Дүйсенбі, 09 Қараша 2026 08:58

Кентау қаласында көпбалалы аналар марапатқа ие болды

Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығына сәйкес бүгін Кентау қаласының әкімі Жандос Тасов көпбалалы аналарды мемлекеттік наградалармен марапаттады. Салтанатты шара барысында 4 ана «Алтын алқа», 7 ана «Күміс алқа» төсбелгісінің иегері атанды.

Қала әкімі көпбалалы аналарды құттықтап, олардың ел болашағын қалыптастырудағы рөлінің ерекше екенін атап өтті. Сондай-ақ ұрпақ тәрбиесіне бар өмірін арнаған аналардың еңбегі демографиялық тұрақтылықтың, отбасылық береке мен қоғамдағы ұрпақтар сабақтастығының негізі екенін жеткізді.Айта кетейік, бүгінде Кентау қаласында 4 614 көпбалалы ана бар. Оның ішінде 533 ана «Алтын алқа», 1 169 ана «Күміс алқа» иегері. Сонымен қатар 19 ана «Ана даңқы» орденінің І және ІІ дәрежесімен, 38 ана «Батыр ана» атағымен марапатталған.

Тақырыпқа орай айта кетсек, 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап айлық есептік көрсеткіштің (АЕК) 4 325 теңгеге дейін өсуіне байланысты балалы отбасыларға берілетін мемлекеттік жәрдемақылар мен әлеуметтік төлемдер 10%-ға артты. Көпбалалы отбасы мәртебесін алу үшін отбасында бірге тұратын 4 және одан да көп кәмелетке толмаған бала болуы қажет. Сондай-ақ 23 жасқа дейінгі күндізгі оқу нысанында білім алатын студент балалар есепке алынады. Бұл жәрдемақы отбасының табысына қарамастан тағайындалады.

2026 жылғы ай сайынғы жәрдемақы мөлшері:

???? 4 балаға – 69 330 теңге
???? 5 балаға – 86 673 теңге
???? 6 балаға – 104 016 теңге
???? 7 балаға – 121 360 теңге
???? 8 және одан көп балаға – әр балаға 17 300 теңге

Наградталған аналарға берілетін жәрдемақы:

«Күміс алқа» иегерлеріне – 27 680 теңге;

«Алтын алқа», «Батыр ана» атағын алғандарға, сондай-ақ I және II дәрежелі «Ана даңқы» ордендерімен марапатталғандарға – 32 005 теңге.

Жәрдемақыны қалай рәсімдеуге болады?

Мемлекеттік қызмет тегін көрсетіледі және бірнеше тәсілмен рәсімдеуге болады:

1️. eGov.kz электрондық үкімет порталы арқылы – қарау мерзімі 4 жұмыс күніне дейін;

2️.«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы (ХҚКО) арқылы – 7 жұмыс күніне дейін;

3️.Проактивті қызмет арқылы – бала туғаннан кейін тіркелген телефон нөміріне келетін SMS хабарлама бойынша;

4️.Екінші деңгейлі банктердің мобильді қосымшалары арқылы.

Көпбалалы отбасыларға көрсетілетін мемлекеттік қолдау шаралары туралы толық ақпаратты ресми ақпарат көздерінен алуға болады.

«WWW.AQ-QARA.KZ» - ақпарат

Оқылды 36 рет