Шымкент: Мұқтаж жандар билікке разы

«Сіздің есебіңізге 50 000 теңге түсті. #BizBirgemiz #МыВместе #Елбасы #NurOtan». Дәл осындай хабарламаларды әлеуметтік жағынан әлсіз топтарына жататын қазақстандық отбасылар алып жатыр. Мұқтаж азаматтарға мұндай ақша «Birgemiz» қорынан аударылған. Ал 50 мың теңге қаржыға қол жеткізу үшін әкімдіктің есігін қағып, табалдырық тоздырудың қажеті жоқ. Жергілікті атқарушы билік органдары арнайы мониторинг жүргізіп, мұқтаж отбасылар тізімін жасаған. 

Түркістан: Жетісайлық жас кәсіпкерлер карантиндегі тұрғындарға көмек қолын созды

Дүние жүзінде дүрбелең салып, адамзаттың жүрегіне үрей ұялатқан covid19 пандемиясы Жетісайлық жұртшылықты да айналып өтпеді. Аты жаман індет тұрғындары тығыз орналасқан ел арасында «Садовая» аталып кеткен Жетісай қаласының мөлтек аудандарының бірінен анықталған болатын.

Шымкент: Кімдер қандай салықтық жеңілдіктерге ие болмақ?

Бүгінгі қалыптасқан жағдай кәсіпкерлер үшін оңайға соғып жатқан жоқ. Дегенмен мемлекет тарапынан салық төлеушілерге бірқатар жеңілдік қарастырылған. Мәселен, ірі сауда объектілері, сауда-ойын-сауық орталықтары, кинозалдар, театрлар, көрмелер мен дене шынықтыру-сауықтыру және спорт ғимараттары мүлік салығын төлеуден 2020 жылдың 31 желтоқсанына дейін босатылды. 

Шымкенттің жастары кәсіпкерлерге эстафета жолдады

Шымкенттің ерікті жастары жарияланған төтенше жағдай кезінде көптеген игі шараларға мұрындық болуда. Шымкент қалалық отбасы, балалар және жастар істері жөніндегі басқармасына қарасты «Жастар ресурстық орталығының»ұйымдастыруымен блок-бекеттің біріне ыстық тағамдар жеткізілді. Осылайша жас волонтерлар жергілікті кәсіпкерлергеэстафета жолдады.

Шымкент: тауарларды тасымалдауда қиындық жоқ

Шымкент қаласындағы ірі қоймаларды аралап шыққан қала әкімі М. Әйтенов осылай деді. Бағаны тұрақтандыру үшін 2020 жылы қордан 1,9 миллиард теңге қарастырылған. Мұрат Дүйсенбекұлы қажет болған жағдайда тағы 800 миллион теңге бөлуге болатынын жеткізді.

Шымкент: Қаратау ауданында 6 мың бетперде тегін таратылған

Төтенше жағдай кезінде тәртіпке бағынбаған кәсіпкерлер қамауға алынады. Әсіресе қоғамдық тамақтану орындары белгіленген жұмыс кестесінен ауытқыса заң қатаң. Бұл туралы Шымкент қаласы Қаратау ауданы әкімі баспасөз брифингінде баяндады.

Шымкент: үйде отырғандар тұрмыстық өрттің алдын алуы керек

Короновирус пандемиясының таралуын жол бермеу мақсатында республика аумағында төтенше жағдай жарияланды. Санитарлық талаптарды орындау мақсатында тұрғындардын үйде болуы мен аса қажеттілік болмаса көшеге шықпауы міндеттеліп отыр.

Шымкент: Төтенше жағдай кезінде коммуналды қызмет тарифтері төмендейді

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 23 наурызда төтенше жағдай кезінде коммуналды қызмет түрлерінің тарифін төмендетуді тапсырған болатын. Осыған орай, 2020 жылдың 1 сәуірінен бастап Шымкент қаласында коммуналды қызметтердің тарифтері төмендетілген. Бұл туралы Шымкент қалалық табиғи монополияларды реттеу департаментінің өкілдері мәлімдеді. 

Шымкент: 135 мыңнан астам адам 42 500 теңге көлемінде әлеуметтік жәрдемақы алды

Шымкент қаласы әкімдігінің мәліметіне сенсек, төтенше жағдай режимiне байланысты, 125 588 қала тұрғынына 42 500 теңге көлемінде әлеуметтік жәрдемақы электрондық өтініштер (электрондық үкімет пен Еңбек және халықты қорғау министрлігінің сайттары, сондай-ақ Telegram арқылы рәсімдеу) арқылы, ал 10 185 азаматқа белсенді өтініштер (SMS) арқылы тағайындалды.