Түркістан: Мақтаарал ауданында топан су басқан ауылдарды дезинфекциялау жұмыстары басталды

Түркістан облысы Мақтаарал ауданындағы топан суда қалған ауылдарды дезинфекциялау жұмыстары басталды. Мұндағы мақсат – тасқын су шайып кеткен елдемекендерде жұқпалы аурулардың таралуын болдырмау және инфекциялық індеттердің алдын алу.

Түркістан: 500 тонна орамжапырақ Белоруссияға жөнелтіледі

Түркістан облысының шаруаларына өнімдерін экспортқа шығаруға кедергі жоқ. Күні кеше Хусейн Бабуров атты кәсіпкер жер емген дихандардан 500 тонна орамжапырақ сатып алуға келіскен. Ол алғашқы 200 т. орамжапырақты жүк көліктеріне тиеп, Белоруссияға аттандырды.

«Біргеміз, Мақтаарал!» штабының еріктілері мақтааралдықтарға 50 тоннаға жуық әлеуметтік көмек жеткізді

2020 жылы 2 мамырда  төтенше жағдайға байланысты Түркістан облысы Мақтаарал ауданының Жамбыл ауылдық округі, №36 жалпы орта мектеп базасында Түркістан облысы әкімдігі және «Нұр Отан» партиясының қолдауымен, жастар мен еріктілердің бастамасы негізінде «Біргеміз, Мақтаарал!» еріктілер штабы құрылды.

Шымкентте үш ауысымды мектептердің саны азаяды

Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов Зоя Космодемьянская атындағы №23 мектеп-лицейіне барды. Себебі, аталмыш мектеп балаларды үш ауысымда оқытатын қаладағы білім беру мекемелерінің бірі. Айта кетейік, 1480 орындық мектеп 1961 жылы салынған. Алайда, бүгінде мұнда 4800 бала білім алуда.

Шымкент: төтеншеліктер соғыс ардагерін құттықтады

Биыл ұлы жеңіске 75 жыл. Жеңіс бізге оңайлықпен келмегені белгілі. Осы жеңіс жолында қаншама аға буын аталарымыз елімізді ерлікпен қорғады. Мереке қарсаңында Шымкент қаласы Төтенше жағдайлар басқармасы Қаратау ауданында тұратын қарт майдангерді құттықтады.

Шымкентте Конго, Қырым безгегінің алдын алу бойынша залалсыздандыру жұмыстары қызу жүргізілуде

Шымкентте Конго, Қырым безгегі ауруларына қарсы іс-шаралары өтуде. Мамандар қала іргесіндегі елдімекендерде залалсыздандыру жұмыстарын жүргізуде. Олар түлік түлетіп отырған шаруалардың қора-қопсысын түгел тазалауды қолға алды.