Төлеби: Сайрамдық партия белсенділері ұйымшылдық танытты

Сайрамдық партия белсенділері Төлеби ауданындағы жағдайға байланысты ұйымшылдық танытты,-деп хабарлайды Сайрам ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі.

Сайрамдық партия белсенділері Төлеби ауданындағы жағдайға байланысты ұйымшылдық танытты,-деп хабарлайды Сайрам ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі.

Мақтааралдықтарға Сайрам аудан әкімінің бастамасымен аудан әкімінің орынбасары М.Оразалиев бастаған топта 15 ерікті, жергілікті БАҚ өкілдері мен кәсіпкерлер барды. Аудан тарапынан 1 «КамАз» және 1 «Газель» азық-түлік жөнелтілді.

Отырар ауданында «Nur Otan» партиясының «Біз Біргеміз» акциясына қолдау білдіріп, қамқорлық жасауға өз үлестерін қосып жатқан азаматтардың саны күн санап артып келеді, деп хабарлайды Отырар ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі.

Жетісай ауданында жол жөндеу жұмыстары қарқынды жүргізілуде,-деп хабарлайды Жетісай ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі.

Түркістан қаласы әкімдігінде Қ. А. Ясауи кесенесі аумағын абаттандыру жобаларын талқылау бойынша ғылыми-методикалық кеңестің 7-отырысы өтті.

Түркістан облысының Мақтаарал ауданындағы отандастарымыз табиғи апат салдарынан қазірде қиын жағдайда екенін барлығымыз білеміз. Осы ретте бүкіл ел бір жұдырықтай бірлесіп, Мақтааралға көмек қолын созуда.

Түркістан өңірінде бірнеше ауданда су тасқынына байланысты облыс әкімі Өмірзақ Шөкеев тұрғындармен жүздескен болатын. Ол бұл мәселе әкімдіктің назарында екенін айтқан-ды.

Түркістан облысында тасқынға тап болған аудандардағы су сапасы күнделікті тексеріледі. Бұл туралы толығырақ Экология, геология және табиғи ресурстар вице-министрі Ахметжан Пірімқұлов айтып берді.

Қожа Ахмет Ясауи кесенесіне зиярат етушілер үшін бау-бақшалы жасыл аумақ іске асуда. Түрлі жеміс-жидек ағаштары өсетін ботантикалық баумен қатар, киіз үй, сондай-ақ кесене аумағында көшпенділер салты мен дәстүрінен ерекше сыр тартатын, ортағасырлық тұрмыстан айрықша көрініс беретін Этноауыл салынады.
Техногендік апаттың салдарын жою, тілсіз жаумен күрес – бұл Мақтаарал ауданында техногендік апат салдарын жоюға келген әскерилердің күнделікті өмірі.