Шымкент: мониторинг жұмыстары күшейтілуде

Апта басынан бері карантин шектеулерін кезең-кезеңімен жеңілдету жұмыстары басталды. Бірқатар қаржы ұйымдары мен сауда және қызмет көрсету саласындағы нысандар өз жұмысын бастады. Бірақ, тосқауылдар алынғаны мен талаптар қатаң. Шымкент қалалықТауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментінің қызметкерлері мониторинг жұмыстарын күшейтуде.

Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов спорт нысанының алғашқы кірпішін қалады

Шымкент қаласындағы №63 негізгі орта мектеп ғимараты 2012 жылы 300 орынға арналып салынған. Қазіргі таңда «Отано ЛТД» ЖШС білім беру мекемесіне қосымша асхана, шеберхана, спорт зал құрылысын бастап кетті деп хабарлайды Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызмет.

Шымкенттік 274 976 азаматқа әлеуметтік төлем төленді

2020 жылғы 6 мамыр, сағат 9,00-ге мәлімет бойынша, Шымкент қаласынан төтенше жағдай кезеңінде әлеуметтік төлемді алу үшін арнайы портал, сайттардан 534 883 адамнан өтініш түскен. Бұл туралы Шымкент қаласы төтенше жағдай жөніндегі штабы хабарлап отыр.

Шымкентте үш айда 4,9 млрд теңгенің ауыл шаруашылығы өнімі өндірілді

Шымкентте өндіріс қана емес, ауыл шаруашылығы саласы да қарқын алып келеді. Биылғы жылдың үш айында жалпы ауылшаруашылығы өнімінің көлемі 4,9 млрд теңгені құраған. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 107,7 пайызды құрады.

Шымкент: Жеңістің 75 жылдығына орай, ардагерлерге 1 млн теңгеден беріледі

Шымкент қаласында Жеңістің 75 жылдығына орай, қырық Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектерiне 1 млн. теңгеден беріледі. 9 мамырға ақшалай төлем ардагерлердің жесірлеріне, тыл еңбеккерлеріне және басқа да бірқатар санаттарға қарастырылған.

Шымкенттік кәсіпкер 550 отбасыға азық-түлік таратты

«Құрмет» орденінің иегері, меценат Байкен Әшірбаев Шымкенттегі 550 отбасыға азық-түлік таратты. Бұған дейін бірнеше рет қайырымдылық шараларды ұйымдастырып, игі істердің басы-қасында жүретін Байкен Әшірбаев төтенше жағдай кезінде аз қамтылған отбасыларға жәрдем беруді жөн санаған.