Шымкенттік 282 745 азаматқа әлеуметтік көмек тағайындалды

Шымкент қаласы әкімдігі таратқан ақпаратқа сүйенсек, 2020 жылғы 11 мамыр күнгі сағат 18:00-дегі мәлімет бойынша Шымкент қаласынан төтенше жағдай кезеңінде әлеуметтік төлемді алу үшін арнайы портал, сайттардан 535 530 адамнан өтініш түскен. 

Шымкент: Денсаулық сақтауға байланысты қала әкімінің бірінші орынбасары брифинг өткізді

Шымкентте төтенше жағдай тоқтатылды. Бірақ карантин кезеңі жалғасады. Себебі қауіпті вирус толығымен жойылған жоқ. 12 мамырдан бастап қаладағы барлық базарлар жұмыс істейді. Көптеген кәсіпкерлік нысандар іске қосылады. Осы айдың 25-не дейін жалғасатын шектеу мен жеңілдіктерді қала әкімінің бірінші орынбасары Ербол Садыр баспасөз брифингінде баяндады. 

Шымкент: Бірнеше халыққа қызмет көрсету орталықтары жұмысын бастамақ

12 мамырдан бастап Шымкентте шағын және орта бизнес өкілдері үшін халыққа қызмет көрсету орталықтары жұмысын бастайды. Бұл шешімді Шымкент қаласының төтенше жағдайды қамтамасыз ету жөніндегі штабы қабылдады. 

Шымкент: Індетпен күресіп жатқан медицина мамандарына тиісті көмек көрсетіліп жатыр

Бүгін мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев елімізде төтенше жағдайдың аяқталуына байланысты мәлімдеме жасады. Осы кезеңге дейін Шымкент қаласында карантиндік шектеулердің енгізілуіне байланысты нақты шаралар қолға алынды. 

Түлкібаста ата-ана қамқорлығынсыз қалған бір үйдің 6 баласына баспана тарту етілді

Түлкібас ауданында ата-ана қамқорлығынсыз қалған балаларға 5 бөлмелі баспана тарту етілді. Қасиетті рамазан айында «Харекет» қайырымдылық қоры тағдыр тәлкегін бастан өткерген 6 балаға аудан орталығынан тұрғын үй алып берді.