Түркістан облысы: Бәйдібекте тәртібі қиын оқушыларды абақтыға апарып, экскурсия жасатты
Түркістан облысында оқушылар уақытша ұстау абақтысында болып қайтты. Бәйдібек АПБ бастығының Кадр саясаты жөніндегі орынбасары Ж.Мамыров Бәйдібек аудандық білім бөлімімен 2019-2020 оқу жылына арналған бірлескен жұмыс жоспарына сай білім беру мекемелеріндегі тәртібі қиын оқушылармен кездесті.