Сейсенбі, 03 Желтоқсан 2024 14:32

Шымкенттегі гидротехникалық нысандар жөнделеді

Шымкенттегі су сақтау қоймаларына жасалған зерделеу жұмыстарының қорытындысы әзір болды.

Нәтижесінде Ақжар гидротехникалық нысанына күрделі жөндеу жасалып, Текесу қоймасы жөндеуді қажет ететіндігі дәлелденді. Жалпы мегополисте су тасқынын алдын-алу жұмыстары күшейтілген, ахуалды келесі сюжеттен көрейік.

Ақжар су қоймасы - қаладағы ескі гидротехникалық нысандардың бірі. 80-жылдардан бері күрделі жөндеу жүргізілмегендіктен тозығы жетіп, көп мөлшерде су қабылдай алмайды. Енді су қоймасы қайта жаңғыртылмақ. Құрылыс-жобалау құжаттамасы бекітіліп, бюджеттен 793 млн теңге қаралады. Миллиондаған текше метр су сақтауға арналған гидротехникалық қойманың қазіргі деңгейі 60%-ке де жетпейді. Себебі саз-балшықтан табаны көрініп, төңірегі қамысқа толған. Жергілікті тұрғындар су қабылдау мүмкіндігі азайғанда іргедегі канал да жиі тартылатын болды,-дейді.

  - Тек қана мал су ішеді. Шли толу қаупі жоқ. Толған жоқ негізі. Бірақ осылай ағып тұрады. Жаздыгүні азайып кетеді. Огород егетіндерді білмеймін. Оған бұл су жетпейді ғой. Бірақ мал ішеді,-деді қала тұрғыны Бибінұр Тәженова.

 Жоспарға сәйкес су қоймасы келесі жылы толық жаңартылады. Ұзындығы 660 метр болатын тоған ауыстырылып, темір бетоннан беріктігі нығайтылады. Аумағы қоршалып, жарықтандыру мен дабыл сиренасы орнатылады. Қалалық жайлы ортаны дамыту басқармасының өкілдері аймақтағы Текесу қоймасы да арнайы зерделеуден өткізілгенін жеткізді.

"Толық платинаның жағдайын, астындағы су, жанындағы елді мекендерге зияны туралы қорытынды декларацияны су инспекциясына жібердік. Содан өтіп болғаннан кейін ендігі жылы проект жасау қарастырылады",-дейді жайлы ортаны дамыту басқаармасы басшысының орынбасары М.Әбдірахманов.

 

Ал қала аумағындағы Бадам, Тоғыс қоймаларындағы су деңгейі қалыпты. Республикалық маңызы бар нысандардың техникалық жағдайы мен тасқын қаупіне дайындығы тексерілді. Төтенше жағдайлар департаментінің өкілдері ирригациялық жүйелер мен арық-атыздардың да жәй-күйін де бақылауға алған.

 

"Бұны алдын-алу бойынша қазіргі таңда жергілікті атқарушы органдар тарапынан бүгін су өткізу құбырлары, ирригациялық жүйелерды жаңарту, жоқ жерлерге орнату және де тазалау жұмыстары жүргізілуде. Қыр, сайдан ағып келген ағынды су, еріген суларды қауіпсіз өткізу жұмыстары жүргізілуде",-деді ТЖД бөлім бастығы И.Махмудов

 

 Ақжар су қоймасының құрылысы басталғанда жанынан балама канал қазылмақ. Тау мен сай саладан аққан су осы арнамен Ақжар, Жаңаталап тұрғын алаптары арқылы ағып өтетін болады,-дейді мамандар.

Оқылды 124 рет