Түркістанда баға тұрақтылығы бақылауда

Төтенше жағдай кезінде халықтың күнделікті тұтынатын тағамдарының бағасын қалыпты жағдайда ұстап тұру басты назарда. Осы орайда “Алтын бұлақ” көтерме сауда базары мен “Яссы” көкөніс базарындағы баға тұрақтылығы бойынша тексеріс жүргізілді.

Түркістан: Қайырымды жандар бір отбасының үйін жөндеп, азық-түлікпен қамтыды

 

«Біз біргеміз!» деп ұрандатқан топтың бірі – Түркістан облысы адами әлеуетті дамыту басқармасына қарасты «Тілінде ауыр кемістігі бар балаларға арналған облыстық арнайы мектеп-интернаттың» ұжымы. Бұл білім шаңырағы осы мектепте тәрбиеленіп жатқан бір отбасының үш баласына қайырымдылық көрсетіп, жомарттық танытты.

Түркістан жастары қарттарға қол ұшын берді

Жақсылық жасап, елдің батасын алудан шаршамайтын Түркістан облысы, Мақтаарал аудандық «Жастар ресурстық орталығы» КММ жанынан құрылған еріктілер клубының мүшелері мен ауданның белсенді жастары тағы бір ізгілікті іс жасады.

Түркістан: Жетісайлық жастар елге миллиондық көмек беруде

Елдің басына түскен нәубетті сезіне білген ауданның жомарт жүректі азаматтары мен кәсіпкерлері бір жағадан бас, бір жеңнен қол шығарып елге қолұшын созуда. Сондай ілкімді істердің бастамашысы бола білген Жетісай аудандық ішкі саясат бөлімінің «Жастар ресурстық орталығы» КММ қызметкерлері «Jas Otan» жастар қанатының мүшелері және ауданның ерікті жастарымен біргелікте көпшілікке үлгі боларлық өнеге көрсетуде.

Түркістанда әкімдік карантин кезінде онлайн тіркеудің жеңіл жүйесін енгізуде

Түркістан қаласы әкімдігі карантин уақытында қалада елдің келіп-кетіп, жүріп-тұруын онлайн тіркеудің қолайлы әрі жеңіл жүйесін енгізе бастады. Аталған шара «Астана мемлекеттік қызмет хабы» қолдауымен жүзеге асуда.

Түркістан: Мақтааралда кәсіпкер 5 мың медициналық бетпердені тегін таратты

Түркістан облысы Мақтаарал ауданында "Азала текстиль" фабрикасы мен "Мырзакент" мақта өңдеу зауытына иелік ететін "Мырзакент-Холдинг" жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің директоры Жамалов Бауыржан Салдарұлы 5 мың медициналық бетпердені тегін таратып, 14 отбасыға азық-түлік үлестірді.

Түркістан: Жетісайлық кәсіпкер облыс тұрғындарына 120 тонна қырыққабат тегін таратты

Жаны жомарт жандардың құт мекені саналатын диқаншылардың мекені – Жетісай ауданының кәсіпкерлері тағы да бір сауапты іс жасады. Еліміздегі төтенше жағдайға байланысты аудан тұрғындарына қолұшын созуды мақсат еткен жеке кәсіпкер Көбейбек Алиев биылғы егістігінің бірінші өнімін толығымен қайырымдылыққа арнап отыр.