«Shymkent city» қалашығындағы 16 қабатты тұрғын үйлер маусымда ел игілігіне беріле бастайды

Биыл тамыз айында «Shymkent City» қалашығында 1048 пәтерлі 16 кредиттік тұрғын үй мен 2 инженерлік инфрақұрылым нысаны пайдалануға берілмек. Сонымен қатар, ағымдағы жылы қалашықта 4,3 млрд теңгеге жалпы ұзындығы 13,8 шақырымды құрайтын 7 көшенің құрылысы аяқталмақ.

Шымкентте 153 мыңға жуық адам әлеуметтің төлемге қол жеткізген

Шымкент қаласы бойынша төтенше жағдай кезеңінде әлеуметтік төлемді алу үшін арнайы портал, сайттардан 382 669 адамнан өтініш түскен. Оның ішінде 202 857 адамға әлеуметтік төлем тағайындалған болса, 144 850-інің өтініштері тағайындалуға жатпайтындығы анықталып, кері қайтарылған.

Шымкент: 137 шетелдің студент университеттің жатақханасына орналастырылған

Жаһан жұртын әбігерге салған пандемия барлық салаға әсер етпей қоймады. Ал, М. Әуезов атындағы ОҚМУ-де 137 шетелдік шәкірт отанына орала алмай, қалып қойды. Олар университеттің №5 студенттер үйіне орналастырылды.

Шымкентте жол жөндеу жұмыстары тоқтамайды

Төтенше жағдай Шымкенттегі жол жөндеу жұмыстарына қолбайлау болмауы керек. Қайта көшедегі көлік қозғалысының аздығы мен жұрттың жаппай үйде отырған сәтін тиімді пайдаланған жөн. Қала аумағында тоқтаусыз жүріп жатқан жол құрылыс жұмыстарының барысымен танысқан қала әкімі Мұрат Әйтенов осылай - деді.

Шымкент: қашықтан оқыту форматы қалай іске асып жатыр?

6 сәуірден бастап Шымкенттегі 222 037 оқушы ІV тоқсанды қашықтықтан оқыту форматында бастағаны белгілі. Республикада білім беру ресурстары толықтырылған интернет платформаларына қала оқушылары 100% тіркеліпті. Оны республикалық рейтинг растап отыр. Жалпы бұған дейін практикада болмаған қашықтықтан оқыту жүйесінің іске асырылу барысы қандай?

Шымкент: ауыл шаруашылығы саласында жұмыс қыза түскен

Төтенше жағдайға қарамай Шымкенттегі ауылшаруашылығы саласында жұмыс қызып тұр. Қолда бар техникалардың 90 пайыздан астамы көктемгі дала жұмыстарына кіріскен. Сонымен қатар карантин кезінде қала базарларын ауылшаруашылығы өнімдерімен қамтамасыз ету басты жоспарда.

Шымкент қаласында карантин тәртібі күшейтілді

Бұған дейін жұмыс орнынан алған анықтамамен жүретін тұрғындар енді арнайы базаға тіркелмесе көшеге шыға алмайды. Жаңа жобаны түсіндіру үшін қала әкімінің орынбасары Мақсұт Исахов баспасөз брифингін ұйымдастырды.