Түркістан: Сарыағаштық шаруалар көршілес елдерге 500 тонна азық-түлік экспорттады

Сарыағаш ауданының дихандары көршілес елдерге 500 тоннаға жуық ауылшаруашылық өнімдерін экспорттап үлгерген. Бүгінге дейін ауданның тауар өндірушілері Ресейге 60 тонна азық-түлік өнімдерін экспорттады. Атап айтқанда, Жартытөбе ауылдық округінің шаруалары 22 тонна қырыққабат, 18 тонна көкөніс және 20 тонна қияр мен қызанақ өнімдерін жөнелтті.

Түркістан облысы бойынша 2000-ға жуық медицина қызметкеріне үстемақы төленді

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың коронавируспен күресіп жатқан медицина қызметкерлеріне көмек көрсету туралы тапсырмасына сәйкес, Түркістан облысында 1994 дәрігер үстемақы алды. COVID-19 инфекциясымен күресте аянбай еңбек етіп жүрген мамандар жұмыс қауіптілігіне қарай 3 топқа бөлінген.

Шымкенттік оқушылар интернет платформада білім алу бойынша республикада 1-орында

Шымкент қаласында жалпы 172 мектептің оқушылары ІV тоқсанды қашықтан оқыту форматында бастады. Бүгінде қаладағы мектептерде білім алатын 222 мыңнан астам оқушы толығымен қашықтан білім беру жүйесімен қамтылған. 

Шымкентте «Жырым сенсің, туған жер!» онлайн өнер байқауы жалғасып жатыр

Байқаудың мақсаты - дарынды жастардың өнерін дәріптеу, жас таланттарды өнерге баулу, олардың шығармашылығын насихаттау, жергілікті талантты жастарға қолдау көрсету, балалар мен жасөспірімдердің бос уақытын тиімді пайдалану. 

Түркістан: Мақтааралдық студенттер ерекше челлендж ұйымдастырды

Мақтаарал аграрлық колледжінің әйел ұстаздары мен оқушы қыздары ”Қыз баланы тәрбиелей отырып, ұлтты тәрбиелейміз” қағидасымен қазақ қоғамында ғасырлар бойы қалыптасқан отбасылық дәстүрлер мен құндылықтарға негізделген отбасы мәртебесін нығайту, жас қыздардың үй шаруасына икемділікке, ісмерлік, жүріс – тұрыс сыпайылығы мен ширақтыққа, жинақылық пен тазалыққа, ашық қабақтылыққа тәрбиелеу мақсатында челлендж ұйымдастырды.

Сайрам: Аудан тұрғындарын ақпараттандыру дауыс күшейткіш арқылы жүргізіліп жатыр

Коронавирус індеті пандемияға ұласуына байланысты жарияланған төтенше жағдай кезеңінде қабылданған шешімдер мен шектеулер туралы халықты ақпараттандыру мақсатында Сайрам ауданында дауыс күшейткіштер кеңінен пайдалануда.

Шымкент: «Тәуелсіздікке 20 жыл» елді мекені блок бекеттен босатылады

14 күн бойы қоршауда болған «Тәуелсіздікке 20 жыл» елді мекені блок бекеттен босатылады. Бұл туралы қала әкімінің 1-орынбасары Ербол Садыр мәлімдеді. Жалпы, коронавирус инфекциясын жұқтырған азаматтар саны Шымкентте 38-ге жетті. Ал қала билігі дертпен күрес жұмыстарын қатаң бақылауда ұстап отыр. 

Түркістан: Сайрамда індеттің алдын алу шаралары күшейтілді

Түркістан облысы Сайрам ауданындағы 11 ауыл округінде 42 елдімекен бар. Бүгінгі таңда аудан аумағынан 2 адам Covid-2019 індетін жұқтыраны анықталды.Осыған байланысты карантинге жабылған Ханқорған ауылында тауарлардың бағаларын шектен тыс көтермеу және төтенше жағдайдың алдын алу мақсатында әлеуметтік дүкен ұйымдастырылды.