Жексенбі, 02 Қазан 2022 15:29

Түркістан қаласында «Қарттар күніне» орай «Белсенді ұзақ өмір сүру орталығы» ашылды

Қарттар күні мерекесіне орай Түркістанда белсенді ұзақ өмір сүру орталығы ашылды.  Бұл орталық бірнеше қызметті атқарады. Біріншіден қариялар денсаулығын түзейді. Екіншіден түрлі шығармашылықпен айналысады.  Бұл орталық Түркістан облысы бойынша қариялардың өмір жасын ұзарту мақсатында жұмыс істейтін 10-шы нысан екенін айта кетейік.

Ақ кимешек киген апалар хоры осы орталықта ұйымдастырылды. Салт-дәстүрді берік ұстанған ақ жаулықты аналар халық әндерін нақышына келтіріп орындайды. Түркістан қаласында ашылған   «Белсенді ұзақ өмір сүру» орталығының жалпы алаңы – 728 шаршы метр. 2022 жылға Түркістан қаласының бюджетінен орталықты ұстау және қызметтерді көрсетуге  тиісті қаржы бөлініп, 19 штаттық бірлік құрылды. Мұнда денсаулықты күтуге арналған түрлі ем алуға болады.  Белсенді ұзақ өмір сүру орталығында зейнеткерлерге дәрігердің бақылауы мен кеңесі бойынша психологиялық көмек, тұзды бөлме, сенсорлық бөлме, массаж, сауықтыру-гимнастика, ЛФК кабинеті, еңбек терапия, фитотерапия, ағартушылық кабинет, акт залы, кітапхана алаңы, бильярд және теннис ойын алаңы, қосымша би, ән т.б үйірмелері қызмет етеді.

Бұл орталық тек қарияларға ғана емес, мүгедектерге де қызмет көрсетеді. Денсаулығын түзеймін деген жандар осында келіп тіркеліп дертіне шипа табуына болады. Мұнда физиотерапияның түрлі жабдықтары бар. Соның бірі тұзды бөлме. Бұл тыныс алу жолдарын емдейді. Ағзаға қажетті түрлі минералдарды береді. Белсенді ұзақ өмір сүру орталығы шығармашылық пен қатар ұлттық қолөнерімізді де дамытуға күш салады. Ісмер әжелер жүн түтіп, тоқыма тоқиды. Білгендерін кейінгі ұрпаққа үйретеді. Қазір Түркістан қаласында 15 мыңға жуық ардагер бар. Дәл осы орталықта күнделікті 70 зейнеткерге, жылына  2500-нан астам  ардагерге қызмет көрсетіледі. Бір қолданысы 10 классикалық массажға тең жаңа инновациялық биоэнергетикалық ерекше массаж аппараты арқылы бірден 7 түрлі ем ұсынылады.Қазіргі таңда Түркістанда 14 915 зейнеткер бар. Орталықта күніне 60-70 адамға қызмет көрсету мүмкіндігі қарастырылған.

Орталықтың ашылуына қатысқан қала әкімі Нұрбол Тұрашбеков қарияларға жүрекжарды лебізін білдірді. Бүгінгі бейбіт күніміз — Сіздердің кешегі еңбектеріңіздің жемісі. Баршаңыз кейінгі ұрпаққа жайлы орта үшін тер төктіңіздер, енді біз Сіздерге қызмет етеміз. Мен мүмкіндігінше жиі келіп, өздеріңіздің жағдайларыңызды біліп тұрамын, — деді шаһар басшысы. Мереке күнгі тартуға риза болған қариялар игі іске ұйытқы болған азаматтарға ақ батасын беріп, ізгі тілектерін арнады.

Таяуда осы орталыққа тағы да арнайы ат басын бұрып, жұмысымен толығырақ танысып қайтқан болатынбыз. Көптеген мәліметтерге қанығып, орталықтың тыныс-тіршілігіне, ондағы мамандардың жұмыс істеу процесіне қанығып, жаңадан ашылған осынау орталықтың қарттардың денсаулығын жақсартуға, өмірлерінің сапасын арттыру жолында қандай рөл ойнай бастағанына куә болғандай болдық. Енді, осы орталықтың жұмысы туралы кеңірек айтып берсек.

Негізінде, бұл орталық былтыр 13 желтоқсанда Түркістан  қаласы әкімдігінің № 2224 Қаулысымен мүмкіндігі шектеулі және зейнет  жасындағы азаматтарға әлеуметтік сүйемелдеу қызметтерді көрсететін орталығы болып құрылған болатын. Оның құрамында: «Әлеуметтік психологиялық сүйемелдеу көмек» бөлімшесі өмірлік қиын жағдайларға тап болған және тұрмыстық зорлық-зомбылық көрсетіліп жатқан азаматтарға  әлеуметтік қызметтер көрсетіледі.

«Белсенді ұзақ өмір сүру» бөлімшесі жалғыз басты қарттар мен мүгедектерге және зейнет жастағы азаматтарға  қоғаммен белсенді араласу және денсаулықтарын арттыруға  арнаулы әлеуметтік қызмет көрсетеді. «TEN QOGAM»  бөлімшесі жеке тәсілді еңгізу және  қызмет бенефициарлармен кері байланысты қамтамасыз ете отырып, әлеуметтік-тұрмыстық ортаға бейімделуіне бағытталған мүгедектігі бар адамдардың лайықты еңбекке, жұмыспен қамтуға және экономикалық тәуелсіздік құқығын асыруға кешенді қызмет көрсетеді.

Жоғарыда аталған санаттағы азаматтарға:

1.Дәрігерлік кеңес;

2.Психологиялық кеңес;

3.Еңбек терапиясы;

4. «Egov» электронды үкімет порталын пайдалану бойынша компьютерлік сауаттылық курстары;

5.Емдік және дене шынықтыру (ЛФК);

6.Спорттық және сауықтыру шаралары (бильярд, шахматы, тенис т.б);

7. Музыкатерапия;

8.Бизнес-тренинг;

9.Мәдени демалыс шаралары;

10.Еңбек әлеуетін дамыту тақырыбында тематикалық курстар ұйымдастырылады.

Өз-өзіне қызмет ету және белсенді қимыл-қозғалыс қабілетін сақтаған қарт адамдарға әлеуметтік-медициналық, психологиялық, экономикалық, құқықтық, ағартушылық, тұрмыстық еңбек, әлеуметтік –демалыс және әлеуметтік-тұрмыстық қызметтерін және бос уақытын пайдалы өткізудің кешенін өткізу, олардың белсенді өмір салтын сақтау және дамыту көзделген.

Белсенді ұзақ өмір орталығында  дәрігердің бақылау мен кеңесі бойынша психологтың көмек, тұзды бөльме, сенсорлық бөльме, массаж, сауықтыру-гимнастика, ЛФК кабинеті, еңбек терапия, фитотерапия, ағартушылық кабинет,  акт залы, кітапхана алаңы, бильярд және тенис ойын алаңы, қосымша би, ән тағы да басқа үйірмелер қызмет етуде.

Ерекшелігі 1 сеансы 10 классикалық массажға тең  жаңа инновациялық биоэнергетикалық массаж аппараты арқылы бірден 7 түрлі ем  ұсынылады. Биоэнергетикалық массаж аппарат (БЭМ)  бір мезетте ауру нүктесін анықтап, иглотерапия, физиоемдеу, лимфодленаж  классикалық, гуаша, баночный және акапунктурный массаждарды жасайды. БЭМ аппараты  тірек-қимыл аппараттары, бел-омыртқа аурулары, грижа, инсульт әсерлері мен остеохандроз, плексид және жүйке жүйесін емдеуде өте жақсы нәтижелер беруде. Бүгінгі күні Түркістан қаласында  14915 зейнеткер тұрады. Орталықта аталған қызметтерді  күніне 60-70 зейнеткер, айында 150-200адам қызмет алуға немесе оның үлесі қалада тұратын  зейнеткерлер  санының  16 % құрайды. Жыл басынан жоспар бойынша 360 адамға қызмет көрсету жоспарланып, 240  адамға қызмет көрсетілуде,  немесе 66,6 % құрады.  Көрсету мүмкіндігі бар 7 бағыт  бойынша 1390   қызмет  көрсетіліп келеді.

Қазан айында өткізілген іс – шараларға тоқталсақ, 1- қазан Қарттар күні  мерекесіне орай мекеменің ғимаратының ашылу  салтанаты болды. 25 – қазан Республика күні мерекесіне орай «Жайнай бер, жасай бер Қазақстаным!» атты іс – шара өткізілді. Мерекелік іс-шараларда зейнеткерлеріміз белсене қатысып ән айтып, би билеп, тілектерін білдірді және қатысқан зейнеткерлерге сыйлықтар таратылды.

Орталықтың қаржыландыруы мәселесіне келсек, «Белсенді ұзақ өмір сүру» бөлімшесі қарттар және зейнет жастағы азаматтарға әлеуметтік сүйемелдеу қызметтерді көрсету үшін бюджеттен 166,3 млн теңге қаралған.   Осы  бөлінген қаржының 139,5  млн  теңгесі  игерілген.

Түркістан қаласы әкімдігінің «Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» ММ-нің «Әлеуметтік қызметтер орталығы» КММ-ның «TEN QOGAM» бөлімшесінің қазан айына дейінгі атқарған жұмыстарына келсек,  «TEN QOGAM»  бөлімшесі жеке тәсілді еңгізу және  қызмет бенефициарлармен кері байланысты қамтамасыз ете отырып, әлеуметтік-тұрмыстық ортаға бейімделуіне бағытталған мүгедектігі бар адамдардың лайықты еңбекке, жұмыспен қамтуға және экономикалық тәуелсіздік құқығын асыруға кешенді қызмет көрсетеді. 

Жыл басынан жоспар бойынша 300 адамға қызмет көрсету жоспарланып, 150 адамға қызмет көрсетіліп келеді, немесе 50% құраған.  Көрсету мүмкіндігі бар 7 бағыт бойынша  517  қызмет  көрсетіліп келеді. Атап айтқанда: еңбек терапиясы, әнмен емдеу, психотренингтер, әлеуметті мәселелер бойынша заңды кеңес және сүйемелдеу және демалыс ұйымдастыру шаралары бойынша тарихи-мәдени орындарға экскурсия мен театр, концертке бару  және мерекелік мәдени іс- шаралар ұйымдастырылады. Қызмет көрсету бойынша жеті бағытта:  қызмет көрсетіліп,  9 іс-шара өткізіліп,  жұмысқа орналасқан 10  адам, Бизнес тренг бойынша 37 курс оқып, оның нәтежесінде 11  адам грандты  ұтып алды. Мүмкіндігі шектеулі  азаматтарға әлеуметтік сүйемелдеу қызметтерді көрсету үшін бюджеттен 35,0 млн теңге қаралған. Осы бөлінген қаржының 29,2  млн теңгесі  игерілген.

Мәдени демалысты ұйымдастыру бағытында Тарихи-мәдени орталығындағы «Ұлы дала елі» орталығындағы мұражайы, туристік орталығы «Vizit centre» және «Бірінші президент» саябағына экскурсия ұйымдастырылған. Алдағы уақытта «Egov» электронды үкімет порталын пайдалану бойынша компьютерлік сауаттылық курстары  мен қазақша гимнастика «Айкуне» және еңбек терапия курстарын өткізу жұмыстары ұйымдастырылуда.

Өмірлік қиын жағдайға тап болған немесе тұрмыстық зорлық зомбылық көрген азаматтарға «Әлеуметтік психологиялық суйемелдеу» бөлімшесі  жыл басынан 43 отбасы немесе 124  азаматқа  әлеуметтік арнайы қызметтер көрсетіліп келеді. Олардың қатарында 57 кәмелет жасындағы жасөспірімдер, 11 қарт адамдар.

Әлеуметтік қызметтерді кешенді түрде ұйымдастыру бағытында ведомствоаралық меморандум түзіліп, қызметтерді сапалы көрсету мақсатында қаладағы сектор алқаптарының басшылары, ақсақалдар кеңесінің өкілдері және ведомствааралық ұйымдары (білім, денсаулық, жұмыспен қамту орталығы және т.б) өкілердің қатысыуымен дөңгелек  үстел өткізіліп, бірлескен іс әрекеттердің амалдары келісілді. Әр бір отасы терең зерттеліп бірінші кезекте демеушілерді тарта отырып азық-түлік пакетімен  қамтамасыз етілуде. Әрі қарай отбасының  өзекті мәселесі нақтыланып кешенді әлеуметтік, психологиялық және құқықтық көмектер көрсетіліп келеді. Атап айтқанда:

- 20 адамға құқықтық көмек және олардың мәселелері бойынша ішкі істер басқармасымен бірлесе жұмыстар атқарылуда;

-39 адамға психологиялық диагностика;

-22 адамға медициналық көмек;

-8 адам дағдарыс орталығына орналастырылды;

-25 адамның жұмыспен қамту жөнінде мәселесімен айналысуда.

Облыстық іскер әйелдер қауымдастығының демеушілігімен Түркістан қаласындағы аз қамтылған, өмірлік қиын жағдайға тап болған, тұрмыстық зорлық зомбылық көрген қыз-келіншектерге ауызашар іс-шарасы өткізілген. Қызмет алушылар санатын ескере отырып, Орталықтың қызмет сапасы мен қызметкерлердің қарым қатынасы және деңгейін арттыру  мақсатында қызметкерлер арасында психологиялық тренингтер өткізілуде екен.

Естеріңізге сала кетсек, 2025 жылға дейінгі «Белсенді ұзақ өмір сүру» іс-шаралар жоспарын ҚР еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Серік Шәпкенов 2021 жылғы ақпанда бекіткен болатын. Ол егде жастағы адамдардың өмір сүру сапасын арттыру, халықтың салауатты өмір сүру ұзақтығын арттыру, қарт адамдардың әлеуметтік және психологиялық әл-ауқатын жақсарту, егде жастағы адамдардың қоғам өмірінің әртүрлі салаларына, елдің әлеуметтік-экономикалық дамуына қатысу мүмкіндіктерін кеңейту үшін іс-шараларды көздейді. Осы жоспарды іске асыру үшін үлкен жастағы адамдардың жағдайын жақсарту мәселелері бойынша ведомствоаралық комиссия құрылды.

Белсенді ұзақ өмір орталығы – ересек адамдар ағылшын тілін үй­реніп, компьютерлік сауат­ты­лық курстарынан өтіп, емдік дене шынықтырумен, бимен және т.б. айналыса алатын бос уақы­тын өткізу мекемесі. Нәтижесінде, егде жастағы қазақстандықтар қоғам­ға белсенді түрде араласып, олар­дың психоэмоционалдық жағдайы жақсаруда. Қазіргі таңда мұн­дай орталықтар еліміздің көптеген қалаларында жұмыс іс­тей бастаған. Алматы қаласы «Белсенді ұзақ өмір» орталығы іске қосылған Қазақстандағы алғашқы өңір бол­ды. Ол 2018 жылы маусым айында ашылды. Орталық 75 адамға есептелген, бірақ сұ­ранысқа байланысты күн сайын оған 350-ге жуық адам қатысты. 2019 жылдың со­ңына қарай қаланың барлық ауданда­рында дәл сондай 7 мекеме іске қосылды. Бағдарлама Дүние­жү­зі­лік денсаулық сақтау ұйымы әзірлеген қартаю проблемалары жөніндегі Мадрид халықаралық іс-қимыл жоспарының тұжырым­да­масын ескере отырып әзір­лен­ді. Қартаю мәселелері жөнін­дегі са­рапшылар бүкіл ел бойынша бел­сенді ұзақ өмір орта­лық­та­ры­­ның көп болуын барынша қа­жет­­ті және уақтылы шара деп атай­ды.

Бұл ұйымдардың бас­ты міндеттерінің бірі – аға буын­ның саламатты өмір салтын қол­дау болып табылады. Барлық өңір­лердегі қарттар Белсенді ұзақ өмір орта­лық­тарының ашылғанына өте қуанышты екенін айта кеткен жөн. Өйткені БҰҰ есептеулері бойынша 50 жылдан кейін планетаның әрбір алтыншы тұрғыны егде жастағы адам болатын көрінеді. Сондықтан қазірден бас­тап қарт адамдарға сапалы, әр түрлі және белсенді өмір сүруді қам­тамасыз ету бойынша жұ­мыс­ты бастау аса маңызды. Айта кету керек, соңғы 5 жылда 65 жастан асқан адамдардың үлесі 2 есеге артты. Нәтижесінде, ха­лықаралық стандарттарға сәй­кес, Қазақстан 2017 жылы халқы есей­ген елдер тобына кірді.

Елімізде қарттарға арналған қандай әлеуметтік қолдау шаралары бар деген сауалды бүгіндері жиі естиміз. Статистикалық деректерге сүйенсек, елімізде 2,2 миллионнан астам жасы бойынша зейнеткерлер тұрады екен. Әрбір азаматтың лайықты қартаюын қамтамасыз ету – Үкіметтің әлеуметтік саясатының басты міндеттерінің бірі. Мемлекет аға буын адамдарын әлеуметтік қорғау, оның ішінде зейнетақымен қамсыздандыру жүйесін жетілдіруге бағытталған шараларды дәйекті түрде қабылдауда. Қазақстан Республикасының зейнетақы жүйесін одан әрі жаңғыртудың 2030 жылға дейінгі тұжырымдамасына сәйкес базалық зейнетақы мөлшері жыл сайын инфляция деңгейіне, ал ынтымақты зейнетақы мөлшері инфляция деңгейінен 2% – ға оза отырып индекстеледі.

Мәселен, 2022 жылғы 1 қаңтардан бастап базалық зейнетақы мөлшері 5% – ға, ынтымақты зейнетақы 7%-ға ұлғайды. 2022 жылғы 1 сәуірден бастап зейнетақы мөлшері қосымша 4% индекстелген. Бұл 2021 жылмен салыстырғанда зейнетақылардың 9-11%-ға өсуін қамтамасыз етті, - делінген Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің хабарламасында.

Мемлекет Басшысы Қазақстан халқына Жолдауында зейнетақымен қамтамасыз етудің тиімділігін арттыру бойынша бірқатар шараларды атап өтті. 2023 жылғы 1 қаңтардан бастап 2027 жылға дейін базалық зейнетақының ең төменгі мөлшері ең төменгі күнкөріс деңгейінің 54% – ынан 70% - ына дейін, ал ең жоғары мөлшері 100%-ынан 120%-ына дейін кезең-кезеңімен арттырылатын болады.

Ведомствоның мәліметінше, бұдан басқа 2023 жылғы 1 қаңтардан бастап ынтымақты зейнетақыны есептеу үшін қабылданатын ең жоғары табыстың шамасын 46-дан 55 айлық есептік көрсеткішке дейін арттыру жоспарлануда. Ұсынылып отырған шаралар 2025 жылға қарай жиынтық зейнетақыны орта есеппен 27%-ға арттыруға мүмкіндік береді.

Сонымен қатар ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі қарт адамдарды қолдау, олардың әлеуметтік қызмет көрсету деңгейін арттыру, қоғамдық өмірге тарту бойынша шараларды іске асыруда. Республикада 51 белсенді ұзақ өмір сүру орталығы ашылып, белсенді жұмыс істеуде. Орталықтардың жұмыс істеуіне жергілікті бюджеттерден бөлінген қаражаттың жалпы сомасы 2022 жылы 2,4 млрд теңгеден асты.

Белсенді ұзақ өмір сүру орталықтары «бір терезе» қағидаты бойынша үш бағытта жұмыс істейді: белсенді ұзақ өмір сүру, денсаулық мәдениеті және жұртшылықпен байланыс. Орталықтардың қызметі егде адамдардың өмір сүру сапасын жақсартуға, өнімді және белсенді ұзақ өмір сүруді ынталандыруға, оның ішінде жүйелі бос уақытты ұйымдастыруға (йога, скандинавиялық жүріс, ат-сауаттылықты арттыру, мотивациялық және кәсіпкерлік курстар, ағылшын тілі курстары және т.б.), егде жастағы адамдарды тәуелсіздікпен қамтамасыз етуге, қазақстандық қоғам өміріне қатысуға бағытталған.

1 қазанда Қазақстанда Қарттар күніне орайластырылған айлық басталады. Облыстардың, қалалар мен аудандардың әкімдері, кәсіпорындар мен ұйымдардың басшылары аға буын азаматтарын әлеуметтік қолдау жөніндегі іс-шараларды, еңбек ұжымдарында кездесулерді, амбулаториялық-емханалық ұйымдарда Ашық есік күндерін және басқаларды өткізетін болады. Сонымен қатар Қарттар күніне орай Астана қаласында, Ақмола облысында, Шығыс Қазақстан, Батыс Қазақстан, Қостанай, Қызылорда, Маңғыстау, Павлодар, Солтүстік Қазақстан, Түркістан, Жамбыл облыстарында, сондай-ақ Абай және Ұлытау облыстарында 188,4 мың адамды қамти отырып, 1,6 млрд теңге сомасына біржолғы материалдық көмек көрсетілетін болады.

Жалпы, ағымдағы жылдың ішінде жергілікті бюджеттердің мүмкіндіктерін ескере отырып және бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі аясында қарт азаматтарды әлеуметтік қолдауға 4,7 млрд теңгеден астам қаражат бағытталды (оның ішінде жергілікті бюджеттерден – 4,2 млрд теңге, тартылған қаражат есебінен – 0,5 млрд теңге), оның ішінде:

– біржолғы материалдық көмекке-1 635,3 млн теңге (шамамен 188,4 мың адам);

– азық-түлік жиынтығын ұсынуға - 410,8 млн теңге (45,4 мың адам);

– жеңілдікпен дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етуге – 16,2 млн теңге (5,0 мың адам);

– тіс протездеуге – 194,2 млн теңге (3,7 мың адам);

– санаторлық-курорттық емдеуді ұсынуға - 888,2 млн теңге (8,3 мың адам);

– тұрғын үйді жөндеуге – 6,4 млн теңге (307 адам);

– отынмен қамтамасыз етуге - 67,5 млн теңге (2,3 мың адам);

– жалпы пайдаланудағы көлікте жеңілдікпен жол жүруді ұсынуға-1 млрд 177,2 млн теңге (130,6 мың адам);

– көмектің басқа түрлеріне-329,3 млн теңге (31,3 мың адам).

Халықаралық қарттар күні 1990 жылы 14 желтоқсанда Біріккен Ұлттар Ұйымы Бас Ассамблеясының 45-сессиясында жарияланғанын естеріңізге сала кетейік. Оны өткізудің басты мақсаты – егде жастағы адамдардың мемлекет пен қоғам алдындағы еңбегін құрметтеу және мойындау, сондай-ақ олардың проблемалары мен қажеттіліктеріне назар аудару, өмір сүру сапасын арттыру қажеттілігі, оларға жалпыға бірдей қамқорлық көрсету.

Ендігі жерде елімізде қарттарға әлеуметтік қызмет көрсетудің жағдайы және оның қазақстандағы сипаты қандай деген сауалға жауап іздеп көрсек. Қарт адамдарға қатысты мемлекеттік — саясаттың бағыттарынан бастайық: 1-ден, елімізде жүріп жатқан демографиялық өзгерістерге дайындау, 2-ден егде үлкен жастағы адамдардың өмір сүру сапасын жақсарту, 3- ден халықтың өсу категориясына анықтайтын қажеттіліктермен мұқтаж сәйкес әлеуметтік қызмет терін әрі дамыту.

ҚР қарт адамдарға әлеуметтік қызмет көрсету жүйесінің инфрақұрылымы әлеуметтік қызмет көрсету стационарлық жартылай стационарлық және стационарлық емес түрлерінен тұрады. 2000 жылдардың ортасында қалыптасқан тұратын үйіне барып қызмет көрсету, әлеметтік тұрмыстық әлеметтік медициналық, құқықтық, қызмет көрсетудің муниципалдық орталықтары дамып келеді.

Әлеуметтік қызмет көрсету мекемелерінің стационарлық торабының дамуы брнеше бағыттар бойынша жүргізіліп келеді. Тұрақты өмір сүрудің ең бір қолайлы жақсы жағдайларын жасау; Медициналық, әлеуметтік көмек көрсету және реабилитациялаудың қайта қалпына келтірудің сапалы түрін ұйымдастыру; Әлеуметтік мәдени бағыттағы қызметтерді беру; Өзара қарым- қатынастарындағы байланыстарды нығайту; Интернат үйлер, герантологиялық орталықтар.

Қарт адамдарға әлеуметтік қызмет көрсету жүйесі негізінен тұрақты жұмыс атқарылып отырғанымен осы адамдардың жеке қажеттіліктері толығымен есепке алынбайды. Атаулы көмек көрсету әлеуметтік қызметтердің орталықтары маңызды рөл атқарылып келеді. Олардың тең жартысы кешендік орталықтар. Олардың әлеуметтік қызметтері бардық түрлерін бере алады деп айтуға болады. Қарт адамдардың өмірінің қамтамасыз етудің болашақтағы моделі деп, егде жастағы жалғызбасты адамдардың арнаулы үйлерін айтуға болады яғни жалғызбасты адамдардың өмір сүру жағдайларын жақсартуға әлеуметтік қызметтің жаңа түрі — әлеуметтік пәтер. Егде жастағы ерлер мен әлеуметтік жұмыс атқарудың қазіргі технологиясының ішінде «Өзіне-өзі көмек көрсету» және «өзара көмек» жүйелерін ажыратуға болады. Практика көрсетіп отырғандай өзіне-өзі көмек және өзара көмек көрсету топтары бұл шағын  бес – жеті адамнан құрастырылатын ұжымдар. Олар кейбір жағдайларын алдын ала құрастырыла береді. Көптеген жағдайларда осы топтық белсенді мүшелерінің бірі ұйымдастырылуы мүмкін. Олар жақын тұратын, бір- бірімен ұдайы байланыста болатын адамдарды біріктіреді. Топ мүшелерінің проблемаларын, қажеттіліктерін олар оны бірігіп шешіп, бір-біріне көмектесу арқылы іске асады. Өзара көмек көрсету топтары өмірінің әр түрлі саласындағы мәселелерді шешуге көңіл аударуы. Олардың кейбіреулері өздерінің мүшелерінің проблемаларына қоғамдық пікірдің қалыптасуына ықпал жасап, қажетсінеді. Қоғам олардың көзқарасын өзгертуге тырысады. Мүгедекетрдің отбасылары бірін-бірі қолдауды қамтамсыз ету үшін. Осындай топтарды құруға мәжбүр болады. Мысалы шектелген мүмкіндігі бар адамдар қоғамның қандай да болмасын мүшелерінің қарым — қатынастар жасауға шын мәнінде құқылы болуға тиісті. Бірақ бұл біздің елде заң жүзінде бекітіліп негізделген.

Өзара көмек көрсету топтары өмірдің әр түрлі саласында мәселелерді шешуге көңіл аударады. Олардың кейбіреулері өздерінің мүшелерінің проблемаларына қоғамдық пікірдің қажетсуі. Қоғамдық оларға көзқарасын өзгертуге тырысады. Мүгедектердің отбасылары бір – бірін қолдауды, қамтамасыз ету үшін осындай топтарды құруға мәжбүр болады. Мысалы: шектелген мүмкіндігі бар адамдар қоғамның қандай да болмасын мүшелерімен қарым- қатынастар жасауға шын мәнінде құқылы тиіс. Бірақ біздің елде заң түрінде бекітіліп, негізделмеген. Бұл қарым- қатынастарға арналған қызмет арқылы іске асырылады. Көптеген топтар бірнеше бағыттарда жұмыс істейді. Бұл топтар өздерінің ресурстары таусылғанға дейін жұмыс атқарады. Өзара көмек көрсететін топтары әлеуметтік ұйымдардың негізінде құрылып, әрекет жасауға негізделген. Әлеуметтік қызмет белгілі бір жағдайда өзара көмек топтарының ішіндегі қатынастарының өзгешеліктерін айқындалып отыр. Сонымен әлеуметтік қызметтің осы топтарға жасайтын ықпалы әр түрлі бағыттарда болып отырады. Кейде өзара көмек тобы әлеуметтік қызметтің шеңберіде қайсібір жағдайларда өз бетімен дербес түрде рәсімдейді. Жарғы қабылдап, тіркеуден өтіп, қоғамдық ұйымның статусын алады. Мысалы ТМД ардагерлері құқықтарын сақтау мақсатында ауқымды жұмыс атқарып келеді.

Өзара көмек ұйымдастыруда топтардың әр түрлі міндетті қызметтері іске асырылады. Олардың мүшелері:Бірінші, туындап отырған қиыншылықтарды шешу жөнінде ұсыныстар алады;Екінші, керек болған жағдайда материалдық көмек алады;Үшінші, өздеріне деген ықыласты қолдауды сезінеді;Төртінші, Қарт адамдарға өзара көмек көрсететің қалыптасуына және дамуына тікелей немесе жанама келесідей факторлар әсерін тигізе алады;Бесінші, өзара көмектің және мемлекеттік қолдаудың әлеуметтік саясаттың тиімділігіне ықпалы;Алтыншы, әлеуметтік жұмыстың практикасында қарт адамдарға байланысты проблемалар болуы;Жетінші, әлеуметтік терапия мен реабилитацияға жұмсалатын қаржылардың ұдайы өсуі;Сегізінші, мүмкіншіліктерді іске асыруда қарт адамдардың бірдей жағдайда болмауы.

Өзара көмек- бұл жалпы қажеттіліктерді және проблемалары бар қарт адамдардың ерікті түрде өзара іс- әрекеті. Өзара көмек әлеуметтік қолдаудың түрі ретінде өзінің құрамына төмендегілерді еңгізеді.

—  рухани қолдау;

—  ақпараттық көмек;

—  статустық қолдау;

Өмір сүрудің субьективтілігін қолдау үшін- ақпараттық және статустық қолдаулардың маңызы зор. Ал эмоционалдық қолдау-әлеуметтік қолдаулардың басқа түрлерін қабылдау үшін маңызды. Қарым-қатынас жасау-егде жастағы қарт кісілердің қызметінің жетекші түрі және эмоционалдық қолдаудың басты элементі. Сондықтан да эмоционалдық қолдауды қарт кісілердің өзара көмек түрінің негізі деп атайды. Өзара көмек мазмұны бір жағынан үлкен егде жастағы адамдардың жалпы проблемаларына байланысты болып келсе, екінші жағынан өмірдің қиын кезіндегі қайғылы оқиғаларға мүгедектік алуына т.б. себептерге байланысты еңбектен қол үзіп, табысы азайып, қолдауды қажетсінеді. Өзара көмек тобының қалыптасуы және даму процесінің үш кезеңдерін ажыратуға болады

1. Даярлап қалыптасу кезеңі;

2. Алғашқы жұмыс істеу кезеңі;

3. Іс- әрекеттерді іске асыру кезеңі.

Даярлау кезеңі көмектерден құрылады оның құрамына 2-3 зейнеткерлер немесе 1 қарт адам және әлеуметтік жұмыстың маманы болуы мүмкін, олардың әр қайсысы ұйымдастыру жұмысының белгілі бір бағытымен шұғылданады: жұмыс істеуге ғимараттарды іздеу, жарнамаларды ұйымдастыру, туындайтын қиыншылықтарды ойластыру қажет.Топты  ұйымдастыруды маманнан күш жігерді жұмсауды, қаражаттарды қажет етеді. Өзара көмек топтары үлкен және шағын болып келеді. Бұл қарт адамдардың қоғамдық ұйымдары.

Қарт адамдарға қолдау қоғамдық түрлерінің дамуында әлеуметтік қызмет көрсету орталықтарын қоғамдық ұйымдар мен бірлесіп жұмыс атқарып рөлі маңызы арта түседі.Қарт адамдармен әлеуметтік жұмыс атқару қазіргі технологияның ішінде ортақ мүдделері бойынша клубтарды құру болып табылады. Клубтың басты мақсаты — бос уақытты тиімді, көңілді өткізуге әр түрлі мәдени ағарту қажеттіліктерін қанағаттандыруға мүмкіншілікт беру. Бұл мекемелер қарт адамдарға белгілі бір қызметтің түрін ұсынады: кеңес беру, көмек көрсету, демалысты ұйымдастыру.

Жалпы клубтың міндеті – әр түрлі рухани қажеттіліктерді қанағаттандыратын қарт адамдарға арналған клубтың  екі түрін атап айтуға болады.

— жұмыс орны бойынша;

— тұрақты мекен жайы бойынша

Клубтың бірінші түрі бұрынғы кәсіпорындардың жұмыскерлері қазір зейнетақы үшін ұйымдастырылады. Мұндай клубта бірін- бірі танитын, көптен танитын елдер кездеседі. Бұл жолдастық қарым- қатынас қайта жаңғырту, нығайта түседі. Кәсіпорынмен байланыста болуын сезінеді, адамдарда кенеттен зейнетке шығу кезеңінде туындайтын стресс жағдайы кеми бастайды. Мекен жайы бойынша ұйымдастырушылық клубтың артылықшылықтары олардың мүшелерінің бір-бірімен жақын жерде тұруы. Бұл қарт адамдардың клубтың жұмыстарына жиі қатысып тұруына қолайлы жағдай жасайды.

Клубтың табысты жұмыс істеуі. Оның бағдарламалық іске асуына болып келеді. Сондай-ақ оның жұмысына басшылық іскерлігі ықпалын тигізелді. Яғни оның біліктілігі, жұмыс жүргізу тәсілдері.Қажеттіліктерге, іске асырылып жатқан жұмыс түрлеріне және ғимараттың мүмкіншіліктеріне байланысты құрал — жабдықтар, приборлар, құрал — саймандар мен жабдықталған шеберханалар ұйымдастырылуы қажет. Қазіргі тұрақсыз, ұдайы өзгеріп отыратын әлеуметтік — экономикалық жағдайда әлеуметтік қызметкер жаңа қажеттіліктерді табатын, мәнің және көлемін анықтау үшін зерттеу жұмыстарын жүргізу керек. Жаңа қызмет көрсету түрлерін ынталандыру, олардың тиімділігін, шығындардың азаюлығын қамтамасыз ету бүгінде өзекті мәселеге айналып отыр.

Әлеуметтік саясат – әлеуметтік дамудың мақсаттары,олардың талаптарына сәйкес келетін әлеуметтік көрсеткіштерге қол жеткізу қоғам мен мемлекеттік идеологиялық көз қарастырудың жиынтығы. Қазақстанның қазіргі әлеуметтік саясаты 50 бәсекеге барынша қабілетті 50 елдің қатарына кіру стратегиясында тұжырымдалған ол стратегияның 3 – ші басымдығы болып табылады. Қазақстан Республикасының саясаты халықтың нашар қорғалған қатарларын әлеуметтік қолдауға бағытталған: көпбалалы отбасылар, қарт адамдар, зейнеткерлер, әйелдер мен жастар. Әлеуметтік саясаттың мазмұның қарастырған кезде өте кең мағынада қолдануға болады. Әлеуметтік құндылықтарға табиғи емес құбылыстардың барлығы жатады. Оның бәрі адамға арналған әлеуметтік саясаты іске асыруға процесіне қарастырылған. әлеуметтік саясат мазмұның анықтайтын қадамдардың айырмашылық әлеуметтік статистикадағы көрсеткіштердің сан алуан түрмен белгілейді.

БҰҰ әлеуметтік сясаттың көрсеткіштері келесідей бөлімдерін тұрады:

— Халық;

— Қоғамның әлеуметік құрылымы;

— Отбасы және тұрмыс;

— Табыстар және жинақталған қаражаттар;

— Өмір сүру деңгейі;

— Денсаулық сақтау;

— Азық- түлік тағамдарын қажетсіну;

— Тұрғые үй жағдайы;

— Білім беру және мәдениет;

— Еңбек және жұмыспен қамту;

— Елді мекендерде тұратын халықтың өмір сүру деңгейі;

— Әлеуметтік қамсыздандыру;

— Балаларды өсіріп жетілдіру және тәрбиелеу;

— Мүгедектердің жағдайы;

— Қарт адамдар мен зейнеткерлер;

— Рухани статистика;

— Қоғамдық қорлар.

Сонымен әлеуметтік саясат шекараларына адамдардың қоғамдық өміріндегі кең көлемді мәселелер еңгізіледі. Әлеуметтік саясат тың өрісі өмір сүрудің төменгі деңгейін қамтамасыз етуге қоғамның әлсіз қорғалған мүшелерін қолдауға бғытталған саясаттан бастап қоғамның қызмет көрсету ске дамуын қамтамасыз ететін шекараны алып жатады.

Қоғамдық дамудың саясаты-бәрі жеке адамдар үшін әлеуметтік қызмет көрсету мүмкіншіліктерін қамтамсыз ету және де олардың адамдардың теңіне, әлеуметтік статусына, физикалық және интеллектуалдық қабілеттеріне байланысты көрсетіледі. Сондықтанда қазіргі қоғамдағы әлеуметтік саясаттын жеке адамның еркіндік дәрежесін жоғарлатуға олардың таңдау мүмкіншіліктерін кеңейтуге, өзін- өзі жан жақты дамыту потенциалын іске асыруға бағыталған. Жалпыға мәлім, әлеуметтік саясат қызмет көрсетудің шығындарын талап ететін қымбат түрі болып саналады.

Кәрілік (қартаю) мәселесі ХХ ғасырдың, әсіресе, соңғы онжылдықтардың жаңа әлеуметтік  феномені болып отыр. Кәрілік жеке дамудың ұзақ та маңызды кезеңі болып, әрі макроқұрылымды деңгейдің әлеуметтік  процесстеріндегі өзгерістер бағытының индикаторы, ғасырлар шенінде әлеуметтік саясаттың негізін тұжырымдап береді. Егер 1990 жылдары Батыс елдерінде халықтың 18 % зейнеткерлік жаста болса, бұл көрсеткіш 2030 жылы 30%-ға көбеюі мүмкін. 1939 жылы Ресейде егде жастағы адамдар 4%-ды құрса, 1996 жылы 12%-ға жеткен. Біріккен ұлттар ұйымының  сараптамасына ден қойсақ, егде жастағы адамдар  165 мемлекетте 4 % болса, ол  мемлекет – жас  мемелекет деп есептелінеді екен, ал 7%-ды құрса кәрі деп есептелеінеді екен. Дамыған елдерде 65 жастан жоғары жастағы бір тұрғынға 4-5 еңбек ететін келеді. Осындай жағдайдан кейін 1991 жылы БҰҰ-ның егде жастағы адамдарға қатысты ұйымның қағидаларын қабылдап 1992 жылы кезегіндегі кәрілік мәселесіне байланысты үлкен мақсаттар айдарымен он жылдық стратегиясын белгілейді. Ал 1999 жылды Халықаралық қарттар жылы деп аталады.

Қазақстан Республикасындада қарт адамдар мен мүгедектер Қазақстан  Республикасының Конституциясы бекіткен, сондай-ақ құрамына басқа заң қабылдаушы актілер кіретін республика конституциясы  бекіткен әлеуметтік-экономикалық және жеке құқықтарға ие. Алайда, қарт және мүгедек адамның әлеуметтік статусының қоғамдық және еңбек қызметінің тоқтауына; құндылық ориентирлерінің трансформациясына, өмір салты мен қарым-қатынасына әлеуметтік-тұрмыстық және психологиялық жаңа шарттарға бейімделудің қиындығына байланысты өзгеруі айтарлықтай әлеуметтік мәселелерді туындатады. Қарт адамдар мен мүгедектердің өмір қызметінің шектелуі – ең өткір мәселе болып табылады. Өмір қызметінің шектелуі барысында адамда өзіне қызмет көрсету мүмкіндігінің, қимыл-қозғалысының, жөн сілтеуінің, қарым-қатынасының, өз мінез-құлқына бақылау жасауының , сондай-ақ еңбек қызметімен айналысу мүмкіндігінің болмайтындығы байқалады. Бұл мәселені шешуде бірінші деңгейдегі мағынаға қарттар мен мүгедектерге әлеуметтік көмек  пен әлеуметтік реабилитация жүйесі жоғары деңгейге жетіп отыр.

Әлеуметтік реабилитация әлеуметтік-экономикалық, медициналық, юристік, кәсіби және басқа шараларға әкеледі. Олар қажетті шарттарды қамтамасыз етуге және осы  топтардың қоғамда толыққанды өмірге келуіне бағытталады.Мысалға әлеуметтік қызмет көрсету орталығының құрылымына тоқталайық. Оған бірнеше бөлімшелер кіреді. Күндізгі қабылдау бөлімшесі тамақтандыруды, медициналық және мәдени қызмет көрсетуді қамтамасыз етеді. Арнайы шеберханалар да және жеке шаруашылықпен айналысу да қарастырылған.

Уақытша тұру бөлімшесінде емдік-сауықтыру және реабилитациялау қызметі, мәдени және тұрмыстық қызмет көрсету, тәулік бойы тамақпен қамтамасыз ету жұмыстары жүргізіледі. Үйде әлеуметтік көмек көрсету бөлімшесінде қарттармен мүгедектерге тұрақты немесе уақытша үйде  әлеуметтік –тұрмыстық қызмет көрсету ұйымдастырылады. Көптеген елдерде зейнетақымен қамсыздандыру жүйесін жақсарту әлеуметтік қамсыздандыру бағытының ең басты мәселесі болып отыр. Бұл мәселе әр елде өзіндік ерекшеліктермен шешіліп  келеді. Кейбір елдерде зейнеткерлер зейнетақысын оның көлеміне қарамастан толықтай алады. Ал кейбір елдерде жинақталған зейнетақы жүйесі жүріп жатыр. Жұмыстың мазмұны әлеуметтік қызмет орталығын (қарт жастағы және мүгедек азаматтар үшін) қарастыруды ұсынуға болады.Оған бірнеше  бөлімдер кіреді. Күндізгі бөлімде (кемінде 30 зейнеткер мен мүгедектерге есептелген) тамақтану, медициналық және мәдени қызмет көрсету ұйымдастырылады. Қосымша  шаруашылықта немесе шеберханада шамаға шақ еңбек қызметіне қатыстыру қарастырылған. Уақытша болу бөлімі (кемінде 15 адамға есептелген) емдеу-сауықтыру және реабилитациялық шараларды, мәдени және тұрмыстық қызмет көрсетуді, тәулік тамақпен қамтамасыз ету шартын жүзеге асырады. Үйде әлеуметтік көмек көрсету бөлімінде (ол қалада 120 адамға, ауылды жерде 60 адамға  қызмет көрсетеді) үнемі немесе уақытша (6 айға дейін) зейнеткерлер мен  мүгедектерге, басқаның көмегіне мұқтаж адамдарға (ақылы немесе ақысыз түрде) үйде әлеуметтік – тұрмыстық қызмет көрсетеді. Үйде әлеуметтік көрсетудің негізгі тапсырмасы  еңбекке қабілетсіз азаматтарды, үйде қызмет көрсетуге мұқтаждарды табу болып табылады.

Әлеуметтік көмек  орталығының шұғыл қызметі қызметтің кең тізімін  қарастырады. Тегін астың тамаққа немесе азық-түлік  жиынына мұқтаждарды қамтамасыз ету; киіммен, аяқ киіммен және бірінші қажеттілікпен қамтамасыз ету, әр түрлі материалды көмек көрсету; уақытша баспана алуға көмектесу; шұғыл психологиялық көмек, соның  ішінде «сенім телефоны» арқылы: өз компенсациясында юристік көмек көрсету; региондық және басқа ерекшеліктермен шартты көмектің басқа түрлерін және формаларын көрсету. Қарт адамдарды атаулы қорғау Қазақстанда айтарлықтай дағдарысты жағдайда. Ол біріншіден ең көп қажетсінулерге: жалғыз басты зейнеткерлерге, мүгедектерге, 80 жастан жоғарыларға көрсетіледі.

Біздің еліміздегі әлеуметтік  зерттеулер қарттарға жағымды жағдайды қамтамасыз етудің негізгі бағыттары: зейнетақының көтерілуі, зейнеттік қамтамасыз етудің жоғары деңгейге жетуі, оларға үйде қызмет көрсетуді  дамыту қарттарға арналған үйлердің көбеюі және өмір сүру жағдайының жақсаруы. Қазіргі мемлекетте әлеуметтік қамтамасыз етудің басты бағыттарының бірі зейнеткерлік қамтамасыз етудің жоғарлауы болып табылады. Біздің елемізде 2000 жылдан бастап, құрамына үйде әлеуметтік көмек көрсетумен қатар, тіпті жаңа бөлімдер күндіз келіп кететін бөлімдер кіретін зейнеткелерге қызмет  көресету орталығы деп аталатын орталықтар ашыла бастады. Мұндай бөлімдерді ұйымдастырудың мақсаты – жанұясымен бірге тұратын немесе жалғызбасты қарттардың қолыбос кездеріне арналған өзіндік орталықтар жасау. Мұндай бөлімдерге адамдар таңертең келіп, кешке үйлеріне қайтады деп қарастырылған: олар күні бойы жайлы ортада болуға, қарым-қатынас жасауға, уақытты мағыналы өткізуге, әртүрлі мәдени іс-шараларға қатысуға,  бір мезгіл тамақ және керек болған жағдайда дәрігерге дейінгі медициналық көмек алуына мүмкіндік алады.

Мұндай бөлім қызметтерінің негізгі тапсырмасы қарт адамдарға жалғыздықты өткеруіне, тұйық өмір сүру салтына, жаңа мағыналардың пайда болуына, белсенді өмір сүруінің қалыптасуына көмектесу болып табылады. Басында мұндай орталықтар қарттарға арналған интернат-үйлерінде пайда болды, өйткені бұл мекемелердің келушілерді ыстық тамақпен қамтамасыз ететін жабдығы бар, бөлімге сәйкес алаңы бар. Бөлім күніне  25-50 адамға есептеген. Алғашында бөлімде уақыт өткізу уақыты шектелмеген еді. Тамаққа төлейтін ақша зейнетақы байланысты әртүрлі болды.

Алғашқы орталықтар  ашылған кезде олардың келіп кету уақыты белгіленбеді. Бірақ, бұл мекемелердің тәжірибесі оларды зейнет жасындағылары арасында әйгілі етті, бөлімге күндіз келіп кеткісі келетіндер көбейді. Орталықтың қызмет көрсету зонасында тұратын және бөлімге келіп кетуге арыз беріп тіркелген  зейнеткелердің санына қарап, көптеген  территорияларда жыл бойына барлық қолдаушылар орталықта 2 немесе одан да көп рет болу үшін, бір топ жиналатын мерзім есептелді. Бөлімге өзіне қызмет ету және белсенді қозғалу қабілеті сақталған, олардың жанұялық жағдайларынан  тәуелсіз зейнеткерлер мен мүгедектер жеке арызы мен бөлімге қабылдауға болады деген медициналық мекеменің анықтамасы негізінде қабылданады.

Бөлімде дәрігерге дейінгі медициналық көмекке, клуб жұмысына, кітапханға, шеберханаға және тағы басқа кабинеттер берілген. Қазіргі кездегі қарттық туралы әлеуметтік ғылымының дамуының негізгі үш бағытын бөліп көрсетуге болады: Қартаюды биологиялық және писхологиялық процесс ретінде меңгеру (игеру); Егде жастағылармен әлеуметтік орнын және әлеуметтік-экономикалық статус мәселесін сипаттайтын институтционалды қатынас; Әр халықтың өзіне тән кәрілік туарлы әр қилы тарихи мәдени  сараптамасы.

Қазіргі қоғамдағы қартаюдың  салдарын үш топқа бөліп қарауға болады. Біріншіден, бұл төмендегідей жағдайлармен сипатталатын әрі демографиялық және макроэкономикалық салдар:

—  туылу көрсеткіші;

—  өмір сүру ұзақтығы, әсіресе оның ең жоғарғы шегі, әрі егде жасқа жетуге талпынушылар саны;

—  зейнеткер қарттар өмірінің тиесілі сапасы стандартын қамтамасыз етудің ұжымдық жауапкрешілікке қатынасы;

Екіншіден, әлеуметтік қарым-қатынас аумағында айтарлықтай өзгерістер болады:

—  жанұялық-туысқандық қарым-қатынас құрылымында;

—  әртүрлі ұрпақтардың бір-бірін қолдау жүйесінде;

—  потенциалды еңбекпен айналысушылық құрылымында;

Үшіншіден, еңбек нарығында демографиялық құрылым өзгерісі байқалады:

—  егде жастағы зейнеткерлер мен жұмыс берушілер арасында еңбек іс-әрекетіне байланысты қатынастар өзгереді, яғни зейнетке шығу мәселесі;

—  әйелдер мен ерлер арасындағы еңбекпен шұғылданушылық пропорциясы өзгереді, себебі егде жастағы әйелдер саны ерлерден айтарлықтай көп.

Жоғарыда көрсетілгендей біздің елімізде де Қарт адамдармен әлеуметтік жұмыс жүргізіледі немес қарт адамдарға әлеуметтік көмек көрсетіледі. Оның басқа мемлекеттермен салыстырғанда өзіндік ерекшеліктері мен кемшіліктері бар. Алайда менің пікірімше еліміздің экономикасы дамыған сайын адамның өмір сүруі жақсарады, ал ол қарт адамдардың өмірінің ұзаруына алып келеді деген сенімдемін. Егер елімізде өмір сүру ұзақтығы жоғарыласа онда демографиямыз да жақсарады. Ал демографияны жақсарту қазіргі кезде еліміздің ең басты мақсаттарының бірі болуда.

Қариялар... Осынау бір сөзді естігенде көз алдымызға өмірде көргені мен көңілге түйгені мол жандар келеді. Өмірдің сан соқпағы із қалдырған маңдайындағы әжім біз үшін сүйкімді көрінеді. Сәкіге жайғасып, әңгіме-дүкен құрып отырған қариялар басымыздан сипап, ақылын айтып отыратын. Бар болса қалтасынан тәтті кәмпитін беріп, таусылып қалса, бала көңіліміз алабұртып, алдына отырып еркелеп, мауқымызды басушы едік. Бізге, балалар үшін, ақсақал деген қанша сұрақ қойсақ та жауабын білетін даналық иесі секілді көрінетін. Бұл пайымның дұрыс екеніне есейе келе көз жеткіздік.

Ауылдағы аулада қамшы өріп, кетпен-күрегін қайрап отыратын аталарымыз, жүн түтіп, ұршық иіріп отыратын әжелеріміз орны алабөтен қазынадай көретін. Кешкісін мал өрістен келген соң ата-әжелеріміз біздерге ертегі, қисса-дастандарды айтып, бір ғажайып әлемге сапар шектіретін. Әгарәки, ертегісі таусылып қалса, «Әже, ана ертегіні айтып беріңізші» деп қиылып, қайта-қайта тыңдай беретінбіз. Біз үшін ата-әжелерміздің ғажап үнін естудің өзі бір ғанибет еді.

Иә, өмір деген Қаратал өзенінің суындай тоқтаусыз ағып жатқанымен, судың жағасындағы жас шыбықтардың кемелденіп, жылдар өткен соң қурайтыны секілді, кеше ғана ортамызда жүрген қазыналы қарттарымыздан көз жазып қалатынымыз – өмір заңдылығы. Мұқағали ақынның өлеңі осындайда ойға орала береді. «Неменеге жетiстiң, бала батыр? Қариялар азайып бара жатыр. Бiрi мiнiп келместiң кемесiне, Бiрi күтiп, әнеки, жағада тұр». Уақыт бір орында тұрмайды. Сынаптай сырғып өтіп жатқан өмірде дария кеуде, тау мүсін қарияларды көзі тірісінде құрметтейік. Жастарға қарияларды үлгі етейік. Ақын айтқандай, «Ақыл айтып жүрмесе қасымызда, Сонда орнайды жетiмдiк басымызға».

Бүгінде қарияларымызды қаншалықты құрметтеп жүрміз?  Қарттар күні мерекесінде білім ошақтарында, қоғамдық мәдени орындарда іс-шаралар өтеді. Әйтсе де, қарттарға құрмет көрсету бір күнмен шектелмеуі тиіс. Қарияларымызға қоғамдық көлікте орын беріп, кішіпейілділік көрсетіп жүрміз бе? Көшеде ілбіп кетіп бара жатқан қарттарды көлігіңізбен жеткізіп салсаңыз, зор сауап болмай ма? Бейтаныс қариялармыздың қолын алып амандасып, ақ батасын алғаннан жаман болған адам бар ма екен?

Ертеде қазақ даласында бір адам болыпты. Жас күнінде құлағы жақсы естіген екен. Жасы ұлғая келе қос құлағы естімей қалыпты. Бірде далада отырса маңырап қойлар келе жатады. Сонда қарт  отырып: «Ойпырым-ай, баяғының қойлары маңырап келуші еді. Қазіргінің малдары аузын ашып келетін болыпты», – дейді. Біз бұл мысалдан бүгін жас болғанымызбен, ертеңгі күні қарттардың сапына қосылып,  сау мүшемізден ақау шығып, көмекке мұқтаж, жылы сөзге зәру болып қалатынымызды аңғарамыз.

Ислам дінінде қарттарды қадір-леу уахимен бекітілген екен. Пайғамбар (с.ғ.с.) өз хадисінде: «Жебірейіл періште маған үлкендерді алға шығар деп бұйырды», – деген. Сондай-ақ, Мұхаммед (с.ғ.с.) бір хадисінде: «Ақ шашты, ақ сақалды мұсылман қарияны ізет тұту – Алланы ұлықтаудың бір түрі», – деген. Демек, жасы үлкен адамды қадірлеу – берекенің артуына сеп болады екен.

Қазақ халқы қашанда жасы есейген адамдарды құрметтеген. Тарихқа сүйенсек, XIX ғасырдың аяқ кезінде неміс ғалымдарының бірі Ф.Фон Шварц: «Қырғыз-қайсақтарда сұлтан, батырлармен қатар барлық жасы үлкен, қартайған ер азаматтың бәрі де кім екеніне, қандай тектен шыққанына қарамай, ерекше сый-құрметке бөленеді», –  деп жазады.

Қазіргі рухани құндылықтар таразысын материалдық байлық басқан заманда қарапайым қағидаларды орындауға қарекет қылдық па? Сананы тұрмыс билеген заманда қазыналы қарттарымызды сыйламақ түгіл, өз балалары үйіне сыйдырмай қарттар үйіне апарып тастағанын естігенде денең түршігіп, ауыр күрсінеді екенсің. Бұрын қазақ жерінде қарттар, жетімдер үйі деген болды ма? Есігінде құлпы, даласында түрмесі болмаған ата-бабалармыздың өркениетті қоғамына жете алмай жүрген жоқпыз ба?  Әйгілі Қашаған ақын: «Жетпістен жасы асқанда, сексенге аяқ басқанда, жастар елеп келмесе, келіп сәлем бермесе, күнде асыл кисе де, қартайғанда ер жетім», – деп қалай тауып айтқан десеңші?!

Қысқасы, біз ата-анамызға, қарттарымызға құрмет көрсеткенде ғана бақытқа қол жеткізе алады екенбіз. Ертеңгі күні біз қартайғанда балаларымыз бізге жақсы қарағанын қаласақ, біз де ата-анамызға құрметпен қарауымыз керек. 

 

Оқылды 419 рет