Түркістан облысы: Мақтаарал аруы анықталды
«Күз аруы-2019» байқауы аудан жастарының жігерін шыңдады. Шараның басты мақсаты – бұрымдылардың білім-білігін шыңдап, ұлттық салт-санаға баулу.
«Күз аруы-2019» байқауы аудан жастарының жігерін шыңдады. Шараның басты мақсаты – бұрымдылардың білім-білігін шыңдап, ұлттық салт-санаға баулу.
Мақтаарал ауданындағы кенттер мен ауылдық округтің әкімдері, сондай-ақ халық қалаулылары тұрғындар алдында 9 айда атқарған жұмыстарының есептерін беруде. Келелі басқосу Атакент кенті мен Жамбыл ауылдық округінде жалғасын тапты.
Мақтааралда балаларды мектепке дейінгі тәрбиемен қамтамасыз етуге бағытталған «Балапан» бағдарламасы сәтті жүргізілуде. Бүгінде ауданда мемлекеттік-жекеменшік серіктестік санатында 200-ден астам балабақша жұмыс істейді. Соның бірі Атакент кентіндегі №10 Әсел бөбекжай балабақшасы. Жоба аясында ашылған мекемеде қазіргі таңда 170 бала тәрбиеленуде.
Елбасы, төрағасы Н.Назарбаевтың 2019 жылғы 21 тамыздағы «Nur Otan» партиясының Саяси кеңесінің кеңейтілген отырысында айтылған «Сенім, Диалог, Болашаққа нық қадам» атты партияның 7 серпінді бағдарламасына сәйкес, еліміз бойынша қолға алынған пилоттық жобаны өткізуге Түркістан облысынан Түлкібас ауданы таңдалып алынған болатын.
Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің бастамасымен өңірлерде «Ашық бюджеттің интерактивті картасы» Жобасы іске қосылды. Бұл жоба Түркістан облысында да іске қосылғанын айта кетейік.
2019 жылдың 20 мамырында ҚР Президенті Қ.К.Тоқаевтың төрағалығымен сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері жөнінде өткізілген кеңесте жемқорлықтың ұлттық қауіпсіздік пен мемлекеттің болашағына нұқсан келтіретіндігін айтып, түбегейлі жою қажеттігін айтқан болатын.
Түлкібас ауданында бүкіл қазақ еліне үлгі боларлықтай игілікті іс орын алды. Есімі елімізге танымал ғалым, Ұлы ақын Абай Құнанбаевты, жазушы, даңқты қолбасшы Бауыржан Момышұлын бай мұрасын терең зерттеген Мекемтас Мырзахметұлына торқалы тоқсан жастан асқан уақытында туған жері Майтөбе ауылынан демеушілер есебінен шығармашылық үй жерлестерінің атынан тарту етілді.
ҚР Тұңғыш Президенті-Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар:рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласы аясындағы «Рухани Керуен» жер жәннаты – Жетісу жерінен киелі Түркістан облысының шығыс қақпасында орын тепкен Түлкібас ауданына келіп жетті.
Түркістан облысы Түлкібас ауданы «Nur Otan» партиясы филиалында «Партия кадрлық резервіне іріктеу» тақырыбында брифинг өтті. Брифингте аудандық партия филиал төрағасының бірінші орынбасары Асланбек Нұранов партияның кадрлық резервіне іріктеуге қатысуға өтініштер беру және партияның ядролық электоратын қалыптастыру ережелерімен таныстырды.
Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев «Сындарлы қоғамдық диалог – Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі» атты халыққа Жолдауында міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру (бұдан әрі – МӘМС) жүйесі 2020 жылы жүзеге асыру мәселесіне зор жауапкершілікпен қарап, ақпараттық түсіндіру жұмыстарын жандандыруды тапсырған болатын.