Отырарда «Ғасырлар куәсі – музейдің ғажайып әлемі» тақырыбында «музей түні» іс-шарасы өтті

Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігіне қарасты Отырар мемлекеттік археологиялық қорық – музейінде «Музейлер шеруі» атты жалпыреспубликалық акция аясында «Ғасырлар куәсі – музейдің ғажайып әлемі» тақырыбында «музей түні» іс-шарасы өтті.

«Ғасырлар куәсі – музейдің ғажайып әлемі» тақырыбында «музей түні» іс-шарасы өтті

Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігіне қарасты Отырар мемлекеттік археологиялық қорық – музейінде «Музейлер шеруі» атты жалпыреспубликалық акция аясында «Ғасырлар куәсі – музейдің ғажайып әлемі» тақырыбында «музей түні» іс-шарасы өтті.

Түркістан облысында 1,3 миллионнан астам көшет отырғызылуда

ҚР Президентінің тапсырмасына сәйкес, биылғы жылдан бастап Түркістан қаласын жасыл қалаға және ауа-райын қолайлы климатқа айналдыру мақсатында Түркістан қаласының айналасында «Жасыл белдеу» қалыптастыру жұмыстары жүруде.

Түркістан: «Әзірет Сұлтан» қорық-музейінде «Сыйға берілген жәдігерлер» атты көрме ашылды

Шараға «Қожа Ахмет Ясауи мұрасы және Түркістан» халықаралық ғылыми - практикалық конференциясына келген қоғам қайраткерлері мен отандық және шетелдік белгілі ғалымдар, музей саласының мамандары қатысты. «Әзірет Сұлтан» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-музейінің директоры Ахметжанов Нұрболат Қадырұлы музей қорын толықтыру бағытында атқарылып жатқан жұмыстар мен көрменің мақсатына тоқталып, арнайы келген қонақтарға алғысын білдірді.

Түркістан қаласының маңында «Жасыл белдеу» қалыптасуда

Түркістан қаласын жел эрозиясынан сақтау, көгалдандыру мақсатында Түркістан қаласының айналасында «Жасыл белдеу» қалыптасып келеді. Жоспар бойынша «Жасыл белдеу» аймағында 2019-2021 жылдар аралығында көшеттер отырғызылып, орман алқабын көбейту арқылы жасыл аймақ қалыптастыру жоспарланған.

Түркістан облысы: «Достық керуені» Мақтааралға келді

Түркістан облысы, Мақтаарал ауданында ұлтаралық татулық пен ынтымақты сақтауға арналған жиын болып өтті. Қазақстан халқы Ассамблеясы мен облыс әкімі аппаратының «Қоғамдық келісім» мекемесінің ұйымдастыруымен өңірдегі ішкі саяси тұрақтылық пен этносаралық татулықты насихаттауға бағытталған «Достық керуені» тақырыбында жиын болып өтті.

Түркістан көгілдір отынымен толық қамтылады

Түркістан қаласында жылыту маусымына дайындық жұмыстары күшейтіледі. Бұл туралы Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеев апталық аппаратық мәжілісте қадап айтты. Қазір шаһардың тең жартысынан астам аумағында газ құбырлары жүргізіліп қойған.

Түркістан облысы: жетісайлық шаруа 100 адамды жұмыспен қамтып отыр

Жетісайлық шаруа әр науқан сайын 100 адамды жұмыспен қамтамасыз етеді. Жетісай ауданы Мақталы ауылдық округіне қарасты "Жайлаукөл" елді мекенінің тұрғыны "С Тастан Ата" шаруа қожалығының төрағасы Мұсаев Сафиддин Тастанұлы науқан сайын 100 адамды жұмыспен қамтамасыз етіп отыр.

Түркістанда Парламент комитетінің көшпелі отырысы өтті

Облыс әкімдігінің мәжіліс залында Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының Экономикалық саясат, инновациялық даму және кәсіпкерлік комитетінің көшпелі отырысы өтті. Онда елдің аумақтық-кеңістікті дамуының болжамды схемасын әзірлеу мен іске асыру, сондай-ақ индустрияландыру және жаңа технологияларды енгізу аясында ядролық өнеркәсіп саласындағы заманауи технологияларды дамыту мәселелері талқыланды.