2020 жылы Түркістан облысы бойынша жалпы сомасы 397,7 млрд.теңге болатын 97 инвестициялық жобаны іске асыру жоспарланған

Қазіргі уақытта "Turkistan Invest" өкілдері Түркістан облысының экономикасына инвестиция салуға шешім қабылдаған шетелдік инвесторлар үшін инвесторлық визаларды рәсімдеуде көмек көрсету жұмыстарын жалғастыруда.

2019 жылдың қорытындысы бойынша Түркістан облысы инвестиция тарту бойынша ел көлемінде екінші орынға шықты

Қазіргі таңда Түркістан облысы инвестиция салу үшін өте тиімді аймақ саналады. Өңір стратегиялық маңызды әрі, бизнесті жүргізіп, инвесторлардың құқықтарын қорғау мен инвестициялық ынталандыру үшін де өте қолайлы аймақ.

Түркістан: Азық-түлік сататын көтерме сауда орындары мен дүкендерге карантин режимі кезінде жұмыс істеуге рұқсат берілді

Түркістан облысында карантин режимі жеңілдеуіне байланысты, азық-түлік сататын көтерме сауда орындары мен дүкендер,  дезинфекциялық режимді сақтай отырып жұмыс істесе, дәріхана, қонақүйлер, нотариустар, адвокат кеңселері, күзет қызметі де қызметіне кіріспек.

Түркістан: Карантин режимі жеңілдеді

Түркістан облысында бүгіннен бастап барлық санитарлық нормалар мен санитарлық талаптарды сақтай отыра, химиялық тазалау, кір жуу, кілем тазарту нысандары, сән салондары, шаштараз нысандарына жұмыс істеуге мүмкіндік берілді.

Азаматтар қызмет көрсету орындарына алдын ала жазылу арқылы бес адамнан аспайтындай ретпен  барулары қажет. Бұл туралы облыс әкімінің орынбасары Сакен Қалқаманов онлайн-конференцияда мәлімдеді. 

Сондай-ақ, тұрмыстық жөндеу орталықтары (оның ішінде кеңсе техникасы, мобильді құрылғылар) жеткізу қызметін көрсететін болады.

Автожуу, дөңгелек ауыстыру, май ауыстыру орталықтары, токарлық, дәнекерлеу цехтары, жиһаз цехтары,     ателье, киім мен аяқ киімді жөндеу, кәсіпорындар, құрылыс базарлары мен дүкендері де өз жұмыстарын бастайды.

Екінші деңгейлі банктер, «Қазпочта» бөлімшелері мен көктемгі егін егу жұмысы үшін несие беретін микроқаржы ұйымдары, ломбардтар және айырбастау пункттері қызметіне кіріссе, асханалар мен тамақтану орындары 8.00-22.00 дейін тамақты онлайн тапсырыс арқылы даярлап, жеткізу қызметін атқарады.

«AQ-QARA.KZ»-ақпарат.

Түркістан қаласында "ҚазПошта" АҚ есігін уақытша ашып, қызмет көрсетеді

18 сәуір күні Бас мемлекеттік санитариялық дәрігер Қаулысына сәйкес, қалада ҚазПошта мекемесі уақытша тоқтап, қызметтерді қашықтықтан және онлайн түрде жалғастырған болатын. Зейнетақылар мен әлеуметтік көмектерді үйге дейін жеткізген қызметкерлерге 42500 теңгені тағайындалған 14 мыңнан аса тұрғынға жеткізіп беру оңай болмады. Осы мақсатта, Рашид Абатұлы "ҚазПошта" мекемесінің бірнеше күнге жұмыс істеуіне ұсыныс берген еді.

Түркістанда әлемдік талапқа сай бес жұлдызды бірнеше қонақ үй кешендері бой көтереді

Түркістан облысында сақтық шараларын сақтай отырып кей құрылыс нысандарындағы жұмыстарды тәулік бойы жүргізуге болады. Бұл туралы облыс әкімі Өмірзақ Шөкеев шаһар құрылысшыларымен кездесуінде атап өтті.

Өмірзақ Шөкеев құрылыс қарқынын күшейтуді тапсырды

Түркістан облысында сақтық шараларын сақтай отырып кей құрылыс нысандарындағы жұмыстарды тәулік бойы жүргізуге болады. Бұл туралы облыс әкімі Өмірзақ Шөкеев шаһар құрылысшыларымен кездесуінде атап өтті.

Түркістан: Карантин кезінде азық-түлік тұрғындардың үйіне дейін жеткізілуде

Түркістан облысында төтенше жағдай кезінде тұрғындарға азық-түлік тауарларын үйіне дейін жеткізіліп берілуде. Мұндай игі істі «Түркістан» ӘКК» АҚ азаматтарға қолдау көрсету мақсатында жүзеге асырып келеді.