Түркістандық әскери еріктілер оқыс оқиғаның алдын алды

Ефрейтор Журабеков Шахрух, Қатардағы жауынгер Жұманазаров Мақсат және Түркістан қалалық полиция басқармасының жергілікті полиция қызметкері, учаскелік полиция инспекторы, полиция лейтенанты Мархабай Әділбек Ержігітұлы Түркістан қаласы, "Отырар" мөлтекауданындағы үйлердің бірінен шыққан өрттен үш азаматты аман алып шыққан.

Түркістан облысы бойынша тіркелген 4 науқас бойынша ақпарат

24 сәуір күнгі ақпаратқа сәйкес, Түркістан облысында COVID-19 инфекциясын жұқтырған тағы 4 науқас тіркелді. Алматы облысы, Қапшағай қаласының 1974 ж. тұрғыны Қызылорда қаласында жұмыс істеген. Сарыағаш ауданындағы ата-анасына 15 сәуір күні келген.

Түркістан облысының дәрігерлері бір айлық нәрестенің өмірін аман алып қалды

Бір айлық нәресте шұғыл түрде ауыр халде Түркістан облыстық балалар ауруханасының жан сақтау бөліміне жатқызылған. Облыстық қоғамдық денсаулық басқармасының мәліметінше, дәрігерлер баладан жүректің туа біткен ақауы мен асқазан ішек жолдары және өңештегі тесік жарықтары барын санаулы уақыт ішінде зерттеп, анықтаған.

Түркістан қаласында Халықаралық әуежайдың құрылысы қарқынды жүруде

Түркістан қаласында халықаралық әуежай салу мақсатында облыс орталығынан 35 шақырым қашықтағы Кентау қаласына қарасты, Шаға елдімекенінің маңынан орын белгіленген болатын. «Turkistan International Airport» ЖШС инвесторы әуежайдың құрылысын жүргізуде. Мердігер мекеме – түркиялық «YDA Group» компаниясы.

Шымкент: Абай ауданында 100 мыңға жуық адам 42500 теңгеден көмек алды

Бүгін Ақпараттық-коммуникациялық орталығында Шымкент қаласы Абай ауданының әкімі Бұхарбай Пармановтың қатысуымен коронавирус пандемиясына қарсы ауданда атқарылып жатқан жұмыстар жөнінде онлайн-брифинг өтті. 

Шымкент: Қаулыға енгізілген өзгерістер түсіндірілді

Бүгін Ақпараттық-коммуникациялық орталығында қала әкімінің орынбасары Мақсұт Исаховтың қатысуымен Шымкент қаласының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2020 жылғы 2 сәуірдегі №9 қаулысына енгізілген өзгерістер жөнінде онлайн-брифинг өтті. 

Шымкент: Коммуналдық төлемге 12470 онлайн өтінім түсті

ҚР Президентінің төтенше жағдай мен карантин уақытында тұрғындардың коммуналдық қызметке төлейтін ақысының мөлшерін азайту бойынша жүйелі шаралар әзірлеу туралы тапсырмасы аясында құрылған «Сommunal-komek.kz» электронды порталына 12470 шымкенттік тұрғыннан өтініш түскен.