Түркістан: Жетісай ауданында 200-ден астам көше жөндеуден өтеді

Түркістан облысы Жетісай ауданында 200-ден астам көше жөндеуден өтеді. Бұл мақсатқа 1 млрд 217 млн теңге қаржы қаралып отыр.

Түркістан облысы Жетісай ауданында 200-ден астам көше жөндеуден өтеді. Бұл мақсатқа 1 млрд 217 млн теңге қаржы қаралып отыр.

Түркістан облыстық қоғамдық денсаулық басқармасына жаңа басшы тағайындалды. Облыс әкімі Өмірзақ Шөкеевтің өкімімен бұл қызметті Марат Орынбасарұлы Пашимов атқаратын болды.
Шымкенттегі санитарлық бұғаттау бекеттерінен көкөніс тиеген көліктер кедергісіз өтіп жатыр. Тіпті әкімдік қызметкерлері шаруаларға өнімін қай базарға апарып сату тиімді екенін түсіндіруде.

Түркістан облысында 6 мың азамат волонтерлік жұмыстарға жұмылдырылды. Өңірде жастардың қолғабыс етуімен 92 мыңнан астам тұрғынға көмек көрсетіліп, 4300 азық-түлік себеті мен 73 мыңнан астам медициналық бетперде таратылған.
Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов азық-түлік пен көкөніс бағаларының тұрғындар үшін қолжетімді болуын тапсырған болатын. Осы ретте каладағы бірқатар жылыжай иелерімен келіссөздер жүргізіліп, базарларда өз өнімдерін делдалсыз, төмен бағада сатуы үшін арнайы орындар берілді. Бұл жөнінде Шымкент қаласы Кәсіпкерлік және индустриалды-инновациялық даму басқармасының баспасөз қызметі хабарлады.
Бұл туралы Шымкент қалалық денсаулық сақтау басқармасы хабарлады. Сала мамандарының айтуынша, қала аумағында 1174 азамат мониторингтік бақылауға алынған.

«Nur Otan» партиясының Түркістан облыстық филиалы әлеуметтік желіде тікелей эфир ұйымдастырып, билік өкілдері тұрғындардың сұрағына жауап берді.
Бүгін Ақпараттық коммуникациялар орталығында Шымкент қаласы Полиция департаментінің бастығы, полиция полковнигі Ералы Жұмаханбетовтың қатысуымен төтенше жағдай кезінде қаладағы қауіпсіздікті қамтамасыз ету бойынша онлайн-брифинг өтті.

Түркістан облысы Созақ ауданында түйе шаруашылығын дамыту ісі жанданып келеді. Түйе боталап, сүті сауылғаннан бергі аз ғана уақытта 30 тонна сүт Түркістан қаласындағы қайта өңдеу кәсіпорнына жеткізілген.

Түркістан облысында зейнетақы мен 42500 теңгелік әлеуметтік көмекті тұрғындардың үйлеріне жеткізіп беру жұмыстары жалғасуда. Ондағы мақсат - коронавирус індетінің алдын алып, кең етек жайып,таралып кетпеуіне тосқауыл қою.