Шымкент: Әл-Фараби ауданында көшелерді жарықтандыру мен жол инфрақұрылымын жақсарту қарқынды жүзеге асуда
Әл-Фараби ауданында 390 көше бар, оның ішінде 124 көше (31,8%) жарықтандырылған. Ағымдағы жылы бюджеттен 118 көшені жарықтандыру жоспарланып, жыл соңына дейін бұл көрсеткіш 62%-ға жеткізу көзделуде. Бұл туралы бүгін брифингте Әл-Фараби ауданының әкімі Мыңбаев Рашид Мамытұлы баяндады.