Шымкент: «Тәуелсіздікке 20 жыл» тұрғын алабында бақылау бекеті қойылды

Коронавирустық инфекцияның таралуына жол бермеу мақсатында Шымкент қаласындағы Абай ауданында «Тәуелсіздікке 20 жыл» тұрғын алабында сақтық шаралары күшейтілді. Онда арнайы бақылау бекеті орнатылып, профилактикалық шаралар қатаңдатылған. Жағдай толық бақылауда. 

Шымкент: М.Әйтенов базар бағасын ескертусіз тексерді

Азық-түліктің бағасы не себепті бірден қымбаттап кетті? Тауардың жетіспеушілігі ме, әлде елді дүрліктірген індет кезіндегі саудагерлердің бәрінен бұрын қалта қамын ойлағаны ма? Бүгін Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов бірқатар басқарма басшыларымен және «NurOtan» партиясының мүшелерімен бірге «Жібек жолы» көтерме базарына барып, азық-түліктің бағасын тексерді. 

Шымкентте әлеуметтік аз қамтылған отбасыларға бетперде тегін таратылады

Шымкент қаласында әлеуметтік жағдайы төмен отбасыларға медициналық бетперделер тегін таратылмақ. Бұл туралы қала әкімінің бірінші орынбасары Ербол Садыр ақпараттық-коммуникациялық орталығында өткен баспасөз мәслихатында мәлім етті. 

Түркістан облысының кәсіпкерлері коронавирусқа қарсы күреске қаржы аударуда

Жуырда Елбасы бастамасымен «Nur Otan» партиясы «Біз біргеміз!» акциясын бастағаны белгілі. Осыған орай еліміздің ірі кәсіпкерлері арнайы қорға қомақты қаражат аударып үлгерді. Бұл игі бастамаға Түркістан облысының кәсіпкерлері мен облыстық мәслихат депутаттары да айрықша үлес қосуда.

Түркістандық ақсақалдар алқасы игі бастама көтерді

    

Елімізде жарияланған төтенше жағдай кезінде өңірдегі жағдайы төмен отбасыларды қолдау мақсатында Түркістан облыстық ақсақалдар алқасы бастама көтеріп, арнайы әлеуметтік дүкенге демеушілер тарапынан азық-түлік пен киім-кешек жинауды қолға алды.

Түркістан облысында әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарлары жеткілікті

 

Түркістанда әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарлары бағасы тұрақты. Дегенмен соңғы күндері қарақұмық, картоп пен жұмыртқа бағасының өсімі байқалады. Мәселен, қарақұмыққа шектік рұқсат етілген баға 302 теңге болса, Кентау қаласы мен Қазығұрт, Отырар, Мақтаарал, Жетісай аудандарында 350 теңгеден сатылып жатыр.

Түркістандық жастар онлайн режимде тегін тіл үйренуде

   

 Елімізде төтенше жағдайдың жариялануына байланысты Түркістан облыстық «Жастар ресурстық орталығы» көпшіліктің бас қосуымен өтетін іс-шараларды кейінге шегерді. Көрсетілетін қызметтерді қашықтықтан жүзеге асыру бойынша жұмыс жоспарын қабылдап, қарқынды атқаруда.