Түркістан: Полицейлер «Тыл ардагері» ақ жаулықты ананы және қызмет бабында қайтыс болған полицейдің жұбайын мерекемен құттықтады

Түркістан облысы Полиция департаменті Қазығұрт АПБ-нің қызметкерлері 9 мамыр «Жеңіс күні» мерекесі қарсаңында бірнеше аналарамыздың үйіне барып құттықтап шықты.

Мақтаарал: Тасқын су алған ауылдарда тәртіп сақшыларыда тәулік бойы қызмет атқаруда

Мақтарал ауданында орын алған төтенше жағдай тұсында полиция қызметкерлері тәулік бойы қызмет атқарып, қалтқысыз қызметімен көрінді. Қазірде тәртіп сақшылары әлі де ауыл көшелерін аралап, ұрлықтың алдын алу, қоғамдық тыныштықты қамтамасыз ету мақсатында жұмыс істеп жатыр,-деп хабарлайды ТО ПД-нің баспасөз қызметі.

Түркістан облысының полицейлері мақтааралдықтарға құжаттарын қалпына келтіруге көмектесуде

Түркістан облысы ПД көші-қон және әкімшілік полиция қызметкерлері су басқан кезде жоғалған Мақтаарал ауданы тұрғындарының құжаттарын қалпына келтіру жұмыстарын жүргізуде. Бұл туралы Түркістан облысының ПД баспасөз қызметі хабарлайды.

«Мақтааралға көмек жеткізушілерге блок бекеттерде қысым жасалып жатыр» - жалған ақпарат

Мақтаарал ауданындағы төтенше жағдайға байланысты көмек келіп жатыр. Бірақ "көмек жеткізушілерге блок бекеттерде қысым жасалып жатыр" деген мазмұнда әлеуметтік желілерге таралған ақпарат жалған. Бұл туралы "Nur Otan" партиясының Мақтаарал аудандық филиалы хабарлайды.

Мақтааралға Жамбылдан көмек келді

Мақтаралға 10 млн теңгеден астам қаржы көлемінде 15 тонна азық-түлік келіп жетті.  Бұл «Nur Otan» партиясы Жамбыл облыстық филиалының жасаған жәрдемі.

Өмірзақ Шөкеев Төлеби ауданындағы селден зардап шеккен аумақтарды аралауда

Облыс басшысы Өмірзақ Шөкеев Төлеби ауданындағы селден зардап шеккен аумақтарды аралауда. Мұнда 13 мамыр күні толассыз жауған нөсер жауынның әсерінен Төлеби ауданындағы өзендердің су деңгейі көтерілді. Арық-атыз, қыр-сайлардан жиналып аққан жаңбыр суынан 6 елді мекендегі 215 тұрғын үйлердің ауласына су кірді.

Мақтааралдық бүлдіршіндерге анимациялық фильмдер көрсетілді

Мақтаарал ауданындағы орын алған төтенше жағдайдан зардап шеккен тұрғындарға жан-жақты қолдаулар көрсетілуде. Бүгін,Түркістан облысы мәдениет басқармасына қарасты «Оңтүстікфильм» КММ-нің ұжымы су басқан аймақтағы тұрғындар уақытша орналасқан эвакуациялық орталықтарға арнайы келді.

Тимур Сұлтанғазиев жұмыс сапарымен Түркістан облысына келді

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау комитетінің төрағасы Тимур Сұлтанғазиев жұмыс сапарымен Түркістан облысына келді.