Түркістан, #Үйдеқал!
Түркістандықтар жерлестерін үйде қалуға шақыратын үндеу жолдауда. Бүгінде әлемді жалмаған пандемия көршілес қалаларға да еніп, рухани шаһардағы сақтық шарасы да күшейтілген.
Түркістандықтар жерлестерін үйде қалуға шақыратын үндеу жолдауда. Бүгінде әлемді жалмаған пандемия көршілес қалаларға да еніп, рухани шаһардағы сақтық шарасы да күшейтілген.
Түркістан облысының блокбекеттерінде 17 мыңнан астам көлік пен 44 мыңға жуық жолаушы тексерілді.

Түркістан облысында коронавирустық инфекциясының таралуын алдын алу мақсатында тиісті шаралар қолға алынған. Аталған індетпен ауырған науқастарды жатқызу үшін инфекциялық стационарларда 100 төсек-орын дайындалған.

Түркістан облысындағы шалғай аудандарда қауіпті дерттің алдын алу шаралары жүргізілуде. Өңірдің Түлкібас пен Жетісай аудандарында жекелеген кәсіпкерлер осы шараларға атсалысып, қоғамдық орындарда бетперде тегін таратылды.

Түркістан облысының Түлкібас ауданында жеке кәсіпкер арнайы бекеттерде тұрған қызметкерлердің ыстық тамақпен қамтылуына жағдай жасады.

Бүгінде әлем жұртшылығын алаңдатып отырған коронавирус дерті, өкінішке қарай, Қазақстанға да жетті. Осы қысылтаяң шақта еліміздің патриот азаматтары жомарттық танытып, халыққа көмектерін тигізуде.

Түркістан облысында COVID-19 вирусына қарсы және індеттің алдын-алу мақсатында дезинфекциялау жұмыстарын жүргізу бойынша оқыту сабақтары жүргізілуде.
Ақтөбе қаласында гір тасын ұзын циклді көтеруден жеткіншектер, жасөспірімдер, жастар, ересектер арасында ел чемпионаты мәреге жетті. Түркістан облысының білектілері үздік нәтиже көрсетті.

Түркістан облысында тұрғындарды табиғи газбен қамту бойынша атқарылып жатқан жұмыстар жайы ерекше назарға алынған. Көзделген мақсат - АГТС-ті іске қосып, 78 елдімекенге көгілдір отын жеткізу.
Облыс әкімі Өмірзақ Шөкеев апталық лездеме отырысында еліміздегі төтенше жағдай режимінің сақталуын қамтамасыз етуде үздіксіз қызмет ететін ішкі істер органдары қызметкерлерінің жұмысына оң баға берді.