В Туркестане прошел первый Туркестанский антикоррупционный форум

«Как известно, 9 декабря во всем мире отмечается как Международный день борьбы с коррупцией. В преддверии этой знаменательной даты по инициативе Департамента Агентства РК по противодействию коррупции по Туркестанской области совместно с акиматом Туркестанской области и Международным казахско-турецким университетом имени Х.А.Ясави состоялся первый Международный Туркестанский антикоррупционный форум на тему: «Лучший международный опыт борьбы с коррупцией», передает ИА «AQ-QARA.KZ» со ссылкой на пресс-службу акима Туркестанской области. 

Түркістанда алғаш рет сыбайлас жемқорлыққа қарсы халықаралық форум өтті

9 желтоқсан «Халықаралық сыбайлас жемқорлықпен күрес күні» деп белгіленген болатын. Осы айтулы күн қарсаңында ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Түркістан облысы бойынша департаментінің бастамасымен Түркістан облысы әкімдігі және Қ.А.Ясауи атындағы ХҚТУ бірлесіп ұйымдастыруымен «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы үздік халықаралық тәжірибелер» тақырыбында Түркістанда алғаш рет «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы халықаралық Түркістан форумы» өтті. 

Түркістан облысы: ​Түлкібастық батагөй қариялар бата беруден өзара мықтыны анықтады

Түлкібас аудандық мәдениет үйінде «Батаменен ел көгерер» атты тақырыпта батагөй қариялар арасында бата беруден аудандық байқаудың ақтық сайысы өтті. Жеңімпаз қария «Ең батагөй қария» атанатын болады. 

Түркістан облысы: «Тамыры терең, тарихы ерен Шардара» облыстық конференциясы ұйымдастырылды

Түркістан облысы Шардара ауданының 55 жылдық мерейтойына арналған "ТАМЫРЫ ТЕРЕҢ, ТАРИХЫ ЕРЕН ШАРДАРА" тақырыбындағы облыстық ғылыми-тәжірибелік конференция өтіп жатыр. Конференцияны Қазақстан Жазушылар одағы Түркістан облыстық филиалы төрағасы, белгілі ақын Әлібек Шегебай жүргізуде. 

Түркістан облысы: Бәйдібек ауданында волейболдан турнир өтті

Бәйдібектіктер жасындай жарқылдап, дүниеден жастай өткен спортшыларды еске алды. Жастар жылы аясында спорт саңлақтарының құрметіне арнап волейболдан турнир ұйымдастырды. Бақтияр Жақсылық, Мұхит Сатманов және Есенғали Ибраймов көзі тірі болғанда әлі талай көк туды желбіретер еді. 

Түркістандағы экологиялық жағдай талқыланды

Түркістандағы көпқабатты үйлерде сығымдалған газ баллондарын пайдалануды тоқтату керек. Сонымен қатар қаладағы моншалар мен өзгеде кәсіпкерлік нысандардың резеңке жағуына тыйым салынған жөн. Ол үшін қалалық полиция және төтенше жағдайлардың алдын алу басқармасының мамандары жоғары деңгейде жұмыс жүргізуі тиіс. Сонда ғана шаһар көк түтіннен құтылып,экологиялық жағдай реттеледі. Қала әкімінің төрағалығымен өткен кезекті жиында осы мәселе айтылды. 

Түркістан облысы: Түлкібастың барлық білім беру ұйымдарында «Адалдық сағаты» өтті

Түлкібас ауданының барлық білім беру ұйымдарында Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Түркістан облысы бойынша Департаментінің бастамасымен бірыңғай жалпы республикалық «Адалдық сағаты» өтті. «Парасаттылық» тақырыбында өткен біріңғай сағатында адалдық, әділдік, әдептілік, жауапкершілік, ар-намыс сияқты көптеген адами қасиеттер түсіндірілді.

Түркістан облысы: Мақтааралдың мақташылары қыста да еңбек етеді

Бүгінгі таңда мақта стратегиялық дақылға жатпаса да оны өндіру ісі әлі де қарқын алып тұр. Әрине, шаруа үшін бұл дақылды өсіру оңай емес. Әйтсе де осы өнімнің арқасында мақталы аймақтың талай жұрты нәпақасын айырып, жыл он екі ай жұмыс атқаруда. Олай деуге себеп - мақташылар тек жаз маусысында ғана емес, қыс айларында да еңбек етеді.

Түркістан облысы: Түлкібаста демалыс орындары көптеп салынып жатыр

90 жылдан аса тарихы бар қасиетті өлке Түлкібаста әлеуметтік мәселелер біртіндеп шешімін тауып келеді. Торқалы той қарсаңында аудан орталығында ерекше стелла мен рәміздер аллеясы бой көтеріп, аумағы толығымен абаттандырылды. 111 мыңнан аса халқы бар өңірде осындай ілікімді істер көп.

Кентауда жаңа мектеп пайдалануға берілді

Кентау қаласына қарасты «Ақын-тұма» елдімекенінде 300 орындық өзбек тілді жаңа білім ұясы еңсе тіктеді. Кентаудағы «Қарнақ» ауылына қарасты елдімекенде бұған дейін бір қабатты бастауыш мектебі ғана болатын. Сондықтан жоғары сынып оқушылары өзге ауылға сабылатын. Енді жаңа ғимаратта білім алады.