Түркістан облысында республикалық турнир аяқталды

Қазақ күресінен Төле би баба құрметіне арналған жасөспірімдер арасында республикалық турнир аяқталды. Ұлттық спортымыз ұлықталған жарысқа еліміз бойынша жүзге жуық балуан қатысып, бақ сынасты. Айта кетейік, бұл турнир осымен үшінші рет ұйымдастырылып отыр. 

Түркістан облысы: Бокстан қыздар арасында халықаралық турнирдің ашылу салтанаты өтті

Шардара ауданының құрылғанына 55 жыл толуына арналған бокстан 2004-2005 жылы туған және 2006-2007 жылы туған жасөспірім қыздар арасында “ШАРДАРА КУБОГЫ-2019” халықаралық турнирінің ашылу салтанаты өтті. Ашылу салтанаты барысында сөз алған Шомпиев Бауыржан Қуанышбайұлы өңірден шыққан Әлем чемпиондарының саны 56-ға жеткенін мақтанышпен жеткізіп, бүгінгі күні сайысқа түскелі тұрған боксшы қыздарға сәттілік тілеп, жарысты ашық деп жариялады. 

Түркістан облысы: Экс-депутат мақтааралдық жастармен кездесті

Қазақстан Парламенті Мәжілісінің экс-депутаты Оразкүл Асанғазиева мақтааралдық жастармен жүздесті. Атакент кентінде орналасқан Мақтаарал аграрлық колледжінде өткен келелі кездесуге Мақтаарал ауданының әкімі Бақыт Асанов, колледждің ұстаздары мен студенттері қатысты. 

Түркістан облысы: "Turkistan media talks: БАҚ және трансформация" семинар-тимбилдинг өтті

Түркістан облыстық қоғамдық даму басқармасының ұйымдастыруымен "Turkistan media talks: БАҚ және трансформация" тақырыбында семинар-тимбилдинг өтті. Шара өңір журналистерінің біліктілігін көтеріп, мемлекеттік мекеме қызметкерлерінің халықпен және БАҚ өкілдерімен кері байланысын нығайтуды мақсат етті. Табиғат аясында өткен тимбилдингке облыстың аудан, қалаларының ішкі саясат бөлімі басшылары, жастар ресурстық орталығының директорлары, үкіметтік емес ұйым мүшелері, белсенді жастар және БАҚ өкілдері қатысты. 

Түркістан облысында білікті мамандар тегін заң көмегін көрсетті

Түркістан өңірінің барлық аумағында “Халық заңгері” науқаны өтті. Тұрғындарға тегін заң көмегі көрсетілген шара Қазақстанның барлық қаласында бір уақытта, бір күнде өткізілді. ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі, Параграф ақпараттық жүйесі және zakon.kz интернет-басылымы мұрындық болған шараны Қазақстанның үздік заңгерлері мен адвокаттары қолдады. Мұндағы басты мақсат – құқықтық мәселелер бойынша тегін заң көмегін көрсету. 

Түркістан облысында көпірлер күрделі жөндеуден өткізіліп жатыр

Түркістан облысы аумағындағы облыстық маңызы бар автомобиль жолдарының бойында 412 көпір орналасқан. Қазіргі таңда көпірлердің техникалық жағдайына қарай жөндеуді қажет ететін көпірлерге сметалық құжаттамалар әзірленіп, жөндеу жұмыстары жүргізілуде.

Түркістан облысы: Келесте «Атаң берген ақ бата» атты баталы қариялар байқауы өтті

Келес ауданының Мәдениет үйінде Тұңғыш Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жанғыру» бағдарламалық мақаласының аясында «Атаң берген ақ бата» атты баталы қариялар байқауы өтті. Байқауды өткізудегі мақсатымыз ел арасынан батагөй, аузы дуалы қарияларды іздестіріп жарыққа шығару. Өскелең ұрпаққа батаның тәрбиелік мәнін насихаттау, әдет-ғұрпымызды дамытуға, ұмытыла бастаған бата беру дәстүрін жаңғырту.