Сәрсенбі, 14 Шілде 2021 11:42

Түркістан: Арыста көне жәдігерлер заманауи үлгіде қайта жаңғырады

| Автор:  
Материалға баға беріңіз
(0 дауыс)

Арыс қаласының әкімі Гүлжан Құрманбекова Арыс қаласында атқарылатын бірқатар жоспар, жобаларды пысықтады.

Бұл туралы Арыс қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлайды.

Гүлжан Мамытқызы осы мақсатта қалалық «Арыс ақиқаты» газетінің бас редакторы Әбдімәлік Ағыбай мен жазушы-драматург әрі журналист, Қазақстанның мәдениет қайраткері Ермек Балташұлы мен тарихшы-археолог, өлкетанушы Серік Ахметті қабылдады.

Кездесуде Арыс қаласының көне тарихын уақыт талабына сай жаңғырта отырып, жәдігерлерді заманауи үлгіде қоғам назарына ұсыну мәселесі талқыланды.

«Осы мақсатта біз қазіргі Орталық саябақты күрделі жөндеуден өткізіп, оны «Теміржолшылар саябағы» деген атаумен ел игілігіне береміз. Сол сияқты, тарихи құндылықтарды қайта жаңғыртып, тасқа басу үшін мерейтолық кітап шығаруымыз керек. Ал оны мазмұндық тұрғыдан байыту, сирек кездесетін деректерді жинап, кітапқа енгізу басты қағида болуы тиіс», – деді Гүлжан Құрманбекова.

Сонымен қатар, кездесуде Арыс қаласы аумағындағы тарихи көне жәдігерлердің көшірмесін «Дендросаябақ» ішінен ашылатын ашық аспан астындағы мұражайға қою қажеттігі туралы да айтылды.

«AQ-QARA.KZ» - ақпарат

 

Оқылды 1078 рет Соңғы рет өзгертілді: Сәрсенбі, 21 Шілде 2021 11:50