Шымкентте «Тұсауыңды кесейін, күрмеуіңді шешейін!» атты шара өтті

Қазақ халқының қадым замандардан бергі қаймағы бұзылмай келе жатқан дәстүрлерін бүгінгі жастарға ұлықтау мақсатында және Ұлыстың ұлы күні – Наурыз мерекесі қарсаңында Шымкенттегі Әдет-ғұрып және салт-дәстүр орталығының ұйымдастыруымен «Тұсауыңды кесейін, күрмеуіңді шешейін!» атты шара өтті.

Шымкенттік кәсіпкер мемлекеттік қолдау арқылы медициналық құрал-жабдықтар алған

Бүкіл әлемді жаулаған пандемия барша адамзатқа денсаулық қадірін түсіндіріп, тазалыққа үйретті. Коронавирустың кең таралған тұсында ауруханалардағы төсек-орындар саны жетпей, дәрі-дәрмек тапшылығы да орын алды. Осындай кезеңде емханаларда стационарлар ашылып, тәулік бойы тұрғындарға медициналық қызмет көрсетті.

Шымкенттік педиатр жылына 6000-ға жуық балаға медициналық көмек көрсетеді

Әлемдегі ең маңызды да мерейлі мамандықтардың бірі - дәрігер. Ақ халатты абзал жан деген теңеу де осының айғағы. Сырқаттанып, ауырғанда да жаныңыздан табылатын – осы мейірбан адамдар. Шымкенттік балалар дәрігері Елена Хан саналы ғұмырын медицина саласына арнады.