Түркістан: Түлкібас ауданында суармалы егістік алқабы 1115 гектарға ұлғаяды

Биыл Түлкібас ауданындағы суармалы алқаптардың аумағы 1115 гектарға ұлғаямақ. Бұл жетістікке 2019 жылдың желтоқсан айында респубикалық бюджет есебінен 16 шақырымды құрайтын 5 су нысанының іске қосылуы сеп болғалы отыр,-деп хабарлайды Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі.




