Шымкент қаласының әкімі мәлімдеме жасады

«Өздеріңізге белгілі, бүгінде елімізде қауіпті коронавирус инфекциясын жұқтырғандардың саны 120-ға жетті. Өкінішке қарай, Нұр-Сұлтан қаласында бір науқас қайтыс болды. Жақын туыстарына көңіл айтамыз» деген шаһар басшысы Мұрат Әйтенов Шымкент қаласының тұрғындарына арнап мәлімдеме жасады. 

Шымкент: Карантинді аймақтағы ахуал

Коронавирусқа қарсы Мемлекеттік комиссия шешім қабылдады, жергілікті билік шектеу шараларын күшейтті. Бұл ауқымы кең, күрмеуі қиын мәселе Шымкент қаласында айналып өтпеді. 14 күнге жабылған Абай ауданына қарасты «Тәуелсіздікке 20 жыл» тұрғын алабындағы қазіргі ахуал қандай? 

Шымкентте электр жарығы, су, газ, жылу беру тоқтатылмайды

Коронавирусқа байланысты елімізде жарияланған төтенше жағдай кезінде тұрғындарға электр жарығы, су, газ, жылу беру тоқтатылмайды. Төтенше жағдай мерзімі аралығында коммуналдық төлемдер бойынша қарызы бар азаматтар газ, жылу жүйесінен ажыратылмайды, электр жарығы сөндірілмейді. Ауызсумен қамту да толық жүргізіледі. Табиғи монополияларды реттеу комитетінің Шымкент қаласы бойынша департаменті пайда болған берешектері үшін тұтынушыларға коммуналдық қызметтерді тоқтатпау жөнінде табиғи монополия субъектілеріне ұсыныс хатпен шыққанын хабарлады. 

Шымкенттіктерді ауызсумен қамтуда мәселе туындамайды

Елімізде жарияланған төтенше жағдайға байланысты Шымкент қаласындағы стратегиялық маңызды нысандардың бірі «Су ресурстары-Маркетинг» ЖШС тарапынан сақтық шаралары қатаң сақталуда. Мекеме қызметкерлері жұмысқа келгенде арнайы құрылғымен тексеріледі және оларға медициналық бетперде кию міндеттелген. 

Шымкент: Газ беру тоқтатылмайды

Шымкентте тұтынған табиғи газ үшін түбіртекте көрсетілген сомамен келіспейтін тұрғындар баршылық. Төтенше жағдайда үйлерінде отыра алмаған тұтынушылар «Төлемдерді айма-ай өтемесек, өсімпұл мен айыппұл қосылады» деген ой мазалап, олар газ шаруашылығы мекемесіне ат басын тіреген-ді. 

Шымкент: Карантин талаптарын орындау қажет

Әлемді жайлаған індет қауіптілігін жоймай тұр. Осы мақсатта Шымкент қаласында сақтық шаралары күшейтілді. Коронавирустың алдын алу жұмыстарына қала бюджетінен 230 млн. теңге жұмсалып отыр. Бұл сома артуы мүмкін. 

Түркістан: "Жасотандықтар" блокбекеттердегі азаматтарға қолдау көрсетті

27 наурызда сағат түнгі 00:00-де "Jas Otan" жастар қанатының Түркістан облыстық филиалының жалынды жастары қайырымды іс жасады. Олар коронавируске қарсы күресу, алдын алу бағытында құрылған блокпостардың Түркістандағы бөлігіне барып, ыстық тамақ пен шәй таратты.

Р. Аюпов: Базар жұмысының санитарлық талаптарға сәйкестігі қатаң қадағаланады

 

Бір апта бұрын, қала әкімі Рашид Аюпов өз парақшасында бейнеролик арқылы 23 наурыздан бастап азық-түлік қатарлары, дәріханалар және қоғамдық тамақтану орындарынан басқа барлық ірі сауда орындары жабылады деген ақпарат бөлісті.