Бейсенбі, 05 Желтоқсан 2024 18:44

Шымкент қаласының мәдени дамуының 10 айдағы көрсеткіші қандай?

Шымкент қаласы тарихи-мәдени мұраны сақтауға және архив ісін дамытуға ерекше көңіл бөлуде.

2024 жылы архивтік құжаттарды цифрландыру және іс-шаралар ұйымдастыру бағытында үлкен жұмыстар атқарылды.

Архив ісі

Архивтерді цифрландыру негізгі бағыттардың біріне айналды:

502 742 бет цифрландырылып, бұл жылдық жоспардың 84%-ын құрады,

архив қоры 5150 жаңа сақтау бірлігімен толықтырылды.

«Архив-2025» жобасы аясында келесі маңызды іс-шаралар өтті:

«Қазақстан мен Өзбекстанның тарихи ынтымақтастығы» халықаралық конференциясы, екі архивтік құжаттар жинағының шығарылуы.

Мәдени шаралар

    2024 жылдың 10 айында Шымкентте 40 000-нан астам адам қатысқан 32 ірі мәдени іс-шара өтті. Олардың қатарында:

- «Fashion Show by QAZINA»,

- «Театр көктем фестивалі»,

- Шәмші Қалдаяқовқа арналған фестиваль,

- Республика күніне арналған мерекелер және тағы басқалар бар.

Жыл соңына дейін Тәуелсіздік күніне және Жаңа жыл мерекелеріне арналған шаралар жоспарлануда, бұл мәдени жылды жарқын аяқтауға мүмкіндік береді.

Шымкент – тарихын сақтай отырып, болашаққа нық қадам басатын қала! Шымкент – Қазақстанның маңызды мәдени орталықтарының бірі ретінде қарқынды дамуын жалғастыруда. 2024 жылдың алғашқы 10 айында қаланың мәдениет, тілдерді дамыту және архивтер басқармасы айтарлықтай нәтижелерге қол жеткізді. 

Мәдени инфрақұрылымның дамуы

Бүгінде қалада 22 мәдени мекеме жұмыс істейді, олардың ішінде:

7 театр, 6 кітапхана, «Шымкент концерт» мекемесі, цирк, музейлер бірлестігі, салт-дәстүр орталығы, хайуанаттар бағы және т.б.

Аталған мекемелерде 2411 қызметкер еңбек етеді.

Сонымен қатар, жаңа нысандардың құрылысына да ерекше назар аударылуда: Көкбұлақ, Қайнарбұлақ, Базарқақпа және Өтеміс елді мекендерінде төрт жаңа мәдениет үйі салынды. Қазіргі заман талабына сай салынған ғимараттар оқырман залдарымен, спорт алаңдарымен жабдықталып, мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған қолайлы жағдайлар қарастырылған.

Мәдениетті қаржыландыру және қолдау

2024 жылы мәдениет саласын дамытуға 13,5 млрд теңге бөлініп, оның 9,8 млрд теңгесі игерілді. Қаржы келесі бағыттарға жұмсалды:

- жалақы мен салықтар – 5,4 млрд теңге,

- коммуналдық шығындар – 272 млн теңге,

- мекемелерді жөндеу және күтіп ұстау – 479 млн теңге,

- мәдени іс-шаралар мен театр қойылымдары – 137 млн теңге.

Қаламыздағы кітапханаларда 10 ай ішінде 1365 іс-шара өткізіліп, 300 мыңнан астам оқырман қамтылды. Бұл – халықтың кітап оқуға деген қызығушылығының артқанын көрсетеді.

Шымкентте тіл саясаты мен білім беру жобаларына ерекше назар аударылуда. 2024 жылдың 10 айында төмендегінәтижелерге қол жеткізілді:

Тіл саясаты

Қаланың мемлекеттік тілді меңгеру деңгейі 97,8%-ға жетіп, жоспарланған көрсеткіштен асты. Сонымен қатар:

- орыс тілін меңгергендер – 87,6%,

- ағылшын тілін меңгергендер – 24,2%.

Қалалық оқыту орталығындағы тіл курстарына 1302 адам қатысты:

- қазақ тілін – 788 адам,

- ағылшын тілін – 435 адам,

- орыс тілін – 79 адам меңгерді.

Қатысушылардың ішінде қазақтар, орыстар, өзбектер және басқа да этностар өкілдері бар.

Кітап оқуды дамыту және білім беру бағдарламалары

«Оқитын ұлт» жобасы аясында оқырмандық қызығушылықты арттыруға бағытталған іс-шаралар өткізілді. «Бір ел – бір кітап» және «Нағыз оқитын кез» акциялары арқылы 300 798 адам қамтылды.

Шымкент – тек мәдени емес, білім беру орталығы ретінде де даму үстінде.

Оқылды 137 рет