыған байланысты шаһар басшысы салалық басқарма басшылығына газ техникалық қызметі мен газды пайдаланатын барлық ведомстволық ұйымдардың қызметкерлерін осы оқу орталығында оқытуды ұйымдастыуды қолға алуды тапсырды.

Тілге тиек етейік, Шымкент қаласында қазіргі таңда табиғи газбен жалпы 54 елді мекен қамтылған, 24 жартылай және 3 елді мекен қамтылмаған.

2023 жылдың қорытындысы бойынша халықты көгілдір отынмен қамту көрсеткіші 94% пайыздан 96% пайызға дейін өсті, 6 нысан бойынша жұмыстар аяқталды (Тұран, Асар-2, Солтүстік Саяжай, Сәуле, Бозарық, Нұртас).

2024 жылға 4 нысан өтпелі (Қайнарбұлақ 1 (70%) және 2 (60%) кезең, Ынтымақ-2 (40%), Бозарық 1 (55%), 2 (95%) және 3 (50%) кезең, Тассай (85%).

2024 жылы 3 нысанның (Қаратөбе (95%), Тәуелсіздікке 20 жыл (15%), Қайтпас-1 (15%) құрылыс жұмыстары басталды. Қазіргі танда 15% жұмыстар атқарылды. Және де 3 нысан (Қарабастау, Жулдыз-Жалын, Еламан) бойынша конкурс нәтижесі анықталды, мердігер мекеме тағайындалып, шілде айында құрылыс жұмыстары басталады.

Жоғарыдағыларды баяндай келе, 2024 жылы табиғи газбен қамтамасыз ету көрсеткішін 97,4% пайызға жеткізу жоспарлануда.

 

Шымкентте тазалық жұмыстары жалғасуда

«Таза Қазақстан» акциясы аясында Шымкент қаласындағы Қошқар ата өзенінің жағалауында санитарлық тазалық жұмыстары жүргізілді.  Тұран ауданының коммуналдық мекемесінің қызметкерлері мен аудан тұрғындары және «Жасыл ел» еңбекші жастары қатысты.

Шымкент: Абай мен Әл-Фараби аудандарында тазалық іс-шаралары өтуде

«Таза Қазақстан» республикалық акциясы аясында Шымкент қаласының аудан аумақтарында тазалық акциялары өтуде. Атап айтқанда, Абай ауданы аумағындағы Тұрлан шағынауданы Шмидта көшесінің бойында тұрғындар тазалыққа үлес қосты.

Спорттық инфрақұрылымның дамуы шымкенттіктерге спортпен айналысуға қолайлы жағдай туғызып отыр

Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметіның таратқан мәліметі осындай.  Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев бұқаралық спорт пен салауатты өмір салтының маңыздылығына тоқталып, саланы дамытуда жергілікті өзін-өзі басқару органдарына демеушілер мен мемлекеттік-жекеменшік әріптестік әлеуетін тиімді пайдалану қажеттігін жеткізген болатын.